ЖЕҢICТІҢ АДЫРАСПАНДАРЫ Адыраспан – жын-шайтаннан, жаман нəрседен аластайтын шөп деп сенеді халқымыз. Ал сызбада көрсетілген бұл сезімдер жеңістен аластайды. Комплекс, қырсықтық, сенімсіздік, эго, сасық көкірек, жалқаулық бұл байдың да, кедейдің де, студенттің де, кəсіпкердің де – барлығының бойынан табылатын жаман мінездер. Ал бұл мінездер бар жерде, жеңіс адамды айналып өтеді. Ең қиыны, əрбір адам «иə, мен қырсықпын» немесе «жалқаумын» деп
мойындай бермейді. Ал негізінде, бұл сен жəне сенің ар-ожданың
арасындағы əңгіме. Осы тақырыпты ұзақ зерттедім, көп оқыдым,
сондықтан бірден айтамын, адыраспандардан арылудың жолдары өте қиын.