тикалық универсалийлер деп атауға болады.
Лингвистикалық универсалийлер дегеніміз - тілдердің
негізгі сипатын ашып бере алатын көптеген тілдерге тән
қасиеттер мен белгілер, әлемдегі әртүрлі тілдердің барлығына
ортақ тілдік ерекшеліктер.
Универсалийлердің негізгі типтері - фонологиялық,
грамма тикалық, семантикалық және символикалық типтер.
Фонологиялық универсалийлер: Әлемдегі тілдердің
бәрін де де дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді.
Барлық тілдерде дауыссыз дыбыстар жасалуына байланысты
сараланады т.б.
Грамматикалық универсалийлер: Тілдердің барлығында
сөз таптары бар. Жіктеу есімдігі үш жақта айтылады т.б.
145
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Семантикалық универсалийлер: Семантикалық универ-
салийлер ұғым дамуының заңдылықтарын белгілейді. Мысалы,
барлық тілдерде соматикалық ұғымдар жансыз заттармен
тіркесіп, басқа ұғым береді: иненің көзі, (ушко иглы), шәйнектің
аузы (носик чайника) т.б. Тілдердегі метафоралар дыбыстармен
тікелей байланысты.
Отандық тіл білімінде Н.И.Букетова тілдердегі морфо-
логиялық универсалий ретінде реликт-түбір морфемаларды
қарастырды. Ғалым тілдердің барлығына тән реликт түбір
морфемалар – типтік құбылыс деп тұжырымдайды [4,48].
Тіл білімі тұрғысынан алғанда жалпы адамзаттың ойлау
жүйесі бірдей. Сондықтан олардың жаратылыстық және
қоғамдық құбылыстар жөніндегі танымдары да бірдей. Оларды
тек ой формасы болып табылатын тіл ғана бір-бірінен
өзгешелендіріп тұрады. Бір сөзбен айтқанда, тіл біртүрлі
мазмұнды түрліше формада бейнелейді. Басқаша айтқанда,
әлемдегі барлық тілдер ортақ мазмұнды түрліше формада
сипаттайды. Әйтсе де, ол тілдердің арасынан құрылымы
жағынан, фонологиялық, грамматикалық, семантикалық
универсалийлерді табуға болады.
Универсалийлер синхронды (мысалы, кейбір сәйкестіктер
тіл дамуының белгілі бір кезеңінде ғана болады) және
диахронды (тіл дамуындағы заңдылықтарды білдіретін сәйкес-
тіктер) болып бөлінеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты.
Себебі қандай да болмасын диахроникалық процестердің
жиынтығы тілдің синхронды жағдайын көрсетеді. Өйткені
тілдің синхрондық жағдайынан тыс ешқандай диахроникалық
процестердің де болуы мүмкін емес.
Универсалийлер абсолюттік, статистикалық, дедуктивті
және индуктивті болып жіктеледі.
Абсолюттік немесе толық сәйкестіктікте ешқандай
ауытқушылық болмайды (мысалы, табу тілдердің барлығында
кездеседі. Әлем тілдерінің барлығында дыбыстар дауысты және
дауыссыз болып бөлінеді т.б.).
Статистикалық немесе толық емес универсалийлер көп
кездеспейді. Аталмыш сәйкестіктер тіл жүйесінің басқа жүйеге
өтпелі кезеңінде пайда болуы мүмкін. Мәселен, әлем тілдерінің
барлығында (арант және абазин тілдерін қоспағанда) кем
Лингвистиканың өзекті мәселелері
146
дегенде екі дауысты дыбыс бар.
Типологиядағы универсалийлер немесе сәйкестіктер
дедуктивті (тілдерді зерттемей) және индуктивті (бірнеше
тілдерді қатар салғастырып) әдіспен анықталуы да ықтимал.
Бірінші жағдайда типологиялық заңдылықтар барлық тілдерге
ортақ болуға тиіс деп қабылданатын теориялық болжамға
негізделсе, екінші жағдайда нақты анықталған универсалды
сипаттамалар сөз болады. Лингвистикалық универсалий
мәселелерін сұрыптау кезінде бұл аталған екі тәсілдердің екеуі
де негізге алынады. Өйткені бірнеше тілдік фактілер арқылы
жасалған дедуктивті пікірлер кейін индуктивті жолмен
нақтыланып, ғылыми қорытындылар жасалады. Мысалы: тілдік
деңгейлер бойынша қарастырылатын ортақ заңдылықтар
қатарында әр тілдің құрылымдық-жүйелік ерекшелігін саралау,
сөздердің сөз таптарына жіктелуі, сөз құрамының
морфемалармен сипатталуы, қосымшалардың сөз тудырушы
және форма түрлендіруші немесе деривациялық яки реляциялық
қызметте жұмсалуы секілді мәселелерді барлық тілдерге
қатысты анықтау – заңды нәрсе.
Өзінің сипаты жағынан универсалийлер элементарлық
(белгілі бір тілдік құбылыстың кездесетінін білдіретін) және
импликативтік болып сараланады.
Импликативтік сәйкестіктер екі тілдік құбылыстың
арасындағы
байланысты
білдіреді.
Импликативтік
сәйкестіктердің мазмұнын былайша түсіндіруге болады: «Егер
тілде Х құбылысы болса, онда ол тілде У құбылысы да болады».
Алайда, керісінше, олай болмауы да мүмкін. Яғни тілдегі У
құбылысының болуы ол тілде Х құбылысының барлығын
көрсетпейді. Мысалы, егер қандай да бір тілде септік
категориясы немесе тек (род) категориясы болса, ол тілде сан-
мөлшер категориясы да болады. Немесе егер тілде сан-мөлшер
категориясының екілік түрі болса, онда ол тілде аталған
категорияның көптік түрі де кездеседі. Бұл тұрғыда тілдерде
белгілі бір құбылыстардың кездесуі логикалық байланыстың
нәтижесі деп танылады. Мысалы:
1) Қарапайым (элементарлы) тұжырымдамаға сәйкес,
«Барлық тілдерде А құбылысы бар, ол бәріне ортақ және оның
кездесуі - заңды» деген сияқты пікір айтылады. Оған дәлел
147
Лингвистиканың өзекті мәселелері
ретінде барлық тілдердің құрылымдық, жүйелік ерекшелігі,
таңбалық сипаты айқындалған, тілдік деңгейлері мен бірліктері
сұрыпталған секілді лингвистикалық қағидалар келтіріледі.
2) Күрделі (импликативті) логикалық байланыстар «егер..,
онда...» сияқты құрылымдық сәйкестіктер негізінде жасалады.
Айталық, «Егер тілде сөз тудырушы морфемалар болса, онда сөз
түрлендіруші аффикстердің болуы – заңды құбылыс», немесе «егер
тілдерде сабақтаса байланысу кездессе, онда салаласа байланысқан
құрылымның орын алуы да заңды» және т.б.
Лингвистикалық сараптама мен статистика жүргізудің
қиындығына көз жеткізу қиынға соқпайды. Дегенмен, іс жүзінде
30-ға жуық тілдер мен барлық тілдік семьяларды (Гринберг,
1970) зерттеген не болмаса 400 тілдік материалды (Соколовская,
1980) қамтыған фактілерді, 700 тілдің дыбыстық жүйесін
талдауға арналған лингвистикалық еңбектерді алып қарайтын
болсақ, универсалийлердің бұдан басқа сандық және сандық
емес түрлері де кездесетініне көз жеткіземіз. Сандық
универсалийлер тілдегі кейбір заңдылықтардың сандық
көрсеткішін
анықтайды
(мәселен,
барлық
тілдерде
фонемалардың саны 85-тен аспайды).
Тілдік универсалийлерді анықтау тек лингвистика үшін
ғана емес, психолингвистика мен психология үшін де маңызды.
Оның адам мінез-құлқының тілдік аспектілерінің
заңдылықтарын айқындауда, оларды зерттейтін ғылым
саласының дамуына да тигізетін әсері мол.
К.Аханов «әртүрлі тілдерді зерттеу барысында олардың
өзара ортақ белгілері лексика саласынан ғана емес, сонымен
бірге, грамматика саласынан да табылып, айқындала береді...»,-
дей келе, тілде тілдік ұқсастықтардың «тегіннен-тегін»
болмайтынын ескертеді [5,137].
Құрылымы әртүрлі тілдерді салғастыру тілдердің типо-
логиялық классификациясын құруға негіз бола отырып, тілдер
арасындағы сәйкестіктер мен ерекшеліктерді дәл көрсетуге
мүмкіндік береді [6,122]. Әртүрлі тілдерді құрылымдық талдау,
сондай-ақ, тілдік универсалийлерді айқындауға көмектеседі.
Жеке тілдік фактілерден жалпы тілдік фактілерге қарай талдауда
тілдік универсалийлер тілдің құрылымын коммуникативтік
жүйе ретінде қарастырады. Құрылымдық типология – қазіргі
Лингвистиканың өзекті мәселелері
148
лингвистикада маңызды мақсат-міндеттерді шешетін тіл
білімінің негізгі саласы. Осы ретте мынадай басты үш ұғымның
арақатынасын анықтап алған дұрыс:
• тілдік универсалийлер мен оларды дамытушы факторлар
(яғни тілдік
ұқсастықтардың таралу сипаты мен өзгешеліктері);
• танымдық универсалийлер мен оларды қалыптастырушы
факторлардың
сабақтастығы (танымның жалпыадамзаттық белгілері);
• тілтанымдық универсалийлердің актуалдану себептері
(тіл мен таным
қарым-қатынасының универсалды табиғаты).
• лингвистикалық универсалийлер нақты тілдердің әр-
түрлі қабаттарынан,
деңгейлерінен, тілдік жеке элементтерден бастап, тілдің
бүтіндей жүйесіне негізделгенде ғана толық анықталады.
Құрылымы әртүрлі тілдерді салғастыру тілдердің
типологиялық классификациясын құруға негіз бола отырып,
тілдер арасындағы сәйкестіктер мен ерекшеліктерді дәл
көрсетуге мүмкіндік береді. Әртүрлі тілдерді құрылымдық
талдау тілдік универсалийлерді айқындауға көмектеседі. Жеке
тілдік фактілерден жалпы тілдік фактілерге қарай талдауда
тілдік универсалийлер тілдің құрылымын коммуникативтік
жүйе ретінде қарастырады. Сондықтан да, құрылымдық
типология – қазіргі лингвистикада маңызды мақсат, міндеттер
шешілетін тіл білімінің негізгі саласы.
Лингвистикалық универсалийлер типологиялық зерттеу
нақты тілдердің әртүрлі қабаттарынан, деңгейлерінен, тілдің
жеке элементтерінен бастап, тілдің бүтіндей жүйесіне
негізделгенде ғана толық анықталады.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, типология және салғас-
тырмалы лингвистика бір-бірінен тек мақсат-міндеттерімен
емес, сонымен қатар, тілдерді зертеуде әдіс-тәсілдерімен де
ерекшеленеді.
Салғастырмалы типологияда зерттеу салғастырмалы және
типологиялық сипат алады. Салғастырмалы сипат нақты
тілдерді салғастырудағы (әдетте екі тіл салғастырылады)
149
Лингвистиканың өзекті мәселелері
шыққан нәтижеге байланысты. Типологиялық сипат ол тілдер
арасындағы анықталған ерекшеліктерге байланысты болады.
Құрылымы әртүрлі тілдерді салғастыру барысында
анықталған универсалийлер де тілдің типін анықтауға септігін
тигізеді.
Егер әртүрлі семья құрамына енетін салғастырылатын
тілдердің саны көп болса немесе зерттеу барысында
салғастыруға тартылатын тілдердің саны артса, ол зерттеудің
типологиялық сипаты арта түседі. Мәселен, Г.М. Хашимовтың
«Типология сложного предложения в разносистемных языках»
(Ташкент, 2002) зерттеуінде барлығы 90 тілдей қамтылған.
Мұндай зерттеуді «таза» типологиялық зерттеу деп те атайды.
Салыстырмалы тіл білімі тілдерді салыстыру арқылы
тілдерді зерттейді. Салыстырмалы тіл білімінде қолданылатын
«салыстыру»
термині
салғастырмалы
лингвистикада
қолданылатын «салғастыру» терминмен синонимдес болып
келеді.
«Универсалий», «басымдылық», «фреквенталий» және
«уникалий» деген терминдерді белгілі бір тілдік семьяға енетін
тілді, топты салыстырғанда да, барлық әлем тілдерін
салыстырғанда да қолдануға болады [7,65]. Біріншіден, бұл
терминдер мына жағдайларда қолданылады:
1. әлемнің барлық тілдерінде (универсалийлер),
2. әлем тілдерінің көбінде (басымдылық),
3. әлемнің санаулы тілдерінде (фреквенталий),
4. әлем тілдерінң бірінде ғана (уникалий).
Екіншіден, бұл терминдер мына мәселеге қатысты
қолданылады:
1.бір семьяға, топқа, типке енетін барлық тілдерде
(универсалийлер),
2. бір семьяға, топқа, типке енетін тілдердің көбінде
(басымдылық),
3. бір семьяға, топқа, типке енетін санаулысында
(фреквенталий),
4. бір семьяға, топқа, типке енетін тілдің бірінде ғана
(уникалий).
Типологиялық зерттеулерге осындай бір семьяға, топқа,
типке енетін тілдерге тән тілдің типін, формалар типін,
Лингвистиканың өзекті мәселелері
150
қатынастар типін, универсалий, басымдылық, фреквенталий
және уникалийлерді анықтап, айқындау жатады.
Ш.Уалиханов атындагы
Көкшетау мемлекеттік университетінің Хабаршысы,
Филология сериясы № 1 /2015 120 -125 66.
Әдебиет
1. Языковые универсалии и лингвистическая типология. - М.,
1969. - 342с.
2. Ярцева В.Н. Современная типология и ее связи с контрастивной
лингвистикой //Филологические науки.- 1978. -№5. - С.14-19.
3. Кацнельсон С.Д. Лингвистическая типология //Вопросы
языкознания.- 1983.- №3.- С.9-20; №4.- С.19-34.
4. Букетова Н.И. Реликтовая корневая морфема как языковая
универсалия: автореф. ... канд. филол. наук. –Алматы, 1994. – 48с.
5. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы: Санат,
1972. - 216 б.
6. Климов Г.А. Вопросы контенсивно-типологического описания
языков // Принципы описания языков мира. – М.: Наука, 1978, - С.122-146.
7. Юсупов У.К. Теоретические основы сопоставительной
лингвистики. Сопоставительная лингвистика как самостоятельная
дисциплина // Методы сопоставительного узучения языков. –М.: Наука,
1988. – 93с.
Достарыңызбен бөлісу: |