403
2) санитарлық жəне экологиялық талаптарға сəйкес, өндiрiс технологияларын
қолдануға, өздерi жүзеге асыратын шаруашылық жəне өзге де қызмет
нəтижесiнде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге,
санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық жəне экологиялық жағдайдың
нашарлауына жол бермеуге;
3) жердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға;
4) жер салығын, жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын жəне Қазақстан
Республикасының заңдары мен шартта көзделген басқа да төлемдердi уақытылы
төлеуге;
5) жануарлар дүниесiн, орман, су жəне басқа да табиғи ре-сурстарды
пайдалану тəртiбiн сақтауға, жер учаскесiнде орна-ласқан, Қазақстан
Республикасының заңдарына сəйкес, мемлекет қорғауындағы тарих, сəулет
ескерткiштерiн, археологиялық мұра мен басқа да объектiлердi қорғауды
қамтамасыз етуге;
6) жер учаскесiнде шаруашылық жəне өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде
құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық жəне өзге де арнаулы
талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтауға;
7) мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының жер заңдарында
белгiленген жердiң жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мəлiметтердi уақытылы
табыс етiп отыруға;
8) басқа меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;
9) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына жəне оның
құнарлылығының нашарлауына, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын
сыдырып алу құнарлы қабаттың бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет
болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен
оны сыдырып алуға жол бермеуге;
10) сервитуттар берудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Достарыңызбен бөлісу: