91
Лингвистиканың
өзекті мәселелері
қолданылатын тағы бір ұғым «белгілер кеңістігі» туралы айтқан
болатынбыз. «Белгілер кеңістігі» ұғымы өте күрделі ұғым.
Оның көпөлшемді тілдік жүйені терең талдауға септігі тиеді.
Е.С.Кубрякова «белгілер кеңістігінің» көмегімен ғылыми
ұғымдарды анықтау мәселесіне келгенде ерекше, ол ескі
классификациялау принципінен жаңаға өту мүмкіншілігіне ие
екенін айтқан болатын [12,281].
Әрбір тіл құрылымы мен қызметі бар, бүтін (тұтас) жүйелі
құбылыс ретінде өмір сүреді. Дегенмен, жүйе құрылымнан ғана
тұрмайды. Әрбір жүйе өзіне тән және бір-бірімен байланысты
үш түрлі атрибуттың - құрылым мен субстанцияның және
қызметтің ұштасып келуінен және олардың диалектикалық
бірлігінен құралып, өмір сүреді, дамиды. Сонымен қатар, тіл -
тек жүйе ғана емес, жүйелердің жүйесі. Ол бір белгіні ғана
қамтымайды, бірнеше белгілердің жиынтығы болып табылады.
Бұл жерде қандай да бір тілдік құбылыс классификацияланып,
сараланып, сипатталып қана қоймайды, сонымен бірге,
«белгілер кеңістігінің» өзіндік орны көрсетіледі.
«Белгілер кеңістігі» әрбір тілдің негізгі құрылымын
көрсететін нақты тілдік категориялардың қызметтерінің жалпы
сипатын анықтайды және бір-бірімен байланысты тілдік
құбылыстардың түрленуінің сапалық айырмашылықтарының
таралу диапазонының ауқымын айқындайды.
«Басым белгі» және «белгілер кеңістігі» ұғымдарының
бір-бірімен тығыз байланыстылығына күмән жоқ. Өйткені,
тілдің қандай-да бір деңгейінің қызметі мен ерекшелігін
анықтайтын белгілер жиынтығының ішінен бір белгі б а с ы м
келеді. Ол басымдылық белгілі деңгейде ерекше сипатқа ие
болып, басқа белгілердің көрінуіне ұйтқы болады және тілдің
бүкіл жүйесіне әсерін тигізеді.
Мәселен, қазақ тілінің құрылымында да типологиялық
басым белгілер кездеседі.
Біз жоғарыда басым белгі, басымдылық (доминант) және
басым белгінің тілдің типіне әсер ететін ерекшесі (детерминант)
ұғымдарының аражігін ажыратамыз деген едік. Төменде біз
Лингвистиканың өзекті мәселелері
92
қазақ тілінің құрылымындағы басым белгілерді көрсетеміз.
Детерминантты курсив арқылы белгілейміз.
Фонетикалық басым белгілер: 1) Сөз басы мен соңында
дауыссыз дыбыстар тіркесінің болмауы; 2)
Үндестік заңының
болуы;
3) Үндестік заңымен жалғасатын фонетикалық
сипаттардың
бар болуы;
4) Сөздің
фонетикалық тұтастығын сақтауға мүмкіндік
беретін
ассимиляциялық
және
диссимиляциялық
құбылыстардың ықпалы.
Морфологиялық басым белгілер: 1)
Сөздің морфемалық
құрылымының айқындылығы; 2) Түбір морфеманың өзіндік
тұрақты фонетикалық қалпын сақтауы; 3) Атау септігіндегі сөз
негізі (түбір) бүкіл септеу парадигмасының орталығы (негізі)
болып келуі; 4) Сөзжасам және сөз түрлендіру құбылыстары
негізінен агглютинативті аффиксация есебінен жүзеге асуы (бұл
жағдайда аффикстер тіпті өзгермейді); 5) Аффикстердің бір
мағыналығы және стандарттылығы; 6)Аффикстердің жалғану
тәртібінің тұрақтылығы.
Синтаксистік басым белгілер: 1)
Сөздердің сөйлемдегі
тұрақты орын тәртібі; 2) Анықтауыш айқындалушы сөз
алдында, толықтырушы сөз толықтауыш алдында, баяндауыш
сөйлем соңында орналасады.
Әрбір деңгейдегі детерминант типологиялық басым-
дылықтың негізгісі болып табылады. Ол басқа белгілердің
көрінуіне негіз болады, тіпті тілдің типінің анықталуына әсер
етеді.
Әрбір деңгейдегі детерминант типологиялық басымды-
лықтың негізгісі болып табылады. Ол басқа белгілердің көріну-
іне
негіз болады, тіпті тілдің типінің анықталуына әсер етеді.
Орталық
Азия университетінің хабаршысы,
2013 / №3 (33).93-98 бб.
Әдебиет
1. Кацнельсон С.Д. Лингвистическая типология - Вопросы
языкознания, 1983, №3.с.9-20; №4. С.19-34.
93
Лингвистиканың өзекті мәселелері
2. Макаев Э.А. Общая теория сравнительного языкознания. –
М.:Наука 1977.-205с.
3. Ярцева В.Н. Принципы типологического исследования
родственных и неродственных языков. В кн.
Проблемы языкознания.
Доклады и сообщения ученых Х международном конгресе лингвистов.
М,: Наука, С.203-207.
4. Солнцев В.М. Язык как системно-структурное образование. –М.:
Наука, 1977. -341с.
5. Буранов Дж. Типологические категории и сравнительное
изучение языков. –Дисс... д-ра филол наук.- Ташкент, 1978. –543с.
6. Городецский Б.Ю. Основы концептуального аппарата
лингвистической типологии. – В кн.: Тезисы дискуссии «Типология как
Достарыңызбен бөлісу: