253 8-ТАРАУ АҚПАРАТТЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫРУ БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ РЕТІНДЕ 8.1 Электрондық басылымдар мен ресурстарды жасау құралдар Оқытушылар мен оқушылар білім беруде қолданылатын муль-
тимедиа-ресурстарды құрастырушылар емес. Көбінесе оқытушылар
мен оқушылар мұндай құралдардың қолданушысы сапасында көрініп
жатады. Бірақ іс-тəжірибе жыл өткен сайын көптеген оқытушылар
қарапайым болса да, білім берудің электрондық құралдарын
құрастыруда шетте қалып жатпағандықтарын көрсетеді. Осыған
байланысты қазіргі заманғы оқытушы сапалы мультимедиа-ресур-
старды құрастыру технологиясын, аппараттық жəне бағдарламалық
құралдарды, оқытудың компьютерлік құралдарын құрастыруға
арналған талаптарды ұсыну керек.
Көптеген қарапайым мультимедиа-ресурстарды жасау үшін
түрлі HTML-редакторлар кеңінен қолданылады. Осыдан HTML тілі
əжептəуір динамикалық түрде дамуда, сондықтан тілдің жаңа стан-
дартын қанағаттандыратын ресурстар браузерлердің ескі түрлерінде
дөрекі көрсетілетінін ескерген жөн.
Одан басқа браузерлерді көрсетілім үшін қолдану оқудың
мультимедиалық ақпараттары сипаттамасын көрсетуге қосымша
шек қояды.
Жергілікті құрауышты жасауда қолданылатын бағдарламалау
жүйесі мультимедиаға желілік жəне жергілікті білім ресурстарын
интегралдай отырып курс жəне интернет жүйесінің ресурстарына
қарым-қатынас қосуға мүмкіндік беретінін ескере кету керек.
Анық айтатын болсақ, интернет желісіне арналған
мультимедиалық гипермəтіндік ресурстар жəне мультимедиалық
беттерді жасауда көбінесе келесі тілдер мен құралдар
қолданылатынын ескерту қажет: