ақталады. Біріншіден, өзіңді жақсы сезініп, моральдық жағынан
қанағаттанасың. Екіншіден, бұл сен мұқтаж кезде
басқалардың көмегіне
сенуіңе негіз болады. Қазақ үшін көрінген бұрышта «Сізге қалай көмектесе
алам?» деп жүгіріп жүрудің өзі жасандылық сияқты көрінуі мүмкін. Белгілі
банктің сол ұраны тіпті күлкіге айналып кеткенін білесіздер. Эмоциясын
ашық айтпайтын халықпыз. Бірақ көмегің керек болған сəтті өзің де
білесің, сезесің. Сонда тартынып қалма. Сен жомарт болған сайын, дүние
де мəрт болады. Мəрттік мəрттікпен қайтады.
Алайда бұл қолыңдағының бəрін шашып
тастауың керек дегенді
білдірмейді. Грузиннің Пиросмани
73
деген суретшісі еске түседі. Өте
талантты адам болған, бір кезде қолына кішігірім дəулет бітіп, дүкен де
ұстайды. Бірақ жүрегі жұмсақ бейшара, адамдарға көмектесемін деп
тауарының бəрін қарызға таратып, ақыры тақыр жерде қалады.
Халықтың
жағдайы қиын еді, ол ешкімге де барып, «қарызды қайтар» деп айта
алмады. Ал күндердің күнінде: «Не керек, бəрін алыңдар», – деп дүкенінің
есігін ашты да, өзі аулаққа кетті. Өмірінің соңына дейін бір рөмке арақ пен
бір бөлке нан үшін көрінген жерде сурет салып, қор болып өтті.
Жертөледегі қуықтай бөлмеде бүрісіп өмір сүрді.
Жақсы адам болғаны оны
құтқара алған жоқ.
Бұдан шығатын қорытынды: əрине, адамдарға көмектесу керек.
Қайырымдылықпен айналысу керек. Бірақ белгілі бір деңгейге жеткенде
мұқтаж жандардың, көмек сұрайтындардың өте көп екенін түсінесің.
Дүниедегі кедейлік пен жоқшылықтың бəрін жалғыз өзің жоя алмайсың.
Соны түйгенде моральдық ориентирлерің сені алға жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: