Ақпараттандыру мен қол жетімділік принципі. Қазіргі кезде
қоғамының кез келген қызмет ету саласына ақпараттық-қатынастық
технологияның енуі заманауи адамнан компьютерлік сауаттылықты талап
етеді.
Оқытудың ақпараттандыру принципі орта мектепте математиканы
оқытудың кез келген сатысында заманауи ақпараттық технологияларды
қолдануды қажетсінеді. Компьютер бақылау, жаттығу, талдау, синтез бен т.б.
функцияларын бағалауға мүмкіндік береді. Әсіресе ол келесі жағдайларда
қолданылуы мүмкін: жазықтықтың қисықтарын және облысын құрастыруда,
олардың иллюстрациясы кезінде, туынды функцияларының, азайтулардың,
функцияның интегралдарының есептеп шығарғанда, аудан және көлем
тапқанда [74].
Бағдарламаны даярлаған кезде оқушылардын өздерін де осы процеске
қатыстырған жөн, бұл арқылы олар болашақ мамандықтарына қажетті
тәжірибелік дағдыны ала алады.