Екінші болма


ФОРМАҢНЫҢ ЖОҚТЫҒЫ немесе БАРЫҢ МЕН ЖОҒЫҢНЫҢ



Pdf көрінісі
бет10/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

ФОРМАҢНЫҢ ЖОҚТЫҒЫ немесе БАРЫҢ МЕН ЖОҒЫҢНЫҢ
АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
«Егер  бір  сөйлеммен  адамның  кім  екенін  анықтай  білмесең,  онда  ол
адамнан ақыл сұраудың қажеті жоқ».
Нассим Талеб, «Черный лебедь» теориясының авторы
Бізде бір мəселе бар – адамдарда форма жоқ. Мысалы, мен тендермен
айналыстым, бірақ кетіп қалдым. «Неге?» деген сұрақ туындауы мүмкін.
Себеп  –  форманың  болмауы.  Тендермен  айналысатын  адамдарға,  «Не
істеп жүрсің?» десең: «Əй, біздікі бизнес» деп жауап береді. Ал не бизнес
екенін айта алмайды, себебі форма жоқ! Менің одан да, «палау сатамын»
деп айтқаным жақсы.


Internet  желісінде  талай  мықты  азаматтар  бар,  бірақ  кім  екенін  айта
алмайсың, форма жоқ. Мысалы, біздің «Versus» академиясының директоры
Мейірбек мырза кезінде блогер болып жүрген, қазір бизнес бойынша білім
беретін академияның басшысы, яғни форма бар, блогер дегеннен əлдеқайда
жақсы ғой.
Егер  өзіміздің  нақты  образымызды,  формамызды  қалыптастырып
алмасақ,  өзіміздің  абстракциялы  –  жалқау,  еріншек  образымызды  жеңе
алмаймыз.
Идеал  образымызға  жету  жолдарының  біріншісі  –  саяхаттау,  ел
бармаған  жаққа  бару  керек.  Егер  ел  қатарлы  солар  барған  жерге  барсаң,
саған тың идеялар келмейді.
Мен  жазда  Сыктывкарға  емес,  барлығы  сияқты  Анталияға  барсам,
қазір  «Rumi»  мейрамханалар  желісі  болмайтын  еді.  Егер  мен  басқа
рестораторлар  сияқты  шабыттануға  Стамбұлға  емес,  Мəскеуге  барсам,
бəлкім, «Dala» мейрамханасы болмайтын еді, Нұсрет мырзаны, Мұрат Шеф
пен Оғыз мырзаны кездестірмес пе едім.
Екіншісі  –  кітап  оқу.  Кітапты  біз  алдымызға  үш  түрлі  мақсат  қойып
оқимыз: шабыт алу үшін үшін; ой түю үшін жəне сұраққа жауап табу үшін.
Бұнда  да  барлығы  оқып  жүрген  кітаптарды  емес,  өзгеше  ойлауға
жетелейтін, өзіңде қандай да бір қызығушылық тудыратын авторларды оқу.
Ол  «сəнге  еліктеп  кітаптың  бетін  ашу»  емес,  білім,  шабыт  іздеу,  өзгеше
идеяларды  іздестіру  болуы  керек.  Маған  қатты  əсер  еткен  кітап  –
«Финансист», авторы – Теодор Драйзер
7
. Бір жақсы əңгіме бар, осы жерде
есіме түсіп отыр. Бір баланың əкесі, ұлын кітап оқуға баулудың жолын ұзақ


іздестіреді.  Бір  күні,  ұлына  күнделікті  қажеттілігіне  беретін  ақшаны
кітаптың  бетіне  жабыстырып  отыруды  ойлап  табады.  Содан,  баласы
ақшаны іздеп жатып, бір кітаптың бөлімін оқиды, екіншісін оқиды, сөйтіп,
кітап оқуды жақсы көріп кетеді.
Өзімізге  қажет,  образ  қалыптастыруға  көмектесетін  кітапты  таба  білу
маңызды. В контактедегі статус есіме түседі: «Өміріңді өзгерту үшін бір-ақ
кітап жеткілікті, ал ол кітапты табу үшін он мың кітап оқып шығу керек».
Жоғарыда  айтып  өткен  «Финансисттің»  басты  кейіпкері  Френк
Каупервудтың тұлғасына, іс-əрекетіне қарап, өзіңе образ қалыптастырасың,
«осы  сияқты  болуға  ұмтылайыншы»  дейсің.  Кітапты  оқып,  образ
қалыптастырудың тағы бір жақсы жағы, ол образды, форманы өз көзіңмен
көресің,  түйсігіңмен  сезінесің.  Ол  қатып  қалған  образ  емес,  оны  өзің
ойыңнан құрастырасың.
Үшіншісі – телехикаялар. Қазіргі таңда телехикаялар өте көп, олармен
күресудің  қажеті  де  жоқ.  Сондықтан  минусты  плюске  айналдырамыз  да,
жақсы, пайдалы телехикаяларды көреміз. «Миллиарды», «Черный список»,
«Форс мажоры» деген сериалдарды көруге кеңес беремін.
Ричард  Талер  –  америкалық  экономист,  мінез-құлықтық  экономика
саласындағы зерттеуі үшін 2017 жылғы Нобель сыйлығын иеленген. Оның
тұжырымдамасы  бойынша  «Сен  өзіңнің  миыңды,  ойлау  жүйеңді  өзгерте
алмайсың.  Ол  тек  қана  сенің  əрекеттерің  арқылы  өзгереді».  Абай  атамыз
мұны жүз жыл бұрын: «Болмасаң да, ұқсап бақ» – деп айтып кеткен.
Бір  танысым  тендермен  айналысады.  Өзінің  қағидалары  бар,  халыққа
жақын  болу,  қарапайым  киіну  деген  сияқты.  Автокөлігі  де  соншалықты
күшті  емес,  Жұмысы  жүреді,  бірақ  мықты  тендерлерді  ала  алмайды.
Мəселе  неде  деп  ойланады  да,  Шамиль  Аляутдиновтың
8
 дəрісіне  барады.
Сол  кезде  Шамильдің  оған  айтқаны:  «өзіңді  табысты  адам  секілді  ұста».
Содан бері тек қана костюм киетін болды, «Land Cruiser» автокөлігін сатып
алды. Нəтижесінде ісі де алға басты.
Брайан  Трейсидің
9
 1996  жылы  жазған  кітабында  да  осыған  ұқсас
мысал  жазылған.  «IBM»  компаниясы  жариялаған  тендерге  бір  айтищник
маман  екі  есе  арзан,  бірақ  екі  есе  сапалы  жұмысын  ұсынған  жəне  бір
компания  сапасы  екі  есе  төмен,  ал  бағасы  екі  есе  жоғары  өз  жұмыстарын
ұсынады.  Араларындағы  айырмашылық  –  төрт  есе.  Бірақ  жұмысы
қаншалықты  жақсы,  ал  бағасы  арзан  болғанымен,  айтищник  жігіт  ұтылып
қалады.  Тендер  өткізген  «IBM»-нің  басшылығынан  «неге  мен  ұтылдым?»
деп сұрағанда: «Түріңе қарап осындай жұмыс жасай алатыныңа сену қиын.


Ал  əлгі  компанияның  адамдарына  қарасаң,  олардың  біздің  компаниямен
жұмыс жасай алатынына сенесің», – деп жауап береді.
Айтайын дегенім, біз жақсыға ұмтылуымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет