3.3 Тілдердің құрылымдық типтерін анықтау мәселесіне
Заманауй лингвистиканың негізгі мәселелерінің бірі «тіл
және қоғам», «тіл және ойлау» мәселелері болса, олардың толық
Лингвистиканың өзекті мәселелері
142
шешілуі тілдер типологиясымен тығыз байланысты.
Салғастырмалы типология еуропа тілдерінің, атап
айтқанда, батыс үндіеуропа тілдерінің зерттеулеріне сүйенеді.
Алайда, бұл тілдердің әртүрлігіне, олардың тілдік құрылысының
күрделілігіне қарамастан, сол тілдерді ғана зерттеу арқылы
әлемдегі барлық тілдердің құрылымдық типтерін жүйелі түрде,
кешенді, жан-жақты айқындау мүмкін емес.
Тілдердің құрылымдық типтерін анықтау үшін ең
алдымен, адамның танымдық және ойлау қабілетінің тілдік
көрінісін көрсету керек. Ол үшін лингвистикалық типология
барлық тілдік типтер мен құрылымдарды салыстырып,
салғастырады. Бұл мәселені алғаш қозғаған өткен ғасырдың
30-40 жылдары ірі лингвист-ғалымдар Н.Я.Марр және
И.И.Мещанинов [1].
Құрылымы жағынан әртүрлі тілдерді славян, иран, кавказ,
түркі, монгол т.б.тілдерді зерттеу, салғастыру тілдерді
типологиялық жағынан зерттеудің дамуына және осыған дейінгі
тіл біліміндегі теориялық негіздерді қайта қарауға алып келді.
Мұнан кейін толыққанды типологиялық зерттеулер жүргізу
үшін тек Кеңес Одағы мен Еуропа халықтарының тілдері ғана
емес, сонымен қатар, шет елдік Азия, Африка, Америка және
әлемнің басқа да тілдерін жан-жақты салғастыра зерттеу қажет
болды. Осындай ауқымды типологиялық зерттеулердің
нәтижесінде ғана адамзат ойының тілдік көрінісінің тәсілдерін
зерделеуге мүмкіндік береді. Оларды толық көрсетіп, бір-
бірімен салғастыруға, тілдік типтердің барлығын да айқындауға
болады. Мәселеге осылайша қарағанда ғана толыққанды
типологиялық бағытта жалпы тіл білімін құру мүмкіншілігі
туады.
Типологиялық зерттеулердің негізіне тілдің жеке
элементтерінің инвентаризациясы емес, тілдік жүйенің
құрылымдық талдауы жатады. Типологиялық салғастыру тілдік
элементтердің күрделі иерархиясымен қоса, тілдік жүйенің
айрықша ерекшелігінің барлығын толық қамтуы қажет. Сонда
тіп ті импликативті құбылыстар да ашылады, әрбір тілдің ерекше
фактілері айқындалады; осының негізінде түрлі тілдер арасында
кездесетін изоморфизмдер мен универсалийлер анықталады.
143
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Шынында да, жеке тілдерді типологиялық тұрғыдан
зерттей бастасақ, көптеген тілдерге ортақ белгілерді табуға
болады. Мысалы, орыс, поляк, болгар тілдерінен бір түбірден
өрбіген сөздерді көптеп кездестіруге болады. Бұл құбылыс ол
тілдердің барлығы да славян тілдер тобына жататындығының
айғағы. Соған қарамастан аталған тілдер арасынан да
алломорфизмдерді кездестіруге болады. Мәселен, орыс тілінде
алты септіктен тұратын септік категориясы болса, болгар
тілінде септік жүйесі жоқ. Бұл екі тілдің туыстығына қарамастан,
зат есімдер жүйесі де бір-бірінен алшақ.
Қазақ тілі мен қарақалпақ тілінің туыстас тіл екендігі дау
туғызбайды. Бірақ туыстыс тілдердің барлығы да қазақ,
қарақалпақ тілдері сияқты лексикалық, фонетикалық,
грамматикалық жағынан толық сәйкес келе бермейді. Мысалы,
түркі тілдері семьясына енетін қазақ тілі мен чуваш тілін
салыстырып қарайтын болсақ, олардың арасында үлкен
алшақтық бар. Түркі тілдес болса да, чуваш пен қазақ өз
тілдерінде сөйлесе кетсе, бір-бірін түсіне алмайды.
Лингвистикалық типология тілдер құрылымындағы
бірен-саран кездесетін ұқсастықтар мен ерекшеліктерді
қарастырмайды. Оның нысаны жалпылық сипат алатын,
көптеген біртектес белгілердің ауқымын қамтиды.
Құрылымдық-типологиялық салғастыру негізгі екі түрлі
бағытты көздейді: «определение отношения отдельных систем
одного языка к аналичным системам другого и выявление черт,
характерных для одного и отсутсствующих в другом языке.
Таким образом, основные задачи, стоящие перед любым
сопоставлением – это выявление изоморфизма и алломорфизма
разных языков и построение теории языка» [2,3].
Әлем тілдерінің әртүрлілігіне қарамастан олардың
құрылымында барлық тілдерге тән ортақ сәйкестіктер
жасырынып тұрады. Бұдан көпшілік тілдер ортақ бір үлгімен
жасалатынын да көруге болады. Тілдік универсалийлер өзінің
табиғаты жағынан, тілдік қасиеті жағынан жалпыға бірдей.
Солардың негізінде лингвистикалық ортақ заңдылықтар
қалыптастырып, жалпы адамзат мәдениеті жөнінде ой
түйіндеуге мүмкіндік жасайды.
Лингвистиканың өзекті мәселелері
144
Универсалийлердің әртүрлі топтары бар:
1. Универсалийлердің бірінші тобы тілдерді тілдік емес
дүниемен салыстыру негізінде анықталады (мысалы, тілдерді
басқа белгілер жүйесімен, информация беру және сақтаудың
басқа жүйелерімен салыстыру). Бұл жерде әңгіме, әрине,
семиотикалық типология туралы болып отыр.
Тілдерді информацияның басқа жүйелерімен салыс-
тырғанда мынадай жалпы сипаттағы универсалийлерді көруге
болады: олардың тілдегі ара салмағы 50%. Мәселен, американ-
дық лингвист Хоккет барлық табиғи тілдерге тән 16 жалпы
сипаттағы универсалийлерді көрсеткен. Ғалым табиғи тіл деп
(жазу тілі, жест тілі, дауылпаз тілі, ысқырық тілі т.б.тілдерді
қоспайды) тек ауызша қарым-қатынас тілін, яғни адамзат тілін
ғана ұғады.
2. Универсалийлердің екінші тобын анықтау жалпы тіл
теориясымен ұштасып жатады. Себебі екеуінің де мақсаты
тілдердің ең алдымен адамзат әрекетінің атрибуты ретінде
қызмет ететіндігін айқындау. Типологияның бұл бағыты
тілдердің универсалды ерекшеліктеріне сүйенеді. Мақсаты
белгілі бір тілді жеке ерекшеліктерден жалпы ортақ мәселелерге
қарай сипаттау. Тілдердің әртүрлі ерекшеліктерін біріктіру және
тілдерге ортақ универсалийлерді табу жалпы типологияға тән
бірден бір әдіс. Лингвистикалық типологияда тілдік
универсалийлерді тек тілдерді бір-бірімен салыстырғанда ғана
анық тауға болады. Олай болса, ол универсалийлерді лингвис-
Достарыңызбен бөлісу: |