13.5 Табиғат пайдалану құқығы
Табиғатты пайдалану адамның жаратылысқа келгелі жалғасып келе жатқан
өмірдің, тіршіліктің материалдық жəне əлеуметтік негізі жəне ол үзілмейтін
процесс. Қазақстан Республикасының Конституциясында табиғи ресурстарға
мемлекеттік меншік арқылы пайдалану, оны қорғау, оны басқару табиғат
туралы заңның бастамасы болды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы
адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды
өзіне мақсат етіп қояды. «Табиғат пайдаланушы» деген сөз адам үнемі өзінің
тіршілігін қамтамасыз ететін, адам мен табиғаттың үзілместік қатынасы.
Өмірдің жəне адам мен қоғамның бар болуының негізі табиғатты пайдалануда.
344
Табиғи ресурстарды пайдалану – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі
қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдардың əр түрлі қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін табиғи обьектілерін өз бетінше белгіленген тəртіп
бойынша пайдаланады. Осыған орай табиғат пайдалану өмірді үзбеу үшін
маңызды қатынасқа түсу мен бірге қоғамның табиғатқа əрекет етуші қатынас
құралы болып табылады. Табиғатты пайдалану бір жақты дамуына, оны
қорғауға кейінгі кездерде мəн беріле бастады. Əртүрлі экологиялық шараларды
қолданып, оның ішінде құқық нормаларын бір жүйеге келтіру ұлттық жəне
əлемдік деңгейге жетті. Ең алдымен азаматтардың, кəсіпорындардың,
ұйымдардың жəне ұжымдардың құқықтары мен міндеттері табиғат пайдалану
құқығында көрініс табуы қажет. Табиғат пайдалану құқығы ретінде пəнін ашу
қажет, ол толығымен табиғат немесе табиғаттың барлық құбылыстары деп
танылмайды, нақты айтқанда құқықтық реттеуге жататын обьекті. Мысалы:
демалу үшін атмосфералық ауаны пайдалану, күн энергиясын қолдану,
жауынның ылғалдылығы, климат барлығы құқықтық реттеу объектісі емес.
Басқаша айтқанда, табиғат пайдалану философиямен басқа ғылымдарда тар
мағынада қолданылады.
Табиғат пайдалану шеңберіне кіретін негізгі обьектілер жер, оның қойнауы,
су, орман, өсімдік жəне жануарлар əлемі, атмосфералық ауа. Табиғат
байлықтарын қолдану қатынастарын реттеуге ережелер, табиғи ресурстар
заңнамасының мазмұнын құрайды, ал олардың жүйесі, яғни нормалар жүйесі,
табиғат пайдалану құқығы деп танылады.
Қазіргі кезде табиғи ресурстарды пайдалану саласында бірнеше құқықтық
нормалар жүйесі қалыптасқан. Олар үкіметтің, ведомстволардың актілерінде
көрініс табады. Бұл жүйе даму үстінде.
Сонымен қатар, табиғи ресурстарды пайдалану ұйымы Қазақстандағы
экологиялық саясаттың маңызды элементі болып табылады, сол сияқты
мемлекеттің экономикалық жағдайына əсер ететіндіктен бұл салада бірқатар
заңдар мен актілер қабылданады. Олар:
- ҚР Орман кодексі (08.07.2003ж.)
- ҚР Су кодексі (09.07.2003ж.)
- “Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту жəне пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының Заңы (09.07.2004 ж.)
- ҚР Жер кодексі (20.06.2003ж.)
- ҚР Экологиялық кодексі (09.01.07ж.)
- “Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы” Қазақстан
Республикасының Заңы туралы. (12.01.2010 ж.).
- Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы
Қазақстан Республикасының Заңы (04.12.2002 ж.)
- “ҚР Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар” туралы заңы (06.07.2006ж).
345
Қазіргі кезде республикада 200 ден аса мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар
қоршаған ортаны қорғауға белсенді түрде қатысады. Олардың қызметтері
экологиялық құқықтың заңдарымен реттеледі.
Қазақстанда рационалды табиғи ресурстарды пайдалану саласында
экологиялық қауіпсіздік концепциясы жасалынған, қоршаған ортаны қорғаудың
халықаралық əрекет жобасы.
Бұл концепция қоршаған орта жəне оны дамыту жайлы Рио де - Жанейро
декларациясының қағидасына сүйене отырып жасалған. Бұл концепция
экономиканың жəне адамзаттың дамуына қолайлы қоршаған ортаны
қалыптастырудағы бағытты анықтайды. Қоршаған ортаны қорғаудың
халықаралық əрекет жобасының негізгі мақсаты қоғам мен қоршаған ортаның
қалыпты арақатынасын жəне экологиялық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз
ету болып табылды.
ҚР Конституциясында табиғи ресурстарына мемлекеттік меншік жəне
жерге жеке меншік таралады делінген. Нормативтік актілерде табиғатты
пайдалану, оны қорғау, басқару мəселелері көзделгенмен, Конституциясында
ҚР азаматтарының өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны
қорғауды өзінің мақсаты етіп қойды.
Осы бастамалар негізінде «Экологиялық Кодексте» қазіргі жəне болашақ
ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық жəне
экономикалық жəне т.б. негіздерін белгілейді жəне өзге де қызметтің
биологиялық түрлілігін сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды
ұйымдастыруға бағытталған.
Табиғат пайдалану құқығының анықтамасын саралай отырып, табиғат
пайдалану құқығының бірнеше белгілерін анықтап алуға болады. Олар: ғылыми
негізділік, мақсатты пайдаланылуы, ұтымдылық, кешенділік, лицензиялау,
квота жəне лимиттің бөлінуі. Табиғат пайдалану құқығының ғылыми негізділік
белгісі – табиғи ресурстарды пайдалану табиғат дамудың заңдылығына сүйене
отырып, экономикалық жəне экологиялық мүдделерді үйлестіретіндігін
білдіреді. Табиғат пайдалану құқығы мақсатты пайдалануды талап етеді.
Мемлекет жекелеген табиғат пайдаланушыларға табиғи объектілерді, олардың
құжаттарында тікелей көрсетілген мақсаттарға пайдалануға береді. Мысалы:
Қазақстан Республикасының азаматына жер учаскесін шаруа фермер
қожалығын жүргізу мақсатында берілуі. Табиғи ресурстың, яғни жер
учаскесінің пайдалану мақсаты, жер учаскесінің мемлекеттік актісінде нақты
көрсетіледі. Егер жер учаскесін осы мақсатта пайдаланбаған жағдайда, ол
əрекет құқық бұзушылық ретінде танылып, заңда белгіленген тəртіп пен
шарттарда сəйкес жауапкершілікке тартылады. Табиғат пайдаланудың
ұтымдылығы дегеніміз – қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ете отырып,
табиғи ресурстарды үнемді, саналы пайдалану.
346
Табиғатты пайдаланудың кешенділігі табиғи ресурсты пайдалану барысында
табиғат пайдаланушының кешенді қажеттіліктері қанағаттандырылуы тиіс
екендігін білдіреді. Табиғат пайдаланудың квота бөлу жəне лимиттеу дегеніміз -
біршама табиғи ресурстарды пайдалану барысында табиғи қалпына
келтірілмейтін болғандықтан, пайдалану кезінде квота немесе лимит бөліну
арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Экологиялық
Кодексіне сəйкес, лимиттің екі түрі белгіленген:
- Қоршаған ортаны ластауға лимит - яғни қоршаған ортаны ластайтын
заттардың, өндіріс жəне тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға түсуі,
сонымен қатар, шудың, тербелістің, магнит толқындарының, зиянды физикалық
əсердің қоршаған ортада болуының лимиті;
- Табиғи ресурстарды қоршаған ортадан алу лимиті – табиғи ресурстарды
пайдаланудың сандық жағынан анықталған мүмкіндігі. Бұл жағдайда табиғи
ресурстардың табиғи биологиялық қалпына келтірушілік қасиеті жойылмайды
жəне табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға кепілдік береді.
Аталған заңға сəйкес, квотаның да екі түрі белгіленген:
- Ластауға квота – белгіленген мерзімге жəне анықталған табиғат
пайдаланушыға берілген қоршаған ортаны ластауға берілген лимиттің бір
бөлігі;
- Табиғи ресурстарды алуға квота - белгіленген мерзімге жəне анықталған
табиғат пайдаланушыға берілген табиғи ресурстарды пайдалануға берілген
лимиттің бір бөлігі.
Табиғат
пайдаланудың
лимиттері
жəне
квоталары
Қазақстан
Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
Табиғат пайдалануды лицензиялау дегеніміз – қоршаған ортаны қорғау жəне
табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттің бақылау жəне қадағалау жүргізу
мүмкіндігін қамтамасыз ететін шарасы ретінде танылады. Табиғат пайдалануға
рұқсат дегеніміз – қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құзіретті
органның табиғат пайдаланушыға беретін табиғи ресурстарды пайдалануға,
қоршаған ортаны ластайтын заттарды, өндіріс жəне тұтыну қалдықтарын
қоршаған ортада орналастыруға беретін рұқсаты. Табиғат пайдалануға
рұқсаттың мазмұны келесі жағдайларды қамтуы қажет:
табиғат пайдалануға рұқсат алатын тұлға туралы мəлімет;
табиғи ресурсты пайдалану мақсаты;
табиғи ресурстың сипаттамасы;
табиғат пайдалануға рұқсаттың мерзімі жəне табиғат пайдалану
операцияларын бастайтын уақыты;
табиғат пайдалануға төленетін төлемнің тəртібі мен шарттары;
табиғат пайдаланудың түрі, мөлшері, көлемі жəне тəртібі;
табиғат пайдалануға рұқсат алған тұлғаның құқықтары мен міндеттері;
өзге қажетті мəліметтер.
347
Табиғат пайдалануға алған рұқсатты шартты түрде үш түрге бөлінеді: а)
жекелеген табиғи ресурстарды пайдалануға беретін рұқсат; б) қоршаған ортаны
ластайтын заттарды, өндіріс жəне тұтыну қалдықтарын орналастыру жəне
көмуге беретін рұқсат; в) кешенді табиғат пайдалануға беретін рұқсат.
Қазақстан
Республикасында
табиғат
пайдаланушыларға
мынадай
экологиялық рұқсаттар беріледі. 1) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар;
2) кешенді экологиялық рұқсаттар.
Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органнан қоршаған ортаға
эмиссияларға рұқсат алуға міндетті.
Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетілген
шарттарды орындауға міндетті жəне оларды сақтамағаны үшін Қазақстан
Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
Өз меншігінде өндірістік объектілері бар табиғат пайдаланушылар қоршаған
ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін:
1) бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында
орналасқан əрбір объект бойынша да, олардың тұтас жиынтығы бойынша да
өтінім бере алады;
2) əртүрлі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
аумағында орналасқан əрбір объектінің орналасқан жері бойынша өтінім беруге
тиіс.
Егер қоршаған ортаға эмиссиялар ортақ табиғат пайдалану процесінде жүретін
болса, бұл эмиссияларға рұқсат алу талап етілмейді.
Табиғат пайдаланушының Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын қызмет
түрлері үшін арнаулы экологиялық талаптар мен нормалар қабылданған болса,
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа осы талаптар мен нормалардың
орындалуын қамтамасыз ететін табиғат пайдалану шарттары енгізілуі мүмкін.
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа табиғат пайдаланудың белгілі бір
шарттарын енгізу туралы шешімді рұқсат берген органдар қабылдайды.
Қазақстан
Республикасының
экологиялық
заңнамасында
белгіленген
экологиялық талаптар мен нормаларда көзделмеген табиғат пайдалану
шарттарын қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсатқа енгізуге тыйым
салынады.
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты берген органдар мынадай
жағдайларда:
1) табиғат пайдаланушылар рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын,
Қазақстан
Республикасының
экологиялық
заңнамасында
белгіленген
экологиялық талаптар мен нормаларды ұдайы (рұқсаттың қолданылу мерзімі
ішінде 3 реттен астам) бұзғанда;
2) рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұруға қатысты жолсыздықтар белгіленген
мерзімде жойылмағанда;
348
3) қоршаған ортаға елеулі залал келтірілгенде жəне халықтың өмірі мен
денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төнгенде;
4) қоршаған ортаға эмиссияларға жаңа рұқсат ресімделіп, берілгеннен кейін
рұқсатты жоюы мүмкін.
Рұқсат:
1) қоршаған ортаға эмиссияларға берілген лимиттерді түзетуді қажет ететін
табиғат пайдалану режимі өзгергенде;
2) табиғат пайдаланушының қызмет бейіні жəне (немесе) оның ұйымдастыру-
құқықтық нысаны өзгергенде, технологиясы ауыстырылғанда қайта ресімделуі
мүмкін.
Мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəлік;
2) салық төлеушінің куəлігі;
3) статистикалық карточка;
4) табиғат пайдалану режимінің өзгергенін растайтын инспекторлық тексеру
актісі болғанда, рұқсатты қайта ресімдеу жүзеге асырылады.
Кешенді экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушының ең озық қолжетімді
технологияларды енгізу жəне Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасында белгіленген эмиссиялардың техникалық үлес нормативтерін
сақтау шартымен қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын
куəландыратын біртұтас құжат болып табылады.
Сонымен қорытындылай келе, табиғат пайдалану – адамның шаруашылық
жəне өзге де қызметіне, сондай-ақ өз тұрмыстық, материалдық жəне өзге
қажеттіктерін қанағаттандыруы үшін табиғи ресурстарды пайдалануы.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 10-бабында табиғат
пайдалану ұғымы жəне оның түрлерi берілген, онда былай делінген:
Адамның күнделікті өмірінде, жеке жəне заңды тұлғалардың шаруашылық
жəне өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы жəне (немесе)
қоршаған ортаға əсер етуі табиғат пайдалану болып табылады.
Табиғат пайдалану жалпы жəне арнайы болып бөлінеді.
Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады жəне халықтың өмірлік
қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін жəне табиғи ресурстар пайдалануға
берілмей, тегін жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы
пайдалануды шектеуге жол беріледі.
Арнайы табиғат пайдалану – Экологиялық Кодексте жəне Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тəртіппен табиғи
ресурстарды ақылы негізде пайдалануды жəне (немесе) қоршаған ортаға
эмиссияларды жүзеге асыратын жеке жəне (немесе) заңды тұлғаның қызметі.
Табиғат пайдалану түрлеріне:
1) жерді пайдалану;
349
2) суды пайдалану;
3) орманды пайдалану;
4) жер қойнауын пайдалану;
5) жануарлар дүниесін пайдалану;
6) өсімдіктер дүниесін пайдалану;
7) қоршаған ортаға эмиссиялар;
Табиғи ресурстарды пайдалану - қоғам мен табиғат арасындағы негізгі
қатынастар. Онда қоғам мүшелері - адамдар өздерінін экологиялық,
экономикалық, мəдеңи-сауықтыру, эстетикалық қажеттіктерін өтеу үшін
табиғат объектілерін белгіленген тəртіп бойынша пайдаланады.
Табиғи ресурстарды пайдалану жəне табиғи обьектілердің құқықтық
жағдайы, аталған заңның табиғи ресурстарды пайдалануға беру ережелері
айқындайды.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы заңдарда жан-жақты қарастырылған.
Онда табиғи ресурстарды пайдалану оларды қорғаумен тығыз байланысты
болғандықтан, табиғатты қорғау, соның ішінде табиғатты пайдаланушылардың
оны қорғау міндеттері де қамтылды.
Бұл табиғатты қорғау заңдарының ғана емес, ол Қазақстан Республикасы
Конституциясының да талабы.
Онда "Қазақстан Республикасы азаматының құқығы мен бостандығының
жүзеге асырылуын оның міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды, бұл
міндеттердің орындалуы жеке, қоғамдық жəне мемлекеттік мүдделерді
қамтамасыз ету үшін қажет" деп көрсетілген.
Ал, табиғат қорғау заңында көрсетілген азаматтардың жалпы қоршаған
ортаны қорғау саласындағы міндеттері мынадай:
- Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы жəне
Қазақстан Республикасының өзге де табиғат қорғау, табиғи ресурстар
жөніндегі заңдар талаптарын қатаң сақтау;
- Еңбек қызметінде жəне тұрмыста табиғатқа жəне оның
объектілеріне ұқыпты қарауды қамтамасыз ету;
-Табиғат қорғау органдары мен қоғамдар қызметкерлерінің
заңды талаптарын мүлтіксіз орындау;
- Өзінің кінəсінен табиғи ортаға келтірілген зиянды толық
көлемінде өтеуге міндетті.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: табиғатты пайдалану
құқығы — табиғи ресурстарды пайдаланушылардың заңда көрсетілген құқығы
мен міндеттерінің жиынтығы.
Табиғат ресурстарын пайдалану барысында оларды орынсыз, тиімді
пайдаланбағандықтан, оның принциптерін сақтамағандықтан, сапасын
бұзғандықтан, улы, зиянды қалдықтармен ластағандықтан табиғи ортаның
нашарлап, адамдардың денсаулығына жəне өміріне қауіпті жағдайлар тууы
350
мүмкін. Сондықтан табиғат қорғау заңы табиғи ресурстарды пайдаланумен
қатар адамның өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның ыңғайлы болуы
құқығын экология құқығының объектісі деп санайды.
Табиғатты шаруашылық жəне өзге де қызметтің зиянды ықпалынан қорғау
ресурстарды пайдаланудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығын мақсатына қарай екіге бөлуге
болады.
Б і р і н ш і с і - табиғи ресурстарды экономикалық, экологиялық сауықтыру,
эстетикалық қажеттіктер үшін пайдалану құқығы.
Е к і н ш і с і - табиғи ресурстарды адам өмірі мен денсаулығы үшін
пайдалану құқығы.
Бірінші топтағы табиғи ресурстарды пайдалану құқығы табиғи қорлардың
белгілі бір түрін немесе түрлерін заңдарда көрсетілген мақсаттарға тиімді
пайдалануды жəне оларды қорғауды көздейді.
Екінші топтағы табиғи ресурстарды пайдалану құқығы атмосфералық
ауаның тазалығын, климатқа, жерге, орманға, суға, тағы басқа табиғат
объектілеріне табиғи немесе жасанды апаттың болмауын талап етеді.
Қазақстан
Республикасының
Экологиялық
кодексі
Қазақстан
Республикасының əрбір азаматы жəне оның аумағында тұратын адамдар
өздерінің өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуы құқығын іске
асыру жолдарын көрсетіп, ол құқықты қамтамасыз ететін кепілдіктерін де
белгілеп береді.
Табиғи ресурстарды иелену жəне пайдалану кепілдіктері Қазақстан
Республикасының Экологиялық кодексінде, Жер кодексінде, Су кодексі, Орман
кодексі жəне басқа табиғат қорғау заңдарындағы жеке баптардың ережелерінде
берілген.
Табиғи ресурстарды пайдалану объектілеріне — жер, су қорлары, орман
қорлары, жер қойнауының кен байлықтары, жануарлар мен өсімдіктер
дүниесінің жеке түрлері жатады. Аталған қорлардың жəне басқа табиғи
объектілердің кез келген түрін иелену немесе пайдалану объектісі бола
алмайды. Сондықтан табиғи ресурстың заңда көрсетілген түрі ғана иемдену
немесе иайдалану объектісі бола алады. Сонымен бірге олар кез келген заңды
ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға беріле бермейді. Мысалы, орман қоры
учаскелері иелік етуге мемлекеттік орман шаруашылығы кəсіпорындарына,
мекемелері мен ұйымдарына, сондай-ақ қорықтар мен ұлттық парктерге орман
шаруашылығын жүргізу үшін беріледі. Басқа заңды ұйымдар мен заңды
түлғалар иелігіне заңда белгіленген тəртіппен орман шаруашылығын жүргізу
үшін орман қорының учаскелері берілуі мүмкін.
Табиғи ресурстарды иемдену, пайдалану, жалға алуды, мемлекеттік,
қоғамдық, кооперативтік, акционерлік, тағы басқа кəсіпорындар, мекемелер мен
ұйымдар жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке
351
азаматтары, заңда көрсетілген ретте шетелдік заңды ұйымдар мен азаматтар да
осыған құқылы.
Табиғатты арнайы пайдаланудың шарттары дегеніміз — табиғат
объектілерін нақтылы игерудің нысаны. Оны іске асыру үшін табиғи
ресурстарды арнайы пайдаланудың негізгі шарттары — табиғи ресурстарды
пайдаланатын
немесе
айналадағы
табиғи
ортаға
ықпал
жасайтын
кəсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдар мен азаматтарға шетелдік заңды
ұйымдар мен азаматтарға, олардың меншік нысанына қарамастан, табиғи
ресурстарды пайдаланғаны үшін; айналадағы табиғи ортаға ластайтын заттарды
шығарғаны жəне тастағаны, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны
үшін төлемақы белгіленеді.
Табиғи ресурстарды арнайы пайдалануға берудің жəне айналадағы табиғи
ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтаудың ережелері табиғат
қорғау заңдарымен жəне табиғатты пайдалану туралы шартпен шегенделеді.
Табиғатты пайдалану туралы шарт табиғатты пайдаланушы мен жергілікті
өкілетті органмен, ал республикалық маңызы бар табиғи ресурстарды
пайдаланған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметімен жасалады.
Табиғатты пайдалану туралы шарт табиғатты пайдаланушылар көздеп
отырған шаруашылық немесе өзге де қызметте жəне осы орайда қолданылатын
технологияға экологиялық сараптаманың қорытындылары болған жағдайда
жасалады.
Табиғатты пайдалану туралы шартта мынадай ережелер көрсетілуі тиіс:
- шаруашылықты жүргізуге жəне өзге де қызметке жол беруге болатын
экологиялық талаптар;
- табиғи ресурстарды пайдаланғаны жəне табиғи ортаны ластағаны үшін
төлемдердің төлеу мерзімі мен мөлшері;
- табиғи ресурстардың жалпы пайдаланудан шығып қалуына байланысты
оларды жаңғыртуға арналған төлемдердің мерзімі мен мөлшері;
- өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырудың көлемі мен тəртіптері,
оларды орналастырғаны үшін төлемдерді төлеу мерзімі мен мөлшері;
- табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланбаған, айналадағы табиғи ортаны
лимиттен тыс тұтынып, ластағаны үшін айып салып жазалауы
қолданудың шарттары мен тəртібі;
- қолданылатын технологияға ерекше талаптар;
- берілетін жеңілдіктер;
- тараптардың шарт талаптары мен ережелерін бұзғаны үшін
жауапкершілігі;
- шарттың күшіне ену мерзімі.
Заңда көрсетілген жағдайларда суды, су тоғандарын, кең тараған пайдалы
қазбаларды, жергілікті маңызы бар кен көздерін өкілетті органдар (əкімдер)
бере алады.
352
Табиғи ресурстарды арнайы пайдалану құқығы жерді пайдаланушы рұқсат
алған күннен бастап өз күшіне енеді. Бірақ табиғи ресурсты пайдалануға кірісу
табиғат объектілерінің түрлеріне қарай заңда көрсетілген тəртіппен жүзеге
асырылады. Тиісті жерге орналастыру органдары берілген жер учаскесінің
шекарасын нақты белгілеп бергенге дейін жəне жерді иелену немесе пайдалану
құқығын куəландыратын құжат тапсырылғанға дейін осы учаскені пайдалануға
кірісуіне тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі табиғи ресурсты
пайдалануға рұқсат беру құжатында осы ресурстардың пайдалануға берілген
мерзімін, оларды қорғау мен сақтауды қамтамасыз етудің ережелерін,
пайдаланудың нақты мөлшерін, технологиялық ысыраптың, қалдықтарды
шығару мен тастаудың шекті нормативтерін көрсетуді талап етеді.
Табиғи ресурстарды иемденуге немесе пайдалануға, жалға беретін
құжаттардың нысаны табиғи ресурс түріне қарай əр түрлі болуы мүмкін (акт,
шарт, лицензия, куəлік т.т.). Орман кодексі бойынша орман қоры учаскелерін
пайдалануға беру лицензия, ағаш кесу билеті, ордер, орман билеті негізінде
жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны ластау
Қоршаған ортаны ластау дегеніміз - қоршаған ортаға ластағыш заттардың,
радиоактивті материалдардың, өндіріс жəне тұтыну қалдықтарының түсуі,
сондай-ақ шудың, тербелістердің, магнит өрістерінің жəне өзге де зиянды
физикалық əсерлердің қоршаған ортаға ықпалы болып табылады. Ал оның, яғни
қоршаған ортаның ластану учаскелері - жер бетінің жəне су объектілерінің
қауіпті химиялық заттармен белгіленген нормативтерден артық ластанған
шектеулі учаскелері.
Қоршаған орта қоршаған ортаға келтірілетін залалалдан ластанады, олар
табиғи ресурстардың жұтаңдауы мен сарқылуын немесе тірі организмдердің
қырылуын туындатып немесе туындататындай етіп қоршаған ортаны ластау
немесе табиғи ресурстарды белгіленген нормативтерден артық алу.
Міне, осындай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін алдымен қоршаған ортаны
қорғау қажет. Қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіруге, шаруашылық
жəне өзге де қызметтің қоршаған ортаға теріс əсерін болғызбауға жəне оның
зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік жəне қоғамдық шаралар жүйесін
дамыту, осы бағытта қомақты жұмыстар жүргізу.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде қоршаған ортаның
авариялық ластануы деген ұғым бар, ол - жеке жəне (немесе) заңды
тұлғалардың шаруашылық жəне өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін
жүзеге асыруы кезінде болған авариядан туындаған жəне зиянды заттарды
атмосфераға шығару жəне (немесе) суға ағызу салдары немесе жер беті
учаскесінде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түріндегі ластағыш
заттардың жайылуы немесе иістің, шудың, тербелістің, радиацияның пайда
353
болуы немесе сол уақыттағы жол берілетін деңгейден асатын электромагниттік,
температуралық əсер ету, жарықтың əсері немесе өзге де физикалық, химиялық,
биологиялық зиянды əсер ету арқылы қоршаған ортаны кенеттен абайсызда
ластауы.
Қоршаған ортаның ластануына жол бермеу үшін заңда белгіленген
негіздерде жалпы экологиялық талаптар сақталуы тиіс. Олар төмендегідей
болып берілген:
1. Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында болжауды,
жоспарлауды, жобалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының
экологиялық заңнамасында көзделген экологиялық талаптар басымдық ретте
сақталуға тиiс.
2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде жер
қойнауын жəне қоршаған ортаны қорғауға қойылатын негiзгi талаптар: кен
орнын игерудiң арнаулы тəсiлдерiн қолдану есебiнен жердiң үстiңгi қабатын
сақтау; жердiң техногендiк шөлейттенуiн болдырмау; жер қойнауын пайдалану
операциялары басталмай тұрып, табиғатты қорғау органдарымен келiсiлген
автомобиль жолдарын салудың тиiмдi сызбасын жасау, сондай-ақ
скважиналарды бұрғылауда тармақты əдiстi қолдану, iшкi үйiндiлер жасау
технологиясын қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен Өңдеудiң
қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын жəне бүлiнетiн жерлердiң аумағын
азайту; топырақтың, аршу жыныстары үйiндiлерiнiң жəне өндiрiс
қалдықтарының жел эрозиясын, олардың тотықтануын жəне өздiгiнен жануын
болдырмау; сiңiрме жəне тұщы су қабаттарын ластанудан сақтау үшiн
оқшаулау; жер үстi жəне жер асты суларын сарқылудан жəне ластанудан сақтау;
жуғыш сұйықтарды дайындағанда усыз реагенттердi пайдалану; бұрғылау
ерiтiндiлерiн тазалау мен қайталап пайдалану; қоршған ортада бұрғылау мен
жанар-жарағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауiпсiз
тəсiлмен жою; мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау жүйесiнде
мұнай өндiрiсi сарқынды суларын тазалау жəне қайталап қолдану; ластайтын
заттарды
атмосфералық
ауаға
шығаруды
болғызбау;
Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен бекiтiлген кен орындарын
жою (консервациялау) жобасы бойынша қоршаған ортаға келтiрiлген зиянның
салдарларын жою.
Сонымен, қоршаған ортаның сапасын, яғни қоршаған ортаның құрамы мен
қасиеттерінің сипаттамасын, тіршілік ету ортасы - қандай да бір организмнің
немесе популяцияның табиғи мекендейтін жерінің типі немесе орнын əрдайым
есте сақтау шарт.
Табиғи ресурстардың сарқылуы, табиғи ресурстар қорларының сандық
сипаттамаларының ішінара немесе толық жоғалуы бұл экологиялық қауіпке
əкеп соқтырады.
354
Экологиялық қауіп - антропогендік жəне табиғи əсерлер ықпалынан, соның
ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар салдарынан
қоршаған ортаның жай-күйі бұзылуының, өзгеруінің болуымен немесе
ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар
мүдделеріне қауіп төндіретін жай-күй. Ал, экологиялық қауіпсіздік - жеке
адамның, қоғамның жəне мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен
құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік жəне табиғи əсер ету
нəтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйі.
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауiпсiздiгi тұжырымдамасында жердiң шөлейттенуi жəне тозуы Қазақстанның
көп бөлiгi қуаң аймақта орналасқан жəне оның аумағының шамамен 66%-i түрлi
деңгейде шөлейттену процестерiне бейiм. Алдын ала есептер бойынша
жайылымның тозуынан залал, егiстiк эрозиясынан, қайталама тұзданудан жəне
басқа да себептен алынбаған кiрiс шамамен 300 миллиард теңгенi құрайды.
Қазақстан үшiн елеулi iшкi қатердi бiлдiретiн жердiң шөлейттенуi мен тозу
проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы жəне ауа массаларының
ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткiзуi нəтижесiнде бiртiндеп
трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкiн. Бағдарламаның негiзгi
нəтижелерi шөлейттену процестерiн болдырмау жəне жердiң тозу ауқымын
қысқарту, шөлейттенумен күрестiң экономикалық тетiктерiн енгiзу, ауыл
шаруашылығы жерлерiнiң өнiмдiлiгiн арттыру болмақ.
Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына
жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия жəне
химия өнеркəсiбi кəсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi
қарқынды ластауда жəне ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Ертiс, Нұра,
Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен
қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға
ұшыраған. Су объектiлерiне антропогендiк салмақ пен олардың қалпына келу
қабiлетiнiң арасындағы теңгерiмсiздiк экологиялық қолайсыздықты iс-жүзiнде
барлық iрi өзен бассейндерiне тəн еттi, ал су шаруашылығының мұқтаждарын
жеткiлiктi қаржыландырмау су шаруашылық объектiлерiнiң барынша
қанағаттанғысыз (кей жерде апаттық) техникалық жай-күйiне жəне халықты
ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларының тым шиеленiсуiне себеп болды.
Қолда бар су ресурстарының санын ұлғайту мен сапасын жақсарту үшiн су
жетiспеушiлiгiн тартып отырған өңiрлерде өзен ағынын реттеу жөнiндегi, оның
iшiнде бассейн аралық қайта бөлу, сондай-ақ жер асты ауыз суларын
пайдалануды жеделдету жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Табиғаттың негізгі ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды
мемлекеттік басқару - қоғамды əлеуметтік басқарудың бір саласы, яғни ол
мемлекеттік экологиялық басқару болып табылады.
355
Қоғам мен табиғаттың арақатынасы аясындағы басқару қоршаған орта
туралы заңдардың талаптарын орындауды қамтамасыз етуге бағытталған тиісті
субъектілердің атқаратын əрекеттерінің жиынтығын білдіреді.
Экологиялық басқару – бұл күрделі де көп салалы ұғым жəне ол мынадай
мəселелерден туындайды:
Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды бақылау
қызметтерінен;
Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану механизмдерінің
тиімділігінің кепілдемесінен;
Заңдылықты қамтамасыз ету тəсілдерінен.
Кең мағында экологиялық басқару ретіндегі мемлекеттік жəне басқа да
ұйымдардың мақсаттарын төмендегі қызметтерден түсінуге болады:
1. Қоршаған орта мен оның шаруашылық жəне басқа да қызметтері əсер
ететін жеке объектілердің жағдайын бақылау;
2. Қоғамның барлық заңды тұлғалары мен азаматтарының қоршаған ортаны
қорғауда экологиялық ережелер мен заңды талаптардың дұрыс орындалуын
тексеру;
3. Қоршаған орта мен оның жеке объектілерін, адамның өмірі мен
денсаулығына зиянды əрекеттерден сақтау жəне оны болдырмау мақсатында
экологиялық қауіпсіздікті қаматамасыз ету.
Тар мағынада, экологиялық басқару – қоршаған орта мен оның жеке
объектілеріне, заңды тұлғалар мен азаматтардың зиянды əрекеттерден
тудыратын жағдайларын болдырмау мақсатындағы экологиялық заңдардың
талаптары мен ережелерінің орындалуын тексеру болып табылады.
Табиғат объектілерін тиімді жəне кешенді түрде пайдалану мəселесін
шешуге əртүрлі құқықтық институттар қатысады. Олардың кейбірі табиғатты
пайдаланудағы қоғамдық қатынастардың пайда болу, өзгеру жəне тоқтатылу
тəртібін белгілейді. Басқалары табиғат байлықтарына мемлекеттік меншік
құқығын бұзушыларға ықпал ету тəсілдерін, мемлекеттік кəсіпорындар мен
ұйымдардың т.б. бұзылған құқықтар мен мүдделерін орнына келтіру тəсілдерін
реттеумен айналысады. Бұлардың бəрінің де мемлекеттік əлеуметтік-
экономикалық даму бағдарламасының дер кезінде жəне сапалы орындалуына
белгілі бір əсері болғандықтан маңызы жоғары. Олардың əрқайсысы белгілі бір
қызмет атқарады. Ондай қызметсіз қоғам мен табиғи орта арасындағы өзара
қатынастың реттелуі қоғамның экономикалық жəне экологиялық мүдделерінің
ғылыми негізделуі екі талай мəселе. Сонда да, табиғатты пайдалану
саласындағы қатынастарды дамытып жетілдіруде мемлекеттік басқарудың рөлі
ерекше. Басқару міндетіне интенсивті даму факторларын біріктіру, ғылыми –
техникалық революцияның жетістіктерін мемлекеттік шаруа жүйесімен
байланыстыру кіреді.
356
Достарыңызбен бөлісу: |