жұмысы барысында қолданылатын FCL
кітапханасындағы атаулар
кеңістігіне сілтеме болады. Жобада өзіне қосылатын барлық DLL-ге және
басқа жобаларға сілтемелер болады.
«Жобаның жұмыс жасауы үшін оған керекті ресурстар мен орнатулар
қосылады. Жобаны құрастыру сипаттамасын сақтайтын файл жобаның бір
бөлігі болып келеді.
Таңдалған типіне байлысты жоба орындалатын
және орындалмайтын
болып бөлінеді. Орындалатын жобаларға, мысалы, Console немесе Windows
типіндегі жобалар жатады. Орындалатын жоба қаңқасын құрғанда оған Main
атаулы тұрақты әдісі бар класс қосылады. Осындай жобаны компиляциялау
нәтижесінде PE-файл (Portable Executable file) – exe-ні анықтайтын,
орындалатын файл құрылады. Ескерту, PE-файл компьютерде тек Framework
.Net орнатылса ғана орындалады.» [5]
Орындалмайтын жобаларға, мысалы, Dll типіндегі жобалар жатады.
Құрастыру (сборка) – жоба компиляциясының нәтижесі. Ол нұсқаның
нөмерімен белгіленген бір немесе бірнеше файлдар коллекциясынан тұрады.
Әрбір құрастыру компьютерде біртұтас болады.
Бағдарламашы жобамен
жұмыс істесе, ал CLR құрастырулармен жұмыс істейді. Құрастыру
қауіпсіздік сұрақтарын шешеді, өйткені онда өзіне керекті ресурстардың
сипаттамасы мен элементтерді пайдалану құқықтары бар. Әрбір құрастыруда
манифест болады, манифест құрастырудан және оның элементтерінің толық
сипаттамасынан, қажетті ресурстардан, басқа құрастыруларға сілтемелерден
тұрады. CLR-дің осы сипаттамасының
арқасында құрастыруды өрбіту,
аралық код трансляциясы мен оның орындалуы үшін басқа қосымша ақпарат
қажет емес. Манифест құрастыруды идентификациялайды,
құрастыруды
орындау үшін керекті файлдарды спецификациялайды, құрастыруды
құрайтын типтер мен ресурстарды спецификациялайды.
Visual Studio.NET 2008 ортасында дайындалатын әрбір жоба Шешім –
Solution деп аталатын белгілі бір қоршамға орналастырылады. Шешімде,
әдетте, ортақ тақырып бойыша байланыстырылған бірнеше жоба болуы
мүмкін. Мысалы, бір Шешімге үш жобаны орналастыруға болады: әзірленген
кластары бар DLL, консольді жоба, Windows-та басқарылатын жоба.
Жаңа жоба құрылу барысында оны бар Шешімге орналастыруға
болады немесе ол үшін жаңа Шешім құрылады. [5]
Достарыңызбен бөлісу: