қабырғадан үлкен болуы керек. Қосымша кодына түсініктемелерді қолдану
керек.
Біз Toolbox терезесінен стандартты үш басқару элементін
пайдаланамыз:
тұрақты мәтін (Labe1) элементі, мәтінді енгізу-шығару өрісі
(TextBox
), командалық батырма (Button).
– тұрақты мәтін;
– мәтінді енгізу-шығару өрісі;
– командалық батырма.
Түсіндіретін сөздерді жазу үшін төрт тұрақты мәтін қолданылады.
Үш мәтінді енгізу, нәтижені шығарудың бір өрісі және бір командалық
батырма қолданылады.
Визуалды бағдарламалау процессінде формаға Toolbox терезесінен
керекті басқару элементі көшіріледі
және белгілі бір орынға
орналастырылады. Әдетте Toolbox терезесі «жиналған» күйде болады. Оны
«ашу» үшін тышқанның оң жақ пернесімен Toolbox панелін басу керек,
элементі (оны басу керек) арқылы экранның белгілі бір орнына орнықтыруға
болады. Жұмыс аяқталғаннан кейін
элементінің көмегімен Toolbox
терезесін «жинауға» болады.
Визуалды бағдарламалау процесінде басқару элементтерінің кейбір
қасиеттерін өзгерту керек, мысалы, тұрақты
мәтін мен батырманың Text
қасиеті өзгертілді (1.3-сурет). Ол үшін Properties терезесін пайдалану керек
(1.4-сурет).
Енгізу өрістері мен шығару өрісінің айырмашылығы бар, шығару
өрісінің Multiline қасиеті Multiline = true тең. Барлық басқару
элементтерінде Text қасиеті қолданылды.
«Ввод» Батырмасын басу бойынша хабарды өңдеуші әдісін құру үшін
визуалды бағдарламалау кезеңінде осы батырманы екі рет басса жеткілікті.
Бос
private void button1_Click(object sender, EventArgs e)
хабар
өңдеушісіне кодты жазамыз: үшбұрыш қабырғаларын
мәндерін диалог
режімінде беру және олардың үшбұрыш шарттарына сай келуі.
textBox4.Text = "Үшбұрыштың бір қабырғасы 0-ден кіші!
Енгізуді қайталаңыз.";
}
}
private void Form1_Load(object sender, EventArgs e)
{
}
}
}
Орта автоматты түрде атаулар кеңістігін құрады. Оларды толығырақ
қарастырайық.
System атаулар кеңісті базалық және іргелі анықтамалардан тұрады,
олар: деректер типі, оқиғалар, оқиғалар өңдеуіштері, т.б.
System.Collections атаулар кеңістігінде кластар анықталған, олар
массивтерді,
тізімдерді, сөздіктерді, хэштерді анықтайтын контейнерлер
қызметін атқарады.
System.ComponentModel
кеңістігіндегі
кластар
қосымшаның
компоненттері мен басқару элементтерінің белгілі бір тәртіптегі қызметін
орындау үшін қолданылады.
System.Data класы ADO.NET интерфейсі арқылы деректер базасымен
жұмыс істейтін қосымшалар үшін керек.
System
.Drawing
кеңістігі графикалық
құрылғылар интерфейсіне
(Graphics Device Interface, GDI) қол жеткізу үшін керек, нақтырақ айтсақ,
оның толықтырылған GDI
+ версиясы үшін. Осы кеңістіктегі кластар
қосымша терезесінде сызықтарды, екі өлшемді пішіндерді, кескіндерді, басқа
да графикалық объекттерді салу үшін керек.
System.Windows.Forms кеңістігінде
формалардың жұмыс тәртібін
орындайтын кластар анықталған.
Қосымшаға нақтысында System және System.Windows.Forms екі кеңістігі
қажет, ал қалған атаулар кеңістігі қосымшаға қажетінше қосылады.
Қосымша ретке келтірілгеннен (после отладки) кейін барлық файлдарды
сақтау керек (менюде File->Save All командасын таңдау керек).
Бағдарламалаудың визуалды ортасы кішігірім қосымша үшін де 10-нан
аса файлдар мен бумаларды дайындайды. Жұмыс үстеліндегі бірінші
бағдарламаның 1_1_treygolnik бумасында WindowsFormsAplication1 бумасы
бар.
Оның
ішінде
WindowsFormsAplication1
атты
бума
мен
WindowsFormsAplication1.csproj-ды редакциялау үшін шақырылатын жоба
файлы бар. Ал WindowsFormsAplication1 бумасында тағы bin, obj, Properties
бумалары мен бірнеше файлдар (бағдарлама коды – Program.cs, форма коды –
Form1.cs) бар. Осы бумада Form1 формасы бойынша файлдың сырт пішінін
сақтайтын ресурстық файл және форма мен онда орналасқан барлық басқару
элементтер «қасиеттерінің» мәндерін сақтайтын Form1.Designer.cs файлы
орналасады.
Visual Studio .Net ортасымен жұмыс жасау үшін әзірше бізге тек форма
кодының файлы
Form1.cs қажет және осы
файлды ғана өзгертуге болады,
басқа файлдардың атауы мен қасиеттерін берілген күйде қалдыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: