Екінші болма


Комплекспен  күресу  –  əдетте  адамды  белгілі  бір  мүмкіндіктерден



Pdf көрінісі
бет14/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Комплекспен  күресу  –  əдетте  адамды  белгілі  бір  мүмкіндіктерден
шектейді.
Кері итереді.
Кемшілік  деген  сөздің  өзі  шартты.  Біреу  үшін  кемшілік,  басқа  біреу
үшін артықшылық болуы да мүмкін. Бірақ осы «кемшіліктің» сенің еркіңе
бағынатыны  бар,  бағынбайтыны  бар.  Мəселен,  бойым  175  см  болса,  мен
190 см болып өзгере алмаймын. Əншілік қабілетім жоқ па, ешқашан Димаш
Құдайберген бола алмаймын.
Комплекс  сенің  ойыңда  ғана.  Адамға  көбірек  нұқсан  келтіретіні  де
комплекс,  бірақ  оны  жеңу  де  логикаға  салғанда  оңай.  Өйткені,
Сократты
13
тағы қайталасақ, «мен өз ойымды басқара аламын». «Ауылдың
баласы» деген комплексті  «Онда тұрған не  бар екен? Еш  жерім кем емес»
деген оймен ауыстыра аласың. «Тіл білмеймін» дегенді «тез-ақ үйренемін»
деген  оймен  ауыстырасың,  комплекске  таптырмас  қазына  ретінде  қарасаң,
сол кезде алға қойған мақсатыңа, жеңісіңе бір қадам жақындайсың.
СЫЛТАУ
Өмірде  ұстанатын  қағидаларымның  бірі  –  сылтау  айтпа.  Бір  іс
қолымыздан келіп жаста, «мен істедім», «мен мықтымын» деу, ал болмай
жатса,  оны  жұрттан  көру  біздің  қоғамға  тəн.  Орынды-орынсыз  екеніне
қарамастан,  əркім  өте  көп  сылтау  айтады.  «Ата-анам  бай  емес»,
«көшеде пробка», «ұйықтап қалдым», тағы да басқа.
Осы  сылтауға  қатысты  бір  мысал  келтірейін.  «MEGA  Silk  Way»
орталығында  үлкен  «Rumi»  мейрамханасын  аштық.  Сол  жердегі
галереямен  өтіп  келе  жатқанда,  қарсы  жағымызда  орналасқан  кофеханада
адам өте көп көрінді, ал бізде адам аз секілді. Операциялық директорымыз


Қарақат  ханымнан:  «Неге  оларда  адам  көп,  ал  бізде  аз?»  деп  сұрадым.
Қарақат  ханым  болса:  «Олардың  мейрамханалары  кішкентай,  сондықтан
адам көп секілді көрінеді.
Ал  біздің  мейрамхананың  аумағы  үлкен.  Негізінде  адам  саны  бірдей
сияқты»  деп  сылтау  айта  бастады.  Мен  біздің  жəне  қарамағымыздағы
жаңағы  мейрамхананың  адамдарын  санап  шығуға  ұсыныс  жасадым.
Сөйтсек  біздің  «Rumi»-де  отыз  сегіз,  ал  оларда  елу  адам  отыр  екен.  Сол
кезде «неге оларда адам көп?» емес, «бізде де адамдардың санын қалайша
көбейтуге  болады?»  деген  сұрақ  туындады.  Əріптесім  Айдос  мырза  кез
келген  сұрақтың  жауабын  таба  алатын  адам.  «Неге  оларда  адам  көп,  біліп
келіңізші,  Айдос  аға»  деп,  сол  кофеханаға  оны  жібердім.  Бұл  жағдайда,
менің  «Несіне  уайымдаймын?  Олардың  кофеханасы  50  адамға  арналса,
біздің  «Rumi»  150  адамға  арналған»  деп  өзімді  ақтап  алуыма  болатын  еді.
Негізі  бұнда  ешқандай  «проблема»  жоқ,  бірақ  мен  оны  өзіме  өзім  жасап
алдым. Айдос мырза 27 минуттан соң қайтып келді. «Қуаныш, біріншіден
олардың қызметкерлері баяу жұмыс жасайды, сол үшін 20 минутта шығып
кетем деген адам 40 минуттай отырады. Бірақ, ол жер жарық екен, сонысы
жақсы»  -  деді.  Өзіміздің  мейрамханаға  қарадық,  шынында  да  оларға
қарағанда  қараңғылау.  Сылтау  айтқан  жоқпыз,  мəселені  шешуге  кірістік.
Сол  күні  Қарақат  ханым  мамандарды  шақырып,  қалай  болу  керек  деп
сұрап,  қажетті  жарықты  қосты  да,  барлығын  тəртіп,  яғни  заң  бойынша
жасады. Келесі күні саудамыз өсті.
Сылтау айтудың қажеті жоқ. Жалпы, ешқашан сылтау айтпаймын, сені
де  соған  шақырамын.  Бұнда  мен  сылтау  туралы  үлкен  трактат  немесе
сылтау  айтпаудың  жолдарын  жазбаймын.  Тек  бір  мəселені  түсінуге  жəне
қабылдауға, өмірде қолдануға шақырамын, ол – сылтау айтпау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет