Хаймулданов ерлан сеилханович



Pdf көрінісі
бет25/70
Дата17.05.2022
өлшемі3,24 Mb.
#34749
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70
Байланысты:
Хаймулданов-Е-С-диссертациясы

Фундаменталды  принцип.  Мектептегі  математика  курстарында 
сандық  және  функционалдық  тәуелділік  ұғымдары  ерекше  орын  алады. 
Математикалық  талдаудың  бастамаларын  оқытуда  математика  мұғалімінен 
шек,  туынды,  интеграл  және  тағыда  басқа  туралы  терең  және  жан-жақты 
білімінің  болуы  талап  етіледі.  Оларды  оқу  процесінде  мектеп 
қабырғасындағы  математика  сабақтарына  қатысты  туындаған  сұрақтарына 
жауапты  іздеп  таба  алуы  керек.    Осы  жерде  математиканың  өзге  ғылым 
салаларымен байланысы аса маңызды. 
Математика  курсында  оқушылар  алған  білімін  толықтай  және  терең, 
сапалы  түрде  ойында  сақтап  алуы  үшін  оқу  процесін  нақты  мысалдар 
келтіріп  өмірмен  сабақтастыра  білу  керек.  Бұл  оқушылардың  математикаға 
деген  көзқарастарын  өзгертеді  және  білімін  практикалық  тұрғыдан  қолдана 
білуге әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет