Екінші болма



Pdf көрінісі
бет41/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   127
Байланысты:
Екінші болма 2

Төртіншіден,  монетизация  заңын  ұмытпайық.  Монетизация  заңы
қабілетіңнің  ақшаға  айналуын  қадағалайды.  Бір  саланы  таңдадың  делік.
Мұнымен  күн  көре  аласыңба?  Маған  серуендеу  ұнайтын  шығар,  бірақ  ол
үшін кім маған ақша төлейді? SMM ұнайды, одан ақша таба аламын, бірақ
өзім  күткендей  көлемде  емес.  Əрине,  табыс  деген  міндетті  түрде  байлық
емес.  Дəрігер  миллионер  болуды  күтпейді.  Ғылым  жолына  түскен  адам,
əсіресе, Қазақстанда, миллиондарды армандай қоймайды. Олардың фокусы
басқада,
басқа
дүниелерден
лəззат
алады,
потенциалдарының
пайдаланылып  жатқанын,  өз  ісімен  айналысып  жүргенін  сезініп,  содан
рақат  табады.  Бірақ  қандай  кəсіппен  айналысу  арқылы  да  өте  жақсы  өмір
сүруге  болады.  Адам  материалды  игіліктердің  бəрінен  бас  тарта  алмайды,
өйткені  олар  рухани  өмірімізді  жеңілдететін  құралдар.  Жеме-жемге
келгенде,  отбасыңның,  жақындарыңның  алдында  жауапкершілігің  болады.
Адам,  қалай  болғанда  да,  əлеуметтік  жаратылыс.  Сондықтан  материалды
игіліктерге  ұмтылуда  тұрған  ештеңе  жоқ.  Ұмтылу  керек,  жету  керек.
Қолымнан келеді, өзіме ұнайды дегеннің ішіндегі қайсысы сенің қаржылық
қажеттіліктеріңді өтей алады, сол аспектіні ұмытпа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет