ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет265/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

        

Табиғи ресурстаға меншік құқығы, түсінігі. Объектілері мен субъектілері. 

      Табиғи  ресурстар – қоғамның  материалдық,  мəдени  жəне  басқа  да  

қажеттіліктерін    қанағаттандыру  үшін  қоршаған  ортаның  шаруашылық  жəне 

өзге де қызметтер процесінде  пайдаланатын құрамдас бөліктері. 

      Табиғат  пайдаланушылар – заңды    жəне  жеке  тұлғалар,  мемлекеттік    жəне 

мемлекеттік  емес,  ұлттық  жəне  шетелдік  болып  бөлінеді.  Шетелдік  табиғат 

пайдаланушылар  олар  шетел  азаматтары,  шетелдік  заңды    тұлғалар,  шетел 

мемлекеттері, халықаралық бірлестіктер  мен ұйымдар жатады.  

      Табиғат  пайдалану  құқығы    объектілер  түрлеріне    байланысты  келесіге 

бөлінеді:  жер  пайдалану  құқығы,  жер  қойнауын  пайдалану    құқығы,  су  

пайдалану  құқығы,  атмосфералық  ауаны  пайдалану  құқығы,  орман  пайдалану 

құқығы,  өсімдіктер  əлемін  пайдалану  құқығы,  жануарлар  дүниесін  пайдалану 

құқығы, яғни  заңда табиғи ресурстар  ерекше орын алады. Табиғат пайдалану 

құқығының    ауқымы  табиғи  ресурстарды  пайдалану  құқығы  табиғи  

ресурстардың  обьектілерін  (жер,  жер  қойнауы,  су,  орман,  өсімдіктер  мен 

жануарлар  дүниесі)  пайдаланумен  шектеледі.  Ал,  табиғи  пайдалану  жоғарыда 




341 

 

көрсетілгендей барлық жанды жəне жансыз табиғи обьектілерді қамтиды (оның 



ішінде,  климат,  озон  қабаты,  атмосфералық  ауа,  əуе  кеңістігі,  аумақ  т.б). 

Сондықтан  табиғат  пайдалану  құқығының  табиғи  ресурстарды  пайдалану 

құқығының айырмашылығы оның пайдалану обьектілеріне байланысты болады. 

      Заңға  сəйкес  табиғи  ресурстарды  пайдалану  түрлерінің  топтастырылуы: 

жалпы жəне арнайы  пайдалану. 

      Жалпы пайдалану құқығы табиғи ресурстарды адамның күнделікті тіршілігі 

мен тұрмыстық қажеттіліктер үшін  пайдалану. Мысалы: суда шомылу, орманда 

болу,  парктерде  тынығу  т.б.  яғни  табиғатты    жалпы  пайдалану    үшін    арнайы 

рұқсат  берілмейді  жəне  де  табиғат    пайдаланушыларға    бекітіліп    берілмейді. 

Кейбір  экологиялық  жағдайларда  мемлекеттік  органдар    жалпы  пайдалану 

шартын уақытша белгілеуі  мүмкін. Жалпы пайдалану заңға сəйкес тегін жүзеге 

асырылады. 

      Арнайы пайдалану құқығы табиғат ресурстарын арнайы өкілді органдардың 

заңда белгілеген рұқсаты бойынша мақсатқа пайдалану мүмкіндігі. Ол тұрақты 

немесе  уақытша,  иеліктен  шығарылатын  немесе  иеліктен  шығарылмайтын, 

ақылы  немесе  ақысыз,  бастапқы  немесе  кейінгі  болуы  мүмкін.  Əрбір  табиғат 

ресурстардың  арнайы пайдалану шарттары заңдарда белгіленген. Мысалы, Жер 

Кодекісінің 4-тарауының 28-41 - баптарында  жер  пайдалану  құқығының 

түрлері,  субъектілері,  пайда  болу  құқығының  туындауының  түрлері,  мерзімі, 

ерекшеліктері көзделген. 

      Ұлттық табиғат пайдаланушыларға  ҚР азаматтары мен қазақстандық заңды 

тұлғалар жатады, сонымен қатар  оның ішінде шет ел қатысатын тұлғалар. 

      Шетел  табиғат  пайдаланушылырға – шетел  азаматтары,  шетелдік  заңды 

тұлғалар,  шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен  ұйымдар жатады. 

      Тұрақты табиғат пайдаланушылардың мерзімі шектелмеген. 

      Уақытша  табиғат  пайдаланушыларға – керісінше    мерзімі  белгілі  уақытпен 

шектелген тұлғалар жатады. 

      Бастапқы  табиғат  пайдаланушы  өз  құқықтарын  мемлекеттен,  не  басқа 

бастапқы  табиғат  пайдаланушыдан  құқықтарын  айыру  тəртібімен    алған 

пайдаланушы. 

      Кейінгі  табиғат  пайдаланушы – табиғатты  уақытша  пайдалану  құқығы  бұл 

мəртебені  өзінде  сақтап  қалатын  бастапқы  табиғат  пайдаланушыдан  шарт 

негізінде алу.  

      Табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік құқығы - бұл табиғат ресурстарына 

Қазақстан  Республикасы  егемендігінің  материалдық  негізін  құрайтын, 

экологиялық жəне экономикалық құқықтық ережелердің жиынтығы жатады. 

      Конституцияда  жер,  оның  қойнауы,  су,  жануарлар  мен  өсімдіктер  дүниесі 

ғана  емес,  одан  басқа  табиғи  ресурстар  да  мемлекет  меншігінде  болатыны 

айтылған. 



342 

 

      Республика  аумағындағы  табиғи  ресурстарға  тек  қана  мемлекеттің  ерекше 



меншік құқығының болуы Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін жəне оның 

дербес экономикалық жүйесінің негізі екенін дəлелдейді. 

      Аталған  табиғи  ресурстарға  меншік  иесінің  құқықтарын  мемлекет  атынан 

жүзеге  асырудың  шектері  мен  субъектілері  тек  заңмен  ғана  белгіленеді.  Атап 

айтқанда, жер, жер қойнауы, су, орман жəне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі 

туралы  атқарылатын  іс-əрекет  Қазақстан  Республикасының  заңдарымен 

реттеледі. 

      Жердің,  жер  қойнауының,  судың,  орманның,  өсімдіктер  мен  жануарлар 

дүниесінің  мемлекеттегі  басқа  меншік  объектілерінен  айырмашылығы — 

олардың табиғи ортада бір-бірімен тығыз экологиялық байланыста болуында. 

      Егер  табиғат  объектісі  өзінің  табиғи  ортасынан  алынатын  болса,  онда  ол 

мүлікке  айналады.  Мысалы,  орманнан  кесіліп  алынған  ағаш  отынға  немесе 

өндіріс,  құрылыс  қажетіне  жүмсалады,  сөйтіп  мүлікке  айналады.  Табиғи 

ортадан ұсталып алынған таутеке мемлекеттік хайуанаттар паркінде ұсталса, ол 

мемлекет  меншігінде  болады.  Бірақ  оған  мемлекеттік  ерекше  меншік  сипаты 

сақталмайды. 

      Табиғи  ресурстардың  түрлеріне  қарай,  оларды  меншік  иесінің  пайдалану, 

қорғау,  қалпына  келтіру  құқықтарының  да  ерекшеліктері  бар.  Бұл  саладағы 

экономикалық  жəне  экологиялық  қатынастарды  реттейтін  республикамыздың 

заңдары да бар. Олар экология құқығының жүйесін құрайды. 

      Экология саласындағы заңдарға мемлекет табиғи ресурстардың меншік иесі 

ретінде  адамның  өз  өмірі  мен  денсаулығы  үшін  қоршаған  ортаның  қолайлы 

болуы құқығын қамтамасыз ететін, қазіргі жəне болашақ ұрпақтың мүдделерін 

көздейтін, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық экономикалық жəне 

əлеуметтік  негіздерін  белгілеп,  адам  қызметінің  айналадағы  табиғи  ортаға 

зиянды  ықпал  жасауына  жол  бермеу  табиғи  тепе-теңдікті  сақтау  мен  табиғат 

қорларын тиімді пайдалану шараларын жүзеге асырады. 

      Қазақстан  Респуликасында  табиғи    ресурстарға  меншік  субьектісі 

Конституцияға  сəйкес  Қазақстан  Республикасының  меншік  туралы  заңымен 

белгіленеді. Меншік туралы заңның республика аумағында мемлекеттік меншік 

құқығының субъектісі Қазақстан Республикасы деп көрсетілген. 

      Қазақстан  Республикасы  атынан  мемлекеттік  меншікті  иелену,  пайдалану 

жəне  оған  билік  ету  өкілеттігін  тікелей  немесе  өкімет  органдары  арқылы 

Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады. 

      Заңдарда  белгіленген  шекте  мемлекеттік  меншікті  иелену,  пайдалану  жəне 

оған  билік  ету  құқығын  Қазақстан  Республикасының  Үкіметіне  бере  алады. 

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Үкіметі, жергілікті атқарушы органдары 

мен  басқа  да  құрылымдар  табиғи  ресурстарды  иеленуді,  пайдалануды  жəне 

билік етуді зандарда белгіленген құзырет шегінде жүзеге асырады. 



343 

 

      Табиғи  ресурстарға  мемлекеттің  иелену  құқығы — осы  ресурстарды 



меншікке алудың нысаны жəне оны жүзеге асыру мүмкінділігі мен қызметі. 

      Табиғи ресурстарға мемлекеттің билік ету құқығы — табиғат объектілерінің 

іс  жүзінде  немесе  заң  жүзінде  тағдырын  айқындауға  берілетін  мүмкіндік.  Осы 

мүмкіндік арқылы табиғи ресурстарды иемдену мен пайдалануды жүзеге асыру 

қызметі айқындалады. 

      Табиғи ресурстарды мемлекеттің пайдалану құқығы — табиғи ресурстардың 

пайдалы  қасиеттерін  жəне  одан  түскен  табысты  иемдену,  сондай-ақ  өзге  де 

пайда алу қызметі. 

      Мемлекеттің  табиғат  қорларын  иемдену,  пайдалану  жəне  билік  ету 

құқығының  табиғи  ресурстарды  пайдаланушылар,  иемденушілер  мен  кейде 

билік етушілердің құқығынан ерекшеліктері бар. Мұны меншік иесі құқығының 

мазмұнынан айқын ажыратуға болады. 

      Бірінші ерекшелік. Мемлекет табиғат қорларына өз құқығының мазмұнын 

түзіп, оларды меншік иесі ретінде жүзеге асырады. Басқалар, табиғат қорларын 

иемденушілер,  пайдаланушылар  мемлекет  белгілеп  берген  құқық  шеңберінде 

ғана игілікке асырылады. 

      Екінші ерекшелік. Мемлекет табиғат қорларына меншік құқығын мемлекет 

бойынша,  қоғамның,  барлық  адамдардың  мүддесі  үшін  пайдаланады.  Басқа 

табиғат  қорларын  иемденушілер,  пайдаланушылар  өзіне  иемденуге, 

пайдалануға  берген  табиғат  объектісін  өз  мүддесі  үшін  заңда  көрсетілген 

мақсатта ғана пайдаланады. 

      Үшінші  ерекшелік.  Табиғат  қорларына  мемлекеттің  билік  жүргізуі  шексіз 

жəне  оған  ешкім  шек  қоя  алмайды,  оны  тоқтата  да  алмайды.  Бірақ  табиғат 

қорларына  мемлекеттік  билік  Конституцияға  сəйкес  болуы  қажет.  Сондықтан 

Конституцияға қайшы келетін заң нормаларының күші болмайды.   

      Табиғат  қорларын  мемлекеттен  басқа  иеленушілер  мен  пайдаланушылар 

заңда  белгіленген  реттерде  белгілі  бір  шекте  билік  ету  құқығын  пайдалануы 

мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет