Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


Оқушылардың өз бетiндiк жұмысындағы



Pdf көрінісі
бет56/189
Дата17.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#34758
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   189
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

4.4 Оқушылардың өз бетiндiк жұмысындағы 
мультимедиа
Мультимедиа технологияларды пайдалану оқушыларының 
өзіндік оқу жұмысының тиiмдiлiгін арттыра отырып, түрін 
айтарлықтай өзгертуі мүмкін.
Оқу кезінде мектеп оқушыларында ғылыми, оқу жəне əдістемелік  
əдебиетті өзіндік оқудың тұрақты қажеттілігін, көпшiлiгi ғаламтор 
желiсінде жарияланатын заманауи мультимедиа-ресурстарын 
қолдану қажеттілігін қалыптастыру қажет. Бұл үшiн оқушы өзінің 
танымдық белсендiлiкті қажет ететін жағдайға қойылуы керек. 
Сондықтан да жалпы орта бiлiм жүйесiнде мектеп оқушыларының 
тиiмдi өзiндiк жұмысын ұйымдастыру аса маңызды.
Мектеп оқушыларының өзіндік қызмет түрлерiнiң жiктеулерi 
алуан түрлi болғандықтан, оқушылардың танымдық дербестiгiнің 
деңгейi бойынша жiктеудi қарастырайық.


124
Үлгi бойынша жаңғыртылатын өзiндiк жұмыстары. Жұмыстың 
бұл түрі үлгi ретінде түрлі мультимедиалық ресурстар қолданылатын 
үлгіні пайдалану негiзiнде орындалады. Мектеп оқушыларының 
танымдық өзіндік қызметi тану, ұғыну, есте сақтау, белгiлi əдiстi 
жаңа міндетке жинақтауда көрінеді. Мұндай жұмыстардың мақсаты 
тапсырмаларды орындаудың тəсiлдерiн бекiту, біліктілік пен 
дағдыны қалыптастыру, оларды мықтап нығайту, таным белсендiлiгі 
мен өзіндіктің жоғары деңгейлi тапсырмаларын орындауға негіз 
қалау болып табылады. Мұндай жұмыстар мұғалiммен таңдалған 
мультимедиа-ресурстарымен өзiндiк жұмыс үлгісінде, оқу мульти-
медиа-материалын іріктеу мен жүйелеу сабақ конспектісі  түрінде 
берілуі мүмкін. 
Эвристикалық өзiндiк жұмыстары. Өзiндiк жұмыстың 
бұл түрлерінде оқушыға бейтаныс жағдайды талдап, қажеттi 
мультимедиа-ақпаратты алуды талап ететін танымдық мiндеттерден 
тұрады. Эвристикалық түрдегi жұмыстарды орындау барысында 
оқушының танымдық белсендiлiгі мен дербестігі мəселелі жағдайды 
талдау жəне тапсырманы шешу тəсілдерін табудағы ол өткізетін 
жалпылауларда байқалады. Мұндай тапсырмаларды орындау 
нəтижесiнде мектеп оқушылары iздестiру қызметтерiнен тəжiрибе 
жинайды, шығармашылық элементтерiн меңгередi.
Шығармашылық (зерттеу) өзiндiк жұмыстары. Бұл түрдегі 
өзiндiк жұмыстар мектеп оқушысының мультимедиа-ақпаратты 
қолдану арқылы ол үшін жаңа білімдер өндiрiсіне тiкелей қатысуды 
білдіреді. Мектеп оқушысы өз алдында тұрған мəселелерді шешу 
құралдары мен тəсілдерін өзі таңдауы қажет, жəне тапсырма-
ны орындауы үшiн қажеттi білім мен мультимедиа-ресурстарды 
анықтап, қажеттісін таңдауы қажет.
Соңғы екi үлгідегі өзiндiк жұмыстарды жобалар түрінде өткiзген 
дұрыс. 
Өзіндік оқуды өткiзу тəсiлдерiнің кең таралғандарының бiрi 
мультимедиа-ақпаратты кең ауқымды пайдалануға негiзделген 
кешендi кейс-технологиялар болып табылады. Мұндай техно-
логиялар арнайы үлгіде (кейс түрінде) ұсынылатын баспа жəне 
мультимедиалық оқу-əдiстемелiк материалдарды өзіндік оқуға 
негiзделген. Бұл ретте дəстүрлi сынып-сабақтық пəндерге маңызды 
рөл берiледi. Дегенмен, оқушылардың топ құрамында арнайы 
 
дайындалған мұғалiмдермен белсендi жұмысына жиi назар аудары-
лады. 


125
Кеңестер, конференциялар, хат алмасу өткізу үшін жəне 
мектеп оқушыларын электрондық кітапханалардағы оқу 
жəне басқа ақпаратпен қамту үшін компьютерлік желiлер мен 
ондағы жарияланған мультимедиа-ресурстар, дерекқор мен оқу 
мекемелерінің электрондық басқару жүйесі осындай техноло-
гияларды пайдаланады. Осыған пайдаланылатын мультимедиа-
технологиялардың маңызды қасиетіне мектеп оқушыларын жедел 
басқару, мұғалiммен жəне сыныппен қарым-қатынас барысында 
тəрбиелеу мүмкiндiгі болып табылады. 
Негiзiнен, оқу үрдісiне кейс-технология енгiзу – жалпы орта 
бiлiм беру жүйесiндегі  дəстүрлi əдiстердiң  бай мүмкiндiктерiн пай-
далану мен сақтау талабымен байланысты оқушылардың өзіндік 
оқуының үлкен көлеміне көшудің ыңғайлы тəсiлi.
Сипатталған тəсілдер шеңберіндегі өзіндік оқытуда 
қолданылатын мультимедиа-материалдардың ерекшелiктері мына-
лар:
- мектеп оқушыларына пəнді мұғалiммен кездесуді қысқарту 
жəне дəстүрлi мектеп кітапханаларынан алыстау жағдайында өз ал-
дына толық зерттеуге мүмкіндік беретiн жүйелі-ұйымдастырылған 
мультимедиа-материал кешенінің толықтығы жəне бүтiндiгі;
- оқушылардың белсенді өзіндік жұмысын білдіретін жəне 
ынталандыратын барлық мультимедиа-ресурстардың маңызды 
интербелсенділігі;
- оқушылардың кəсiби қызметiне мүмкін бағытталу (əсiресе 
бейінді оқу үшiн).
Өзіндік оқудың арту мүмкіндігіне қарамастан, мультимедиа-
технологияларын пайдаланумен өткізілетін мектептегі дəстүрлі 
күндізгі сабақтар мұндай технологиялардың маңызды элементі 
болып табылады. Мұндай пəндер мектеп оқушыларының оқу 
материалының үлкен дербес блоктарын дербес зерттеу мен ұғыну 
кезінде алынған түрлi бiлiм-дағдыларын практикалық қолдануға 
есептелуi керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет