314
дыруға, кəсіптік
өндірісті автоматтандыруға, есеп беруді
жүйелендіруде администраторлық саясат сапасын жақсартуға
мүмкіншілік беретін программалық жабдық. Оның құрамына
план секілді модульдер; сабақ кестесі;
электрондық журнал;
электрондық күнделік; анкета; статистика; есеп бөлімі; кітапхана
жəне т.б. кіреді.
Оның негізгі қолданушылары білім беру үдерісінде қатысу-
шылар мен басқарушылар болып табылады. Мұғалімдер мен ата-
аналарға SMS жүйесі білім алушының
сабаққа қатысуы мен оқу
үлгерімін, сонымен қатар тек білім алушыларды бағалап қана
қоймай, мұғалімдер мен мектеп басқармасы жұмыстарын да
бағалауға мүмкіндік береді.
Жүйеге ену үшін администратордан тағайындалған қолданушы
логины мен кілттік сөзі терілу қажет.
Сынып бөлмелерінің басқару жүйесі (Classroom Management
System - CRMS) – бұл программалық жабдық мұғалімге сабақ бары-
сын толық қадағалауға жəне мультимедиа кабинетінде жүргізілетін
сабақтардың негізгі қызметтерін үйретуге мүміндік береді: басқару,
білім алушыларды бақылау жəне олармен қарым-қатынас. Ол
екі мо-
дульден тұрады: мұғалімдер жəне білім алушылар.
Мұғалім модулінің негізі сабақ өту барысын қадағалайды:
басқару, оқушылармен қарым-қатынас жасау, экран арқылы
олардың əрекеттерін зерттеп отыруға мүмкіндік жасайды. Ол
мұғалімге компьютер сыныбында сабақ өту барысында жұмыс ор-
нынан алшақтамай толық қадағалауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің
оқушыны бұлай сырттай зерттеуі оқушыны негізгі оқыту барысында
алаңдатпайды жəне мазаламайды.
Оқушы
модулі мұғаліммен қатар, сыныптағы басқа да оқушы-
лар арасындағы өзара қарым-қатынастың болу мүмкіншілігін
қамтамасыз етеді. Ол тапсырмаларды орындай отырып, өзінің
мониторында кескінделген мұғалім сұрақтарына, сондай-ақ тест
сұрақтарына нақтылы уақыт аралығында
жауап беріп отыруын
қамтамасыз етеді; мұғалім берген тапсырма бойынша форумдарға
қатысады; хабарламалар арқылы басқа да оқушылармен немесе
мұғаліммен хат алмасады жəне т.б.
CRMS жүйесі Интернет желісіне шыға отырып, оқытудың түрлі
əдістерін қолдану мүмкіншілігін жасауға қабілетті: қос-қостан, топ-
пен, жекелей жəне жаппай жұмыс жасау жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: