ҚҰҚЫҚ негіздері


Қылмыстық заңның мезгілдегі күші



Pdf көрінісі
бет220/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Қылмыстық заңның мезгілдегі күші 

Қылмыстық кодекстің 4–бабына сəйкес іс  - əрекеттің қылмыстылығы жəне 

жазаланушылығы  сол  іс-əрекет  жасалған  уақытта  қолданылып  жүрген  заңмен 

белгіленеді.  Қоғамға  қауіпті  əрекет  асырылған  уақыт,  зардаптың  басталған 

уақытына  қарамастан,  қылмыс  істелген  уақыт  деп  саналады.  Яғни,  зардаптың 

қашан  болғанына  байланыссыз  істелген  іс - əрекеттің    уақыты  болып  іс - 

əрекеттер  жүзеге  асырылған  жыл,  ай,  күндер  жəне  сағаттар  есепке  алынады. 

Қазақстан  Республикасында  заңдардың  жариялану  жəне  күшіне  ену  тəртібі 

туралы  заңға  сəйкес  қабылданған  заңдар  «Егемен  қазақстан», «Казахстанская 

правда»  газеттерінде  жарияланғаннан  кейін  он  күннен  кейін  (егер  заңда  оның 

күшіне  енуінің  басқа  мерзімі  көрсетілмесе)  заңды  күшіне  енеді.  Кейбір 

жағдайларда  қылмыстық  заң  немесе  оның  жекелеген  баптары  жарияланған 

күннен  бастап  күшіне  енуі  мүмкін.  Ол  туралы  заң  мəтінінің  өзінде  аталып 

көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне 

енгізу  туралы  Қазақстан  Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі  заңына 

сəйкес  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексі 1998 жылғы 1 

қаңтардан  бастап  күшіне  енеді.  Осыған  орай 1959 жылғы 22 шілдедегі  «Қазақ 

КСР    –  інің  қылмыстық  кодексін  бекіту  туралы»  Қазақ  КСР  заңымен 

белгіленген    Қазақ  КСР  қылмыстық  кодексінің,  сондай    –  ақ 1959 жылғы 2 

шілдеден 1998 жылғы 1 қаңтарға  дейінгі  кезеңде  Қазақ  КСР–інің  Қылмыстық 

кодексіне  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізілген  барлық  заңдардың 1998 

жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылады деп бекітілген. 

  Осы заңның 4-бабына сəйкес Қылмыстық кодекстің қоғамдық жұмыстарға 

тарту  түріндегі  жазалау  ережелері 2000 жылдың 1 қаңтарынан,  ал  бас 

бостандығын  шектеу,  қамауға  алу,  сондай-ақ  өмір  бойы  бас  бостандығынан 

айыру  түріндегі  жазалар  туралы  ережелері  ҚР  қылмыстық  атқару  кодексі 

күшіне  енгізілгеннен  кейін  жазалаудың  осы  түрлерін  орындау  қажетті 

жағдайлар  жасалуына  қарай,  бірақ 2003 жылдан  кешіктірілмей  енеді  деп 

белгіленген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет