Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


6.4 Оқушылардың сыни ойлауы интернет



Pdf көрінісі
бет77/189
Дата17.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#34758
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   189
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

177
6.4 Оқушылардың сыни ойлауы интернет 
желісінен алынған теріс ақпаратқа сай 
қарым-қатынас факторы ретінде
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары жəне басқа 
да ақпараттық ресурстарды қандай пəннен сабақ беретіндігіне 
қарамастан, барлық мектеп мұғалімдері қолданады. Сонымен қатар 
қазіргі мұғалім оқушыларды интернетті жəне желіде жарияланған 
ақпаратты қолдана отырып, желімен жəне ресурстармен еріксіз та-
ныстырады. 
Мұндай жағдайда интернет ресурстарының мазмұнымен жұмыс 
барысында мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мəселелері 
туындайды. Білім берудегі интернет ресурстарды қолданудан 
психологиялық-педагогикалық сипаттағы жəне ақпараттандыру 
құралдарының оқушының денсаулығының физиологиялық 
жағдайына кері əсерін тигізетін келеңсіз жағдайлар туындауы да 
мүмкін. Осы факторлардың барлығын мұғалім сəйкесінше дайындық 
барысында білуі жəне түсінуі тиіс.
Оқушыларды оқыту барысындағы желіде орналасқан ақпаратты 
қолдану екі сипатта: біріншіден, интернет-ресурстар ақпараттың 
өзегі ретінде көрінсе, екіншіден, ақпаратты алу құралы ретінде 
көрінеді. Осындай сипаттамалардан, осындай құралдарды білім 
беру мақсатында қолдану келесі негізгі дидактикалық міндеттерді 
шешуді қамтамасыз етеді:
- жалпы даму туралы жəне қызықтыратын оқу ақпаратын 
беру;
-  өзара қарым-қатынас құралдарымен қамтамасыз ету;
-  оқытудағы ақпараттық жəне телекомуникациялық технология-
ларды қолдану іскерлігін меңгеру тəсілімен қамту.
Мектептің барлық пəндері бойынша интернетті оқытуда 
қолдану  оқушыларға ақпаратты іздеу, қайта өңдеу жəне алудың 
жаңа технологиясын қолдану бойынша қосымша іскерліктерді 
меңгеруге мүмкіндік береді. Осыған орай интернет ресурстары мен 
құралдарын пəнаралық кіріктіруді практика жүзінде іске асыратын 
жолдардың бірі ретінде қарастыруға болады. Бұдан оқушылардың 
интернет желісінің ресурстарында қамтылатын ақпаратпен жұмыс 
жасау барысында дағдысы қалыптасатын информатиканың оқу пəні 
ретіндегі рөлі күшейеді. 


178
Бұдан басқа, компьютерлік желіден ақпаратты адекватты 
сыни түсіну қажеттігі, телеқатынастарды меңгерудегі ақпаратты са-
уатты өңдеу мен қабылдау тəсілдерін толықтыру қажетілігін туды-
рады.  
Интернет желісі ресурстарын меңгеруде оқушылардың 
мотиваициясына əсер ететін факторларды іріктеу жəне қолдану 
қажет. Мұндай мотивтерді ерекшелеу оқушылардың компью-
тердің көмегімен алынатын ақпаратпен жұмыстың психоло-
гиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізу 
керек.
Интернет желісі ресурстарында қамтылатын ақпарат, біржағы-
+нан ақыл-ой жəне эмоционалдық күш түсіруге əкелетін адамның 
қабылдауының бірнеше каналдарына əсер етеді. Көру, есту жəне 
тактилді ақпараттық каналдарды біруақытта қолдану ақпараттың 
өңдеу қиындық келтіреді. Бұл меңгеруге қажетті уақытты 
қысқартады. Оқушы интернеттен алынатын ақпаратты сыни түрде 
бағалау мүмкіндігінен айрылады. Сонымен қатар, оқушыларға оқу 
материалын дұрыс емес интерпретациялауға əкелетін таныс емес 
белгілік жүйеде бағдарлануға тура келеді.
Бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша интернет желісіндегі 
ресурстарға жеткілікті түрде жоғары ақпараттық жəне кеңістіктік 
анықталмағандық тəн, сондай-ақ ол оқушылардың адекваттық 
бағдарлануын талап етеді. Көптеген оқушыларда интернетпен 
жұмыс жасаудағы эмиоционалдық күйзеліс жəне коммуникативтік 
тосқауыл осы анықталмағындықтың пайда болуының бір көрінісі 
болып табылады. 
Жасөспірімдер өз бетімен желіде орналасқан үлкен көлемдегі 
ақпаратты өңдей алмайды, қажетті ақпаратты іздеуге қиындықты 
сезеді, келеңсіз сипаттағы ақпараттың əсеріне түседі. 
Осыған ұқсас ақпараттың күшеюі, ақпараттың жетімсіздігі 
күрделі функционалдық жағдайсыздығын туғызады, сондай-ақ 
психикалық денсаулықтың бұзылуына əкеледі. Осыған байланыс-
ты оқушыларда интернет желісін қолдануға деген қызығушылық 
жəне мотивация жойылып кетеді немесе қызығушылығы əржақты 
бола бастайды. Желідегі жұмыстың келеңсіздігі, өз кезегінде, 
оқыту үдерісіндегі жəне күнделікті өмірдегі желі технологиясының 
мүмкіндіктерін практика жүзінде қолданылуынан бас тартуға əкеліп 
соғады. 


179
Оқушыларға интернеттің жағымсыз əсерін төмендетуге 
мүмкіндік беретін оқыту əдістемесі қажет. Практика мұндай 
əдістеменің бар екендігін көрсетеді.  Интернет желісінің ресурс-
тарымен жұмыс жасауға қызығатын оқушыларды бақылаудан, 
оқушылар жұмыстың басында ақпараттық-коммуникативтік сипатта 
болуымен түсіндіріледі. Алдыңғы мотив ретінде жаңа мазмұны көп 
емес, сыни тұрғыдан өңдеуді қажет етпейтін, бірақ оқушылардың 
қызығу тақырыбына байланысты ақпаратты алуға ұмтылысы жата-
ды. Оқушыларда желіні қолдануға деген қызығушылық жəне моти-
вация пайда болады. 
Бұл кезеңде оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін 
ескере отырып, оларды қажетті білім саласына бағыттайтын 
мұғалімнің көмегі қажет.  Желіде ақпаратты немесе нысан-
дарды  іздеу алдында, оқушылар өзі нені іздесе сол ақпаратты 
немесе нысанды үлгілеуі қажет. Оқушылар интернет ресурстын не 
үшін қолданып отырғандығын нақты түсінуі, мектепте оқу үшін 
қажетті нақты мақсатқа бағытталған ақпаратты іздеуге мүмкіндік 
беретін құралдар мен технологияны меңгеруі қажет екенін сезінуі 
тиіс. 
Осындай жағдайда оқушылардың сыни ойлауы, ақпаратты 
сауатты интерпретациялау іскерлігі, проблемалық жағдайды 
əртүрлі тəсілдермен шешу, интернет желісіндегі ақпараттық ресурс-
тармен жұмыс жасау үдерісіне шығармашылық көзқараспен қарау 
дамиды.
Мектеп мұғалімі жасөспірімдердің желіден оқу-танымдық 
ақпаратын алуда мотивациясын арттыру қажеттігін ескеруі қажет. 
Оқушылардың қызығушылығын басшылыққа ала отырып, олар-
ды мектеп пəндерін меңгеру тиімділігін арттыру мақсатында 
оқушылардың денсаулығына психологиясына кері əсерін азайту 
арқылы желі ресурстарына бағыттау керек. 
 Оқушылардың интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарға 
адекватты қарым-қатынасын қалыптасу қажеттілігін ескере отырып, 
денсаулығын сақтаудағы шараларды белгілеуге болады:
-  ақпаратты өңдеу жəне алу іскерлігі;
-  ақпараттың адрестік бағытталуы;
-  ақпаратты сыни тұрғыдан түсіну дағдысын қалыптастыру;
-  альтернативтік тұрғыдан негіздеу дағдысы;


180
-  ақпаратты интерпретациялау дағдысын қалыптастыру;
-  тлеқатынастық желі арқылы алынған ақпаратты оқытуда жəне 
күнделікті өмірде қолдану жəне сақтау.
Мұндай мүмкіндіктерге жету үшін оқыту əдістемесі оқушылар 
интернет желісіндегі ақпараттық ресурстар туралы түсініктер ала-
тындай болуы шарт. Сабақта оқушыларға жеткілікті танымал 
жəне белгілі желі ресурстарында нақты емес, толық емес жəне 
дұрыс емес ақпарат болуы мүмкін екендігі жөнінде мəлімет 
берілуі тиіс. Мұғалім оқушылардың зейінін жарнамалық ақ-
параттың қауіптілігіне аударуы қажет, онда əдейі жіберілген 
қателіктері жəне файлдармен еркін қарым-қатынас жасау мүмкіндігі 
беріледі. Барлық толық емес жəне нақты емес ақпаратттарға берілген 
мысалдар сəйкесінше мұғалімнің, сонымен қатар оқушының тара-
пынан берілген комментарийлер жəне түсініктемелермен берілуі 
тиіс.
Интернет желісінде орналасқан ақпаратты меңгеру мен 
қолдануға арналған оқытудың əдістемесі бар. Егер сабақ аз топ-
та жүргізілсе, əрбір оқушыда интернетке қосылған компьютер-
мен жұмыс істеу мүмкіндігі болса, мұғалім телекомуникациялық 
желідегі құралдар мен ресурстармен қарым-қатынас жасауына 
нұқсан келтірмей оқушылардың əрекетін бағыттап отырса жетеді. 
Шағын топтағы оқушылардың қарым-қатынасы өзара көмек сипа-
тында жəне оқушы өзінің шығармашылық қабелітін дамыту үшін 
нақты мүмкіндіктерге ие болады. Оқушылардың интернет желісі 
ресурстарын қолданудағы денсаулығына психикалық жағымсыз 
əсері аз болады. 
Сонымен қатар ақпаратты қабылдау үдерісінде интернет 
жəне желідегі жарияланған ресурстар орнын баса алмайтын 
мұғалімнің сөзі үлкен қызмет атқаратындығын ескеру маңызды. 
Мұғалім оқушылар дұрыс қабылдауы үшін оларға түсінікті тілмен 
жеткізе білуі тиіс. Əдістеменің маңызды элементі өздерінің нені 
меңгергендігі жəне интернет желісіндегі ресурстарды жəне олар-
мен жұмыс жасаудың мүмкін болатын технологиясын қолданудың 
мазмұндық элементтерінің негізін түсінгендігі туралы оқушылардың 
ауызша пікірі болуы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет