əдiстерiнiң мамзұнына жанама түрде байланысты болады. Белгiлi əдiс түрiн
қатынастарына билiк əдiсi қолданылса, жер учаскесiн жалға беру барысында
учаскесiн тек нысаналы мақсатта пайдалану шектеулерiн белгiлегенде, т.б.
жағдайларда қолданылады.
қатысушыларының теңдiгiне, шарт еркiндiгiне негiзделген. Бұл əдiстер жерге
учаскесiне қатыс-ты өз бетiнше шешiм қабылдауға мүмкiндiк бередi.
қатынастарды құқықтық реттеуде императивтiк жəне диспозитивтiк əдiстердiң
386
өзара үйлесiмдiлiгiмен айқындалады. Қазiргi қоғам талаптарының өзгеруi, жас
құқық салаларының пайда болуы құқықтық реттеу əдiсiн құқық саласын жеке
дара қарастырудың алғышарты ретiнде тану көзқарасын өзгерттi. Себебi,
көптеген құқық салалары, мысалы, жер құқығы, аграрлық құқық, кəсiпкерлiк
құқық, т.б. салалар аталған екi əдiстi де қолданады. Сол себептен, құқықтық
реттеудiң белгiлi бiр нысанын қолдану құқық саласын бөлiп қарастырудың
негiзi болып табылмайды.
Жер құқығының жүйесiн, жер қатынастарын реттеу барысында əртүрлi
мiндеттер атқаратын институттар ретiнде қарау қажет. Жер құқығын жəне
құқықтық сала ретiнде көрсететiн басты институттар ол жалпы институттары,
ал, жер қатынастарының жекелеген түрлерiнiң немесе кейбiр сұрақтарды ғана
реттеуге бағытталған жер құқықтық нормалары – арнайы институттар болып
табылады. Сонымен, жер құқығының жалпы бөлiмiн жалпы институттар құраса,
ерекше бөлiмiн – арнайы институттар құрайды.
Шын мəнiнде, қатынастарды реттеп отырған құқық жүйесiн ғылыми
тұрғыдан түсiндiру, сол саланың жеке құрылымдық бөлiктерiн, олардың
ерекшеленуiмен өзара байланыстарын жəне iшкi қалыптасу заңдылықтарын
қамтиды. Бұл процестiң бiр маңызды жағы барлық басқа институттарға немесе
олардың басым көпшiлiгiне бiрдей жалпы ережелер қолданылатынын жəне осы
институттар бiртектес немесе өздерiнiң бiрiгуi кезiнде, аталмыш құқық саласын
қалыптастыратынын анықтайды.
Жер құқығының жүйесi дегенiмiз – өзара тығыз байланысты жер құқық
институттарының жиынтығы. Өзге құқық салалары сияқты жер құқығының
жүйесi келесi бөлiмдерден тұрады: жалпы бөлiм, ерекше бөлiм жəне арнайы
бөлiм.
Жалпы бөлiмде жалпы ережелер, яғни жер құқығының түсiнiгi, пəнi, əдiстерi,
қағидалары, қайнар көздерi қарастырылған. Сонымен бiрге, жерге меншiк
құқығы, жер пайдалану құқығы, жер қатынастарын мемлекеттiк реттеу жəне
жер заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк мəселелерi көрiнiс тапқан.
Жер құқығының ерекше бөлiмiнде жер қорының жекелеген санаттарының
құқықтық режимi мен оларды қорғау жағдайлары қарастырылған. Атап айтсақ,
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң құқықтық режимi, елдi
мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерiнiң
құқықтық режимi, өнеркəсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жəне өзге де ауыл
шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердiң құқықтық режимi, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық жəне
тарихи-мəдени мақсаттағы жерлердiң құқықтық режимi, орман қорының жерi,
су қорының жерi, бо-салқы жерлердiң құқықтық режимi.
Арнайы бөлiм шетелдердiң жер заңдарын зерттейдi. Шетел мемлекеттерiнiң,
Қазақстан жерiн пайдалану мəселелерiн, халықаралық шарттармен реттелетiн