214
Оқу əдебиетімен жəне электрондық білім беру басылымдары-
мен жұмыс жасау əдісі мектепте тиімді қолданылуда. Дегенмен,
ақпараттық жарылыс жағдайында оқу əдебиетінің құндылығын
əрдайым қайта қарастыру қажет болады.
Шапшаң екпінмен дамушы ақпараттық технологиялар Интер-
нет желісі үшін бұл мəселе төтенше өзекте болып саналады. Со-
нымен қатар, Интернетті ақылы саудалау нарықтағы төменгі сапа-
лы баспасөз өнімдерін «лақтырып тастауға» мүмкіндік береді. Бұл
жағдай оқытушыны үлкен мəселенің əуре сарсаңына салады: оқу ма-
териалын баяндау кезінде қайсы ақпараттық ресурстарға жүгіну ке-
рек, білімді өз бетінше игеру жəне жадыда сақтау үшін оқушыларға
қай ресурсты ұсынамыз.
Тағы маңызды фактордың бірі, Интернет желісінде жүзеге асы-
рылатын заманауи гипермедиа-технологиялар əртүрлі желілерде
орналасқан үзінді мультимедиа-ақпараттарды өзара бір-бірімен
байланыстыруға мүмкіндік жасайды, оны құрылымдауға мүмкіндік
береді. Осылайша, түгелденген ақпараттық ресурс пайда болады
жəне оның көлемі іс жүзінде шексіз болуы ықтимал.
Осылайша, ақпараттық ресурс əдісін пайдаланатын оқытушының
мақсаты – қажетті ресурстарды таңдау жəне соған оқушыларды тар-
ту.
Осы əдістің басқа стандартты программалық оқыту жəне
əдебиеттермен жұмыс жасау əдістерінен басты айырмашылығы мы-
нада:
Достарыңызбен бөлісу: