Аса (мəжбүрлі) қажеттілік
Осы кодекспен қорғалатын мəселелерге аса қажет болған жағдайда зиян
келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне,
денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе
мемлекеттің тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл
қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса жəне бұл орайда аса
қажеттіліктің шегінен шығуға жол берілмген болса, қылмыс болып табылмайды
(34-баптың 1-бөлімі).
Төнген қауіптің сипаты мен дəрежесіне жəне қауіптің жойылған жағдайына
сөзсіз сəйкес келмейтін зиян келтіру заңмен қорғалатын мүдделерге оларды
сақтап қалғанна гөрі көбірек зиян келуі аса қажеттіліктің шегінен шығуы болып
табылады. Мұндай шектен шыққан зияндылық үшін тек қасақаналылық
əрееттер ғана жауапқа тартылады. Осы заңнан туатын қорытынды: аса
қажеттілік деп, біріншіден, заң қорғайтын мүдделерді төнген қауіпті жоюға
бағытталған əрекет, екіншіден, осы төнген қауіпті басқа амалдармен жоюға
болмайтындай болса, үшіншіден, заңмен қорғалатын мүдделерді сақтап қалу
үшін келтірілген зиян болғызылмаған зияннан кем болуы, төртіншіден, бұл
істелген əрекет аса қажетіліктің шегінен шығып кетпесе, онда істелген
əрекеттер қылмыс болып табылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |