135
қиын. Осыған ұқсас оқу құралдары Интернет желісінде орналасқан.
Қазіргі практикада тек қана мəтіндік ақпараттық мақалаларды ғана
қамтитын компьютерлік гипермəтіндік жүйелерді табу мүмкін емес.
Мұндай жүйенің барлығы фото
суреттерді, суреттерді, бейне жəне
аудио үзінділерді біріктіре отырып гипермедиа жүйесін құрайды.
Осыған байланысты гипермəтін ұғымы жалпылама болып табыла-
ды. Гипермəтін сөзін гипермедиалық болып табылатын жүйе деп
атау тегін емес. Гипермəтін жəне гипермедиа сөздері өзара синоним-
дес сөздер.
Гипермəтіндегі гиперсілтеме ретінде:
- терминдер жəне ұғымдар сөздігіне сілтемелер;
- статикалық иллюстрацияларға сілтемелер (бейнелейтін жəне
шартты-графикалық);
-
мультимедиалық ақпарат элементтеріне сілтемелер
(анимациялық үзінділер, аудиожазбалар жəне бейнеүзінділер);
- хрестоматиялық, анықтамалық жəне
қосымша материалдарға
сілтемелер;
- мəтіннің құрылымдық элементтеріне сілтемелер (кіріспе,
тақырып нөміріне, бөліміне жəне бөлімшелерге, сұрақтар
тізіміне жəне т.б.);
- оқу жəне ғылыми əдебиеттер
тізіміне сілтемелер;
- ұйымдар тізіміне сілтемелер;
-
тарихи жағдайлар мен күндер тізіміне сілтемелер
(хронологиялық көрсеткіш);
- географиялық аталымдар тізіміне сілтемелер;
- телекомуникациялық желідегі сайттарға сілтемелер.
Гипермəтіннің сілтемесі ретінде тек қана сөздер ғана емес, соны-
мен қатар сандар жəне графикалық элементтер де бола алатындығын
атап өту керек. Гиперсілтемелер ақпараттық
мақаланың белсенді
элементтері болып табылады. Гипер сілтеменің көмегімен
қолданушы өзі жұмыс істеп отырған ақпараттық ресурс бойын-
ша жергілікті компьютерде немесе телекомуникациялық желіде
орналасқан басқа ресурсқа ауыса алады.
Оқу материалында бағытталудың тиімділігі көбінесе
гипермəтінде кіріспе, сілтеме,
нұсқаулар, навигациялар жүйесінің
қаншалықты дұрыс ұйымдастырылуынан тəуелді. «Ешбір үлкен
кітап, – деп жазды Я. А. Коменский, – Нұсқаусыз шықпауы тиіс.
Нұсқаусыз кітап – терезесі жоқ үй, көзі жоқ дене, тізімі жоқ мүлік:
оны қолдану оңай емес» [2, қосымша əдебиет].
136
Гиперсілтемелер мен навигацияларды ұйымдастыруға арналған
талаптар бар. Гиперсілтемелерде қайда бағытталғандығы жөнінде
ақпарат қамтылуы жəне нақты белгіленуі тиіс. Гиперсілтеменің
тізбесінде келесі қадамды көрсететін
нақты логикалық келісім
сақталуы қажет. Əрбір тарауда (тақырыпта), параграфта жəне
қосымша параграфта сілтеменің нұсқауы болуы тиіс, оның көмегімен
тақырыптың (беттің), кіріспенің басына келуге болады, параграфқа
немесе қосымша параграфқа, бөлімге
немесе бөлімшеге көшуге бо-
лады. Сілтемелер гипермəтінді жасаушылардың ойымен сəйкесінше
қойылады жəне сөздер арасындағы байланыс құрылымына жауап
береді. Сілтемені бұлай орналастыру тəуелсіз, ешқандай бірыңғай
нұсқаусыз қойылады. Соған қарамастан, сілтемелер тізімін туыстас
ақпараттық мақалаларға безендірудің 2-кестеде сипатталған үш
негізгі нұсқасын ерекшелеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: