Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет36/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   142
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

 
Сҧрақтар мен тапсырмалар 
 
1. И. А. Колесникова бойынша педагогикалық 
жобалау нысандарын атаңыз. 
2. Басқарудағы жобалаудың «белсенді агент» 
позициясын түсіндіріңіз. 
3. Білім 
беруді 
басқарудағы 
жобалаудың 
синергетикалық заңдылыққа негізделу мәнін 
түсіндіріңіз. 
4. Ф. Кумбстың не себептен «білім беру жүйесі
дағдарыс үстінде» дегенін дәлелдеңіз. 
5. А. Файоль ұсынған басқару құрылымының 
жетістігі мен кемшілігін талдаңыз. 
6. Э. 
Мэйо 
жасаған 
«адамдық 
қатынастар 
теориясының» мәні неде? 
7. Басқарудың бүгінгі рационалдық бағыттарының 
ӛкілдері кімдер, олардың ерекшелігі неде? 
8. В. С. Лазаревтың басқару түрлеріне сипаттама. 
9. Басқарудағы жобалау негізінде мәселені шешу 
моделі.
10. 
Басқарудағы жобалау қызметінің алгоритмі. 
11. 
Глоссарийді жалғастырыңыз. 
5. Жобалаудың білім берудің жаңа нәтижелерін 
қалыптастырудағы рӛлі 
Бүгінде посткеңестік кеңістікте ғана емес, батыстың 
алдыңғы қатарлы дамыған елдерінде де білім беру жүйесін 
жаңғырту ӛзекті мәселеге айналып отырғаны белгілі. 
Зерттеушілердің айтуынша, экономикалық дамудың жаңа 
факторы ретінде инновациялық үдеріспен бірге ӛрлеп келе 


101 
жатқан білімділікке сұраныс қалыптасуда, бұл экономика
әлемде білімділік экономикасы деп аталуда. Европалық 
экономикалық бірлесу және даму ұйымының (ОЭСР) 
кӛптеген елдерде жүргізген зерттеулері қорытындысында 
білім саласы білім индустриясына айналуы тиіс дей отырып, 
білім беру жүйесінің ӛзі де білім алуы, одан әрі дамуы керек, 
ӛйткені, білім нәтижелерін жақсарту үшін жүйелердің ӛздері 
тиімді болуы қажеттігі атап айтылған. Европаның табысты 
болуының кілтібілімдар экономикаға тікелей 
байланыстылығы кӛптеген талдаулар арқылы дәлелденген. 
Халықаралық ұйымдар, соның ішінде, Европалық білім 
қауымдастықтары да жаңа білім парадигмасының білім беру 
нәтижесіне бағдарлылық мазмұнын алға қоюда. Мысалы, 
біздің еліміз толық мүшесі болып қабылданған Болон 
процесі барлық деңгейлердегі білім беру ұйымындағы 
оқытудың қалыптасқан нәтижелері – білім, білік, дағдыға – 
қоса құзіреттілік сапаларының қарастырылуын жаңа 
парадигма туғызып отырған жаңа қажеттік деп бағалайды.
Білім алушының білім, білік, дағдыларымен қатар, 
құзіреттілік сапаларының болуын қажет ететін тенденциялар 
қазіргі заманның білім алу заманына айналып келе жатқанын 
кӛрсетеді. Соған сай білім үдерісінде білім беруден – білім 
алуға, оқытудан – оқуға кӛшу парадигмасы білім беру 
жүйесі ресурстарын қайта қарау талаптарын қойып отыр. 
Олар: білім беру мақсатын, күтілетін нәтижелерін нақтылау, 
білім беру үдерісін басқару әдістері мен технологияларын 
жаңарту, білім мазмұны мен білім беру үдерісін 
ұйымдастырушылық –  ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ету. 
Біздің еліміздің білім беру саясатын айқындайтын,
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және 
басқа да құжаттарындағы білім беру жүйесін дамыту 
талаптары интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы 
нақты міндеттерінен туындап отыр. Олар тӛмендегі 
бағыттарды қамтиды: біріншіден, интеллектуалды еңбектің 
мәртебесін кӛтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, 
Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын 
ӛзгерту, екіншіден, ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол 
үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, 


102 
жаңаша ойлайтын, қабілеті мол азаматтар қалыптастыру
үшіншіден, білім, ғылым және инновациядағы серпілісті 
қамтамасыз ету. Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі 
білім беруді дамытудың негізгі факторы адами капитал рӛлін 
арттыру, адами ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің 
ӛсуі және жаңа технологиялық толқын талаптарына жауап 
беруді қамтамасыз ету мақсаттарын кӛздейді. Соған сай, 
білім беруді жаңғырту, оны қаржыландыруды тұрақты түрде 
арттыру арқылы 2020 жылдарға қарай білім берудің жаңа 
сапасын қамтамасыз ететін жаңа жүйені қалыптастыру 
міндеттері нақтыланды. 
Осы міндеттер бүгінгі таңда еліміздің білім беру 
мазмұны мен нәтижелерін жаңартуды қажет етеді. Адам 
капиталын дамытуды кӛздейтін жаңа экономикалық
қатынастардың нығаюы мен әлемдік ӛркениетке ықпалдасу
білім берудің құндылықтарын жаңғыртуға ықпал етуде. 
Білім саласындағы жаңа құндылықтар ҚР Мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарттарының барлық 
буындарына арналған мазмұнында айқындалған. Ондағы 
негізгі ӛзгерістер білім берудің жаңа нәтижелері ретінде 
білім алушылардың құзыреттіктерін қалыптастыру 
белгіленуінде. Мысалы, 2008-2009 жылдары талдауға 
ұсынылған Жалпы орта білім беру
стандартының 5 
бӛлімінде орта білім беру мақсаты – білім алушылардың 
түйінді және пәндік құзыреттерін қалыптастыру арқылы 
олардың танымдық қабылеттерін, алған білімдерін оқу және 
ӛмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, 
ӛзін-ӛзі дамыту мен ӛзіндік басқаруын қамтамасыз ету деп 
сипатталған. Аталған құжаттың 5.5 бӛлімдегі базалық білім 
мазмұны және әр білім саласы бойынша түйінді және пәндік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет