191 ·электрондық сериялар – ортақ мағынасы, тақырыбы, мақсаттық
бағыты бойынша біріктірілген томдардың жиынтығынан
құралған электрондық білім беру басылымдары сериялары.
Олар бір типте рəсімделеді.
Материалдың баяндау формасына байланысты электрондық
білім беру басылымдарын жəне ресурстарды конвекциялық,
бағдарланған, мəселе туғызғыш жəне аралас (əмбебап) деп бөлуге
болады.
Конвекциялық электрондық білім беру басылымда- ры – классикалық педогогика дəстүріне сəйкес келеді жəне
энциклопедиялық немесе монографиялық сипатқа ие. Бұл секілді
электрондық білім беру басылымдары оқытудың ақпараттық
қызметін атқарады.
Бағдарланған электрондық білім беру басылымдары «реак-
циялық ынталандыру» жүйесі бойынша оқытуға негізделген.
Мұндай басылымның тармақталған немесе сызықты бағдар-
ламасының формалары бар. Жəне ең алдымен білім алушының
өзіндік жұмысына бағытталған, осылайша ол алынған білімнің
негізімен əдістерін ашады жəне оларды кəсіби шеберлікпен байла-
ныстыруды үйренеді.
Мəселелік электрондық білім беру басылымдары проблемалы
оқу теорияға шоғырланған жəне логикалық ойлау жүйесін дамытуға,
білімді қабылдау құраушысын шығармашылық ынталандыруға
бағытталған.
Аралас (əмбебап) электрондық білім беру басылымдары
құрамына аталған электрондық білім беру басылымдары түрлерінің
жеке элементтері кіреді.
Технологиялық таралуына байланысты электрондық білім беру
басылымдарын жəне ресурстарды былайша жіктеуге болады:
-жергілікті электрондық білім беру басылымдары – жергілікті
пайдалануға арналған электрондық басылымдар. Олар
белгілі бір мөлшерде жекедара дана (тираж) түрінде ақпарат
тасығыштарда шығарылады;