203
тіркеліп отырады. Сабақ аяқталғаннан кейін жауаптар, ақпараттық
құралдардың жағымды сипаттамалары ұжымдық талқылау бары-
сында анықталады.
Ережеге сай, саралауыш
сабақтар оқытушылардың, əзір-
леушілердің, сарапшылардың жəне оқу жүйесінің осы дəрежедегі
ақпараттандыру құралдарын өңдеумен айналысатын мамандардың
қатысуымен өткізіледі. Саралаудың соңғы сатысында сарапшылар
білім алушылардың барлық сұрақтары мен шағымдарына талдау
жасау қажет. Яғни, бұл құбылыстар олардың электрондық білім
беру басылыммен немесе ресурстармен жұмыс істеу кезінде
туындаған.
Саралау қадамын талдау нəтижелері жəне нақты оқу үрдісі
кезіндегі ақпараттандыру құралдарының
айқындалған ерекше
жұмыс жасауы кəсіпорын-əзірлеуіштер мамандарына жіберіледі.
Олар, өз кезегінде, электрондық басылымдарды немесе ресурстарды
жетілдіру мақсатымен тиісті шараларды қолданады.
Электрондық білім беру басылымдарының жəне ресурстардың
сапасын бағалайтын жүйенің негізі болып
сараптама технология-
сы қарастырылады. Тəуелсіз құзыреттілік сараптаманы жүргізу
мақсаты ретінде білім беру жүйесінің
ақпараттық құралдарының
сапалық көрсеткіштері алдын ала анықталған халықаралық,
мемлекеттік жəне салалық стандарттардың, нормативті-техникалық
құжаттардың жəне т.б. талаптарына сай болуын орнату болып
есептеледі. Сонымен қатар, көрсетілген
электрондық білім беру ба-
сылымдарын қолдану негізінде оқу үдерісінің сапалылығын жəне
тиімділігін қамтамасыз ету маңызды.
Барлық электрондық білім беретін басылымдар мен ресурстар
үшін арналған сапаны сараптайтын əмбебап бірыңғай жүйе келесі
негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
Достарыңызбен бөлісу: