3-тақырып. Оқудың түрлері мен сапалары Оқудың екі түрі бар: дауыстап оқу, іштен оқу. Оқудың бүл екі түрі де бастауыш сыныпта қолданылып, дамы- тылады. Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу жүзеге асырылады, өйткені балаларға іштен оқытсақ, оның оқу деңгейін тексере алмаймыз. Дауыстап оқыту арқылы оқуға енді төселіп отырған оқушылардың оқу сапасын дүрыс, яғни түсініп, мәнерлеп оқуьга, оқуға шапшандығын байқауға болады. Әліппеден кейінгі кезең материалдарын оқыту кезе- ңінде іштен оқуға дағдыландыра бастаймыз. Іштен оқуға үйретудің маңызы зор. Тек дауыстап оқуға үйренген бала мектептің негізгі білім жүйесіне көшкен кезде көп қиыншылыққа кездеседі. Біріншіден, оқушы сабаққа дайындалу үшін жеке өзі ғана болуы керек. Дауыстап оқып отырса, қалған оқушыларға зияны тиеді. Оқу