217
Жалпы орта білім беру жүйесінде ақпараттық жəне қатынастық
технологияларды қолдану оқытудың даралануы мен саралануы,
қосымша себеп тетіктерінің қолданылуының өзгеруі есебіндегі
оқыту тиімділігінің көтерілуіне əкеліп соғады.
Көптеген жағдайда қазіргі заманғы ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар мен ОЭИ құралдарын қолдану оқушыларды əр түрлі
деңгейдегі тапсырмаларды таңдау құралдары мен технологияларын
қолдану есебінде, үлгерімі жақсы оқушылардың курс тақырыбымен
өзіндік жетілуін ұйымдастыру мен үлгерімі нашар оқушыларды
толық оқылмаған материалдарға қайта оралып, оқыту үдерісінің са-
ралануына мүмкіндік береді.
Оқытуды даралау мен саралаудың жалпы орта білім
беру жүйесінде дəлелді түрде қолданған ақпараттық-қаты-
настық технологиялар құралдарының мүмкін факторларын еске-
ре отырып, жеке-бағдарланған оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік
бере алады.
«Жеке тұлға» ұғымы жеке-бағдарланған оқыту теориясының
орталық орындарының бірі болып табылады. Анықтамаға сəйкес,
тұлға дегеніміз рухани даму мен ақыл-ойдың жоғарғы деңгейіне
жеткен, дамыған ойға ие болған жеке тұлға болып табылады; ол
өзінің ойлау қабілетін өнер-білім жасауда қолдана алатын, ретке
жауап бере отырып, өзін жəне сыртқы жағдайларды басқара алатын
шығармашылық адам. Нақты тұлға тұрақты жəне ұзақ жасайтын
мінездемелердің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Тұлғаға бағдарланған білім оқушыны барлық білім беру
үдерісінің негізгі бағасы деп қарастырады; оқушылардың жеке
сапасының қалыптасуына жəне дамуына, ойлау қабілеттерінің да-
муына жағдай жасайды; шығармашыл, белсенді, бастамшыл тұлға
болуына, оқушылардың танымдық жəне рухани қажеттіліктерін
қанағаттандыру, олардың ақыл-ойын, əлеуметтік жəне қатынастық
мүмкіндіктерін, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту əдеттерін жетілдіру;
қоғамның өз бетінше білім алуға, жаңа əлеуметтік жағдайларда
қайта мамандану жəне бейімделуге қабілетті мамандарды қажет
етуіне бағдарланған.
Тұлғаға бағдарланған білімнің негізгі мақсаты –
Достарыңызбен бөлісу: