Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмау-
шылығы жəне бөлiнбейтiндiгi қағидасы. Бұл қағида жер заңдарында жаңадан
орын алған жəне Қазақстан Республикасының егемендiгiн қамтамасыз ететiн
маңызды қағидалардың бiрi болып табылады. Қазақстан Республикасының Жер
кодексiне сəйкес, жер учаскесiн Қазақстан азаматы мен заңды тұлғасына,
сонымен қатар, мемлекеттiк емес шетел тұлғаларына жеке меншiкке беру
мемлекет аумағын бөлiп берудi немесе берiлген жер учаскесiн мемлекеттiк
басқару шеңберiнен шығаруды бiлдiрмейдi. Жер учаскесi жеке меншiкке
берiлгенiмен мемлекеттiк реттеу аясында қалады. Сол себептен, қазiргi
нарықтық жағдайда, жер учаскесiнiң азаматтық айналымның еркiн объектiсi
ретiнде танылып отырған шақта мемлекет егемендiгiн, аумағының тұтастығын
жəне бөлiнбейтiндiгiн қамтамасыз ету үшiн аталған қағиданы ұстану жəне
басшылыққа алу өте орынды. Қазақстан Республикасының аумағына жататын
жер бiртұтас, тек мемлекетке тиiстi екендiгiн бiлдiредi. Яғни, қандай да бiр
басқа мемлекеттiң Республика жерiне қандай да бiр талаптары қабылданбайды
немесе салуға болмайды деген қағиданы бекiтедi.
Достарыңызбен бөлісу: |