ҚҰҚЫҚ негіздері


 Жер учаскесiн алып (сатып алу) қою, түрлерi жəне тəртiбi



Pdf көрінісі
бет307/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

3. Жер учаскесiн алып (сатып алу) қою, түрлерi жəне тəртiбi 

Жер  учаскесiн  алып  қою  мəжбүрлi  түрде  жүзеге  асырылады.  Оның    келесi 

түрлерi бар : 



409 

 

1.  Жеке  меншiк  иесiнен  немесе  жер  пайдаланушыдан  жер  учаскесi 



мемлекеттiк қажеттiктер үшiн сатып алуды қоса алғанда, алып қойылған болса;  

2. Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер 

учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу жүргiзiлген болса; 

3. 


Мақсатына 

сай 


пайдаланылмай 

отырған 


немесе 

Қазақстан 

Республикасының  заңдарын  бұза  отырып  пайдаланылып  жүрген  жер  учаскесi 

меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан мəжбүрлеп алып қойылған болса; 

4.  Радиоактивтi  ластануға  ұшыраған  жер  учаскесiн,  құны  тең  жер  учаскесi 

берiле отырып, меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан алып қойған болса; 

5. Тəркiленген жағдайда жол берiлмейдi. 

Жалпы  жер  құқығы  теориясында  жердi  алып  қою  əртүрлi  негiзде 

түсiндiрiледi. 

 жер құқығының институты ретiнде, 

 жерге меншiк құқығы мен жер пайдалану құқының тоқтатылуының негiзi 

ретiнде,   

 жер қорын басқару функциясы ретiнде

 жауапкершiлiк шарасы ретiнде. 

Жер  құқығының  институты  ретiнде – жердi  алып  қоюмен  жəне  оның 

салдарынан  туындайтын  құқықтық  қатынастарды  реттейтiн  нормалардың 

жиынтығын құрайды. 

 Жерге  меншiк  құқығы  мен  жер  пайдалану  құқығының  тоқтатылу  негiзi 

ретiнде – бұл заттық құқықтардың күштеп тоқтатылуы. Бұл ретте алып қоюдың 

барлығы аталмыш құқықтардың тоқтатылуына негiз болмайды. 

 Жер  қорын  басқару  фукциясы  ретiнде – мемлекеттiк  органдардың  меншiк 

құқығын немесе жер пайдалану құқығын оны қайта бөлу мақсатында тоқтатуға 

негiзделген заңи маңызы бар əрекет-терiнiң жиынтығы. 

Жауапкершiлiк  шарасы  ретiнде,  жер  учаскесiн  алып  қою  жер-құқықтық 

жауапкершiлiк  жүйесiнде  ерекше  жағдайларда  қолданылады.  Жер  құқықтық 

жауапкершiлiк  жер  заңдарының  талаптарын  жүйелi  түрде  бұзған  жағдайларда 

қолданылады. 

Жер  учаскесiн  алып  қоюмен  байланысты  құқықтық  қатынастар  өзiнiң 

мазмұны бойынша өте күрделi қатынастар жəне өзiне тəн ерекшелiктерi де бар. 

Бiрiншiден,  жер  учаскесiн  алып  қоюдың  мiндеттi  субъектiсi  мемлекеттiк 

орган  болып  табылады  (жергiлiктi  атқарушы  органдар  немесе  сот  органдары). 

Бұл ретте егер жер учаскесiн алып қоюдың мiндеттi субъектiсi болып атқарушы 

билiктiң  мемле-кеттiк  органдары    танылса,  онда  қандай  құқықтық  қатынастар 

əкiмшiлiк құқықтық қатынастар болып табылады. 

Екiншiден,  жер  учаскесiн  алып  қою  кешендi  құқықтық  қатынастарды 

тудырады.  Олар,  жер  құқықтық  қатынастар,  əкiмшiлiк  құқықтық  қатынастар, 

азаматтық  құқықтық  қатынастар,  тұрғын  үй  қатынастары  жəне  əлеуметтiк 

қатынастар. 




410 

 

Үшiншiден,  жер  учаскесiн  алып  қою  көп  жағдайда  аты  айтып  тұрғандай 

ерiксiз,  мəжбүрлеу  арқылы  жүзеге  асырылады.  Яғни  жер  учаскесiнiң  меншiк 

иесiнiң  немесе  жер  пайдаланушының  еркiнен  тыс  алынып  қойылады  жəне 

күштеу сипатына ие болады. 

Жер  учаскесiн  алып  қоюмен  байланысты  құқықтық  қатынастардың 

қатысушылары  болып  заңда  көрсетiлген  құқықтар  мен  мiндеттердi  иеленушi 

құқық  субъектiлерi  ғана  бола  алады.  Бұл  орайда  мұндай  құқықтық  қатынас 

субъектiлерiнiң  барлығын  жер  учаскесiн  алып  қоюдың  субъектiлерi  ретiнде 

қарауға болмайды. Мысалы жер учаскесiн алып қою кезiнде делдалдық қызмет 

ат-қару  негiзiнде  (техникалық  немесе  өзге  де  көмек  көрсетушiлер)  құқықтық 

қатынастарға  қатынасушылар  субъект  ретiнде  танылмайды.  Жер  учаскесiн 

мемлекет  қажеттiктерi  үшiн  алып  қою  кезiнде  алып  қою  процесi  белгiлi  бiр 

атқарушы органның қатысуымен жүргiзiледi.  

Кез  келген  құқықтық  қатынастарға  кемiнде  екi  субъект  қатысуы  тиiс.  Жер 

учаскесiн  алып  қоюды  жүзеге  асыратын  субъектi-лердi  былайша  ажыратуға 

болады: 

– əкiмшiлiк тəртiп арқылы жер учаскесiн алып қою – ол ат-қарушы билiктiң 

əртүрлi деңгейiндегi мемлекеттiк органдармен, яғни солардың шешiмiмен жəне 

қатысуымен  жүзеге  асырылатын  алып  қою.  Мұнда  меншiк  иесi  мен  жер 

пайдаланушыдан  жер  учаскесiн  мемлекет  қажеттiктерi  үшiн  алып  қою  жəне 

радио-активтi ластануға ұшыраған жерлердi алып қою жатады; 

–  жер  учаскесiн  сот  тəртiбiмен  алып  қою – жер  учаскесiн  алып  қою  тек  сот 

тəртiбiмен  ғана  жүзеге  асырылатындығын  бiлдiредi.  Жер  учаскесiнiң  меншiк 

иесi  немесе  жер  пайдаланушы  өзiне  тиесiлi  жер  учаскесiн  мақсатына  сəйкес 

пайдаланбаса  немесе  заңдарды  бұза  отырып  пайдаланса,  сонымен  қатар,  жер 

учаскесi  тəркiленген  жағдайда  жер  сот  тəртiбiмен  алынады.  Жер  учаскесiн 

мемлекеттiк  қажеттiктер  үшiн  алып  қою  кезiнде  меншiк  иесi  ұсынылған 

шарттармен келiспесе, алып қою процесi сот тəртiбiмен жүзеге асырылады. 

Сонымен қатар, жер учаскесiн алып қою қатынастарының субъектiлiк құрамы 

жер  учаскелерiн  алып  қою  негiздерiне  де  тiкелей  байланысты  болады. 

Əкiмшiлiк  тəртiп  арқылы  жер  учаскесiн  алып  қою  көптеген  мемлекеттiк 

органдардың  қатыс-уын  қажет  етедi.  Мысалы,  жер  учаскесiн  мемлекет 

қажеттiктерi  үшiн  алып  қою  кезiнде  мiндеттi  субъектiлер  болып:  құзыреттi 

орган;  жер  учаскесiн  алып  қоюға  мүдделi  субъектiлер  (министр-лiктер, 

ведомствалар, заңды жəне жеке тұлғалар); алынып қойылатын жер учаскесiнiң 

меншiк  иелерi  немесе  жер  пайдаланушылар;  жер  ресурстарын  басқаруға 

байланысты  аумақтық  комитеттер;  жергiлiктi  сəулет  жəне  қала  құрылысы 

органдары;  аумақтық  қоршаған  ортаны  қорғау  басқармасы;  санитарлық 

эпидемиологиялық органдары; өрт қауiпсiздiгi органдары, т.б. 

Жер  учаскесiн  алып  қоюды  əртүрлi  негiздер  бойынша  жiктеп  қарастыруға 

болады: 



411 

 

Қайтарымдылық сипатына қарай жер учаскесiн алып қоюды екi санатқа бөлiп 



қарастыруға болады: 

жер  учаскесiнiң  меншiк  иесiне  немесе  жер  пайдаланушы  келтiрiлген 

шығындардың  барлығын  өтеу  арқылы.  Бұған  жер  учаскесiн  меншiк  иесiнен 

немесе жер пайдаланушыдан мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қою, мақсатына 

сəйкес  пайдаланылмаған  немесе  заңдарды  бұза  отырып  пайдаланылған    жер 

учаскесiн  алып  қою,  тең  келетiн  жер  учаскесiн  бере  отырып  радиоактивтi 

ластануға ұшыраған жер учаскесiн алып қою;  

жер учаскесiн ақысыз, яғни қайтарымсыз алып қою. Ол меншiк иесi мен жер 

пайдаланушының  мiндеттемелерi  бойынша  жер  учаскесiнен  немесе  жер 

пайдалану құқығынан өндiрiп алу немесе тəркiлеу.  

 Жер  учаскесiн    алып  қоюдың  мақсатына  қарай  мынадай  топтарға  жiктеуге 

болады: 


жер  учаскесiн  алып  қоюдың  жауапкершiлiк  шарасы  ретiнде  жүзеге 

асырылуы.  Жер  учаскесiн  меншiк  иесi  мен  жер  пайдаланушының 

мiндеттемелерi  бойынша  алып  қоюда  жердi  алып  қою  мiндеттеменi 

орындамағаны  үшiн  азаматтық  құқықтық  санкция  ретiнде  қолданылады. 

Меншiк  иесiнен  немесе  жер  пайдаланушыдан  жер  учаскесiн  заңда  көрсетiлген 

белгiлi  бiр  мерзiм  iшiнде  пайдаланбағаны  немесе  заңдарды  бұза  отырып 

пайдаланғаны  үшiн  алып  қою  жер  құқықтық  жауапкершiлiк  болып  табылады. 

Меншiк  иесiнiң  немесе  жер  пайдаланушының  жер  учаскесiн  тəркiлеу 

қылмыстық құқықтық жауапкершiлiк шарасы ретiнде жүзеге асырылады. 

меншiк иесi мен жер пайдаланушыдан жер учаскесiн алып қою ешқандай да 

жауапкершiлiк  шараларын  көздемейдi,  ол  тек  қана  мемлекеттiң  қажеттiктерiн 

қанағаттандыру  үшiн  жүзеге  асырылады.  Бұл  жер  учаскесiн  мемлекет 

қажеттiктер үшiн алып қою немесе төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскелерiн 

меншiк иесi мен жер пайдаланушылардын уақытша алып қою. 

Жер учаскесiн алып қоюдың келесi жiктелуi оның субъектiлерiне байланысты 

болады.  

жер  учаскесiн  мəжбүрлi  түрде  алып  қоюды  сот  тəртiбi  арқылы  жүзеге 

асырылады;  Меншiк  иесi  мен  жер  пайдаланушыдан  жер  учаскесi  сот  тəртiбi 

арқылы  тек  жер  учаскесiн  тəркiлеген  жағдайда  жəне  жер  учаскесiн  мақсатына 

сəйкес  пайдаланбағанда  немесе  заңдарды  бұза  отырып  пайдаланғанда  ғана 

мiндеттi  түрде  жүзеге  асырылады.  Жер  кодексiнiң 95-бабында  заң  актiлерiнде 

көзделген  жағдайларда,  қылмыс  немесе  өзге  де  құқық  бұзушылық  жасағаны 

үшiн меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесi сот тəртiбiмен 

санкция түрiнде өтеусiз алынып қойылуы мүмкiндiгi қарастырылған. 

жер учаскесiн мəжбүрлi түрде алып қоюды əкiмшiлiк тəртiбi арқылы жүзеге 

асырылуы;  Жер  учаскесiн  мақсатына  сəйкес,  пайдаланбаған  немесе  заңдарды 

бұза отырып пайдаланған меншiк иесi мен жер пайдаланушыдан жер учаскесiн 

алып  қою  əкiмшiлiк  сипаттағы  сот  тəртiбiмен  жүзеге  асырылады.  Меншiк 




412 

 

иелерiнен  немесе  жер  пайдаланушыдан  жер  учаскесiн  мақсаты  бойынша 



пайдаланбағаны  немесе  заңдарды  бұза  отырып  пайдаланғаны  үшiн  алып  қою 

жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органның талап арызы бойынша 

сот тəртiбiмен жүргiзiледi 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет