Екінші болма


ІШКI КОМПЛЕКС – ЖЕҢIC ҮШІН ТАПТЫРМАС ҚАЗЫНА



Pdf көрінісі
бет12/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

ІШКI КОМПЛЕКС – ЖЕҢIC ҮШІН ТАПТЫРМАС ҚАЗЫНА
Кез  келген  ауруды  емдеу  диагностикадан  басталады.  Диагнозы
анықталмаған ауру – ең жаман ауру.
Бір  ауруды  емдемес  бұрын  оның  түптамырын  қайдан,  қалай  пайда
болғанын білу керек, бұл айтпасаң да түсінікті.
Адамның  өз  бойындағы  кемшіліктерімен  күресетіні  табиғатында  бар
жəне  ол  кемшіліктердің  де  тумысынан  бар  екенін  мойындау  керек,  рас.
Бірақ,  «қандай  кемшілікпен  күресу  керек?»,  «қай  аурумен  күресу  керек?»
деген  сияқты.  Ал  комплекс  –  бұл  дайын  тұрған  диагноз.  Ол  өте  айқын
көрінеді,  сондықтан  да  есіңді  жинап  бір  қарасаң,  комплексовать  етіп
жүргеніңді өзің сезесің.
«Комплекс  –  таптырмас  қазына»  дегенім,  шартарапты  айналып,
психологтың  немесе  өзге  маманның  көмегіне  жүгінбей-ақ  өз  минусыңды
көріп,  онымен  күресе  аласың.  Ал  бұл  жолдағы  негізгі  құралдар  –  сол
комплексті қабылдау жəне онымен жұмыс жасау. Көбінесе комплекстің екі
түрі  барын  байқадым:  біріншісі,  бойына,  түр-сипатына  байланысты
комплекс,  екіншісі,  «менің  қолымнан  келмейді»,  «бұл  өмірде  мен  ешкімге
керек емеспін» – деген.
Қазіргі  таңда  заман  өзгеріп,  технологиялар  дамып  жатыр,  сондықтан
барлығынан  бірдей  болмаса  да,  сыртқы  келбетке  қатысты  комплекстен
арылуға  болады.  Бұнда  мен  барлығыңызға  –  дене  бітіміңізді  немесе
комплексіңізді  хирургиялық  немесе  басқа  да  жолдармен  өзгерту  туралы
айтып  жатқан  жоқпын.  Бірақ,  егер  ол  сенің  өзіңе  деген  сенімділігіңді
арттырса,  басқаша  өмір  сүруге  көмектессе,  неліктен  көрмеске?  Өзгертуге
болатын  комплекстер  болса,  олармен  күресесің,  ал  егер  бойыңның
ұзындығы  немесе  қысқалығы  сияқты  комплекстер  болса,  оны  жай  ғана
қабыл аласың жəне мойындайсың. Мені балалық шағымнан «қазанбас» деп
атады,  ондай  басты  мен  таңдап  алған  жоқпын,  тез  сөйлеуді  де  сұраған
жоқпын.  Əрине,  тез  сөйлеудің  кесірінен  тікелей  эфирге  шығуға
қысылатынмын, елдің барлығы «жай сөйлеңізші» десе, бұның барлығы бір
жағымсыз сезімдер ұялататын. Бірақ, түйеқұс сияқты басыңды құмға тыға
бермей, бұл нəрселердің бар екенін мойындап, күресу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет