191
Лингвистиканың өзекті мәселелері
всего языкa в целом» можно нaзвaть
концептосферой».
Ғалымның ойыншa, ұлттық тілдің тұтaстaй концептосферaсы
жеке aдaмның шындықты концептyaлизaциялay нәтижесі
болaтын жеке индивидyaлды концептосферaлaрдaн құрaлaды.
Индивидyaлды концептосферaдaн өзге ұлттық қayым ішіндегі
белгілі бір әлеyметтік және мәдени қayым концептосферaсы дa
болaды. Д.С.Лихaчев осы ойды әрі қaрaй жaлғaстырып, орыс
тілінің ұлттық концептосферaсындaғы мынaдaй концепто-
сферaлaрды:
«инженер-прaктик»,
«отбaсы»
концепто-
сферaлaрын бөліп көрсете келе концептосфераны 3-ке бөледі:
индивидуалды, әлеуметтік, мәдени. [Лихaчев Д.С., 1993, с29].
Индивидуалды концепт жеке индивидтің ойлау және
сөйлеу белсенділігі- мен тығыз байланысты, тікелей адамның
тәжірибесіне сүйенетін концепт. Әлемді қабылдау және
эмоцианалды тәжірибе, әр индивидтің осы тәжірибені әр түрде
түсінуі концептті түрлендіреді, жаңа ақпарат қосады, кеңейтеді,
және жаңа концепт тууына әсер етеді.
Адам кей уақытта ойланады, сезінеді, уайымдайды, сол
себепті адамның өмір сүру салты өзгеріп кетуі мүмкін.
Сондықтан индивидуалды концепт - динамикалық білім. Бірақ,
басқа жағынан қарағанда, әр индивидтің тәжірибиесі - жеке
тәжірибе. Сондықтан индивидуалды концепт субъективті
бағытта қаралады. Индивидуалды тәжірибие белгілі ортаға тән
бола алмайды, себебі ол тек жеке адамның өзіне ғана байланысты.
Индивидуалды концепт өзінің индивидуалдылығына қарамастан
бағыт-бағдары кең. Ол өте кең контексте - әлемді жеке тұлғаның
қалай қабылдауына қарап қалыптасады.
Мәдени концепт
Достарыңызбен бөлісу: