ҚҰҚЫҚ негіздері


Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру



Pdf көрінісі
бет228/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру 

Қылмыс  істеген  адамды  ұстау – қылмыстылықпен  күресудің  негізгі 

элементтерінің  бірі.  Сондықтан  қылмыс  жасаған  адамға  оны  мемлекеттік 

органдарға  жеткізу  жəне  оның  жаңа  қол  сұғушылық  жасау  мүмкіндігін  тыю 

үшін  ұстау  кезінде  зиян  келтіру,  егер  мұндай  адамды  өзге  амалдармен  ұстау 

мүмкін  болмаса  жəне  бұл  орайда  осы  үшін  қажетті  шаралар  шегінен  шығуға 

жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды. 

Қол  сұғушылық  жасаған  адамды  ұстауға  бұған  арнайы  өкілеттілігі  бар 

адамдармен бірге жəбірленушілер мен басқа да азаматардың құқықтары бар (33-

бап).  Бұл  əркімнің  қызметтік  жəне  азаматтық  парызы.  Қылмыскерді  ұстау 

туралы  қылмыстық  құқықтық  норма  бұрынғы  Қазақ  КСР  Қылмыстық 

кодексінде  көрсетілмеген  еді.  Азаматтардың  қылмыскерді  ұстауға  байланысты 

əрекеттері қажетті қорғану ретінде бағаланады. Осындай арнаулы заң нормасы 

Украина,  Өзбекстан  Қылмыстық  кодекстерінде  бұрыннан  бар  болатын. 

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет қылмыс 

істеген  адамды  ұстағанда  оған  зиян  келтіру  қылмыс  болып  табылмацды  деп 

көрсетілген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет