Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет37/142
Дата23.05.2022
өлшемі2,09 Mb.
#35435
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   142
Байланысты:
bahisheva-ped-jobalau

құзыреттерді кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді 
анықтауға бағдар болып табылады, түйінді құзыреттер әр 
білім саласының алатын орнына сәйкес пәнаралық сипаттағы 
қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы қалыптасып, 
дамиды. Түйінді құзыреттерге: ақпараттық құзырет; 
коммуникативтік құзырет, проблемалардың шешімін табу 
құзыреттері жатады деген жолдар еліміздегі білім 
нәтижелерінің жаңа сапасын қамтамасыз етудің нақты 
қадамдарын кӛрсетеді.


103 
Сонымен қатар, стандарттардың Білім беру үдерісін 
ұйымдастыру ерекшеліктері» туралы бӛлімінде білім беруді 
ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптар белгіленген. 
Мысалы, 9.4 бӛлімде: білім алушылардың жеке және 
топпен ӛз бетінше іс-әрекетін жүзеге асыру үшін білім 
беру білім, білік және құзыреттердің кіріктірілуін 
қамтамасыз етуі тиіс. Білім беруді ұйымдастыруда білім 
алушылардың жетекші іс-әрекеті ретінде олардың ӛзбетінше 
зерттеу 
жүргізулері 
негізінде 
субъективті 
жаңалық 
ашуларын жүзеге асыратын тақырыптық және пәнаралық 
жобалар басымдық танытады делінген. Ал, 9.5 бӛлімдегі 
мұғалім мен оқушы арасындағы серіктестік қатынаста 
құрылған оқу ортасы білім беру үдерісіне қатысушылардың 
іс-әрекеттерінің ӛнімділігін қамтамасыз етеді. Бұл жерде 
мұғалім ұйымдастырушы ретінде сыныптағы оқушылардың 
жеке білім беру траекториясын іске асыруды қамтамасыз 
етеді, 
олардың 
сыныптан 
тыс 
оқу-іс-әрекеттерде 
бағдарлануына кӛмектеседі, ӛз бетінше білім алу 
дағдыларын 
дамытуға 
жағдай 
жасайды, 
сондай-ақ 
психологиялық-педагогикалық қолдау кӛрсетеді деген 
міндеттер педагогикалық жүйелердегі білім беру үдерісін 
басқарушы педагогтардың жаңа әдістерді меңгеру ғана емес, 
алдымен осы бағытта қалыптасқан ой - пікірлерінің, жалпы 
педагогикалық біліктіліктері мен құзыреттіліктеріндегі
жаңа сапалық ӛзгерістерді қажет етеді.
Осылайша, 
жалпы 
қоғамдағы 
үдерістердің
инновациялық сипат алуы және ӛзгерістердің басты 
ресурстары ретінде адам капиталы белгіленуі білім беру 
жүйелеріндегі барлық салаларды жаңаша ұйымдастыру  
талаптарын қоюда. Қазіргі таңда білім беруді дамыту 
бағыттарын кӛрсететін бірнеше маңызды факторларды 
атауға болады. Олар: 
1. Жаңа білімді туындату немесе жаңа білім 
түзілімдерін құрастыруға (бұрын тек мұғалім ғана 
жаңа 
білім 
кӛзі 
бола 
алатын) 
кӛптеген
адамдардың, ұжымдардың қатысуына байланысты 
педагогтардың рӛлінің, сонымен қатар, білім беру 
мазмұнының  ӛзгеруі; 


104 
2. Педагогтардың 
бойында 
ӛз 
әрекетін 
интеллектуалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін
жаңа құзыреттіліктерін дамыту қажеттігі
3. Қазіргі заманда ӛмір сүру барысында кез келген 
адамның құзыреттік сапаларын бірнеше рет 
жаңартып отыру қажеттігін түсіну; 
4. Бүгінгі білім берудің жекеленуге бағытталуы
яғни, әрбір білім алушы педагогтар мен 
тьюторлардың кӛмегімен, ӛзіндік білім алу 
траекториясын құрастыра алуы талап етілуі; 
5. Педагогикалық 
жүйелерді 
басқарушылардың 
қатарында жаңа мәселелерді шеше алатын, ойлау 
мен инновациялық әрекет етудің жаңаша 
үлгілерін жасай алатын адамдар болуын қажет 
етуі.
6. Ғылыми білімнің мектептегі сабақ–сыныптық, 
университеттердегі дәрістік–семинарлық формада 
жаттанды түрде берілуін ӛзгерту қажеттігі.
«Мак Кинзи» компаниясының кеңесшісі, ағылшын 
зерттеушісі М. Барбер білім беру нәтижесін түбегейлі 
ӛзгертудің басты үш факторы бар, олар: педагогтық 
қызметке соған лайық адамдардың келуін қадағалау, оларды 
оқытушылық қызметін тиімді жүргізуге қажетті деңгейде 
даярлау және әрбір білім алушыға сапалы білім беруге 
қолайлы жағдай туғызу. Кез келген білім беру ұйымындағы 
білім сапасы онда жұмыс істейтін оқытушылар сапасынан 
жоғары болуы мүмкін емес деген. Ол сонымен қатар, ӛзінің 
кӛптеген елдерде жасалған зерттеулеріне сүйене отырып, 
«әлемдегі нәтижесі жоғары білім беру ұйымдарын 
басқарудағы бәріне ортақ қасиет-ұйым жұмысындағы сапалы 
ӛзгерістерге қол жеткізудің бірден бір факторы педагогтарды 
дамытуға қажетті жағдайлардың жасалуы» дейді.
Бүгінде түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйелерде
кӛптеген инновациялық бағыттар пайда болып, жеке 
педагогтар тарапынан жаңа білім беру мазмұнын кӛздейтін
оқулықтар мен бағдарламалар, оқытудағы ақпараттық - 
комуникативтік, интерактивтік технологиялар ретінде 
ендірілуде. Дегенмен де, заман талабынан туындап отырған 
білім берудің жаңа құзыреттілік нәтижелерін қалыптастыру 


105 
педагогикалық ұжымның түгелдей теориялық дайындығын, 
әдістемелік 
және 
технологиялық 
тұрғыларын 
терең 
меңгеруін қажет етеді. 
Білім берудің барлық деңгейлерінде жаңа білім
нәтижелерін қалыптастыруды педагогикалық ұжымдардағы 
ӛзгерістердің ӛзегі деп қарастырсақ, ұйымның оны 
қамтамасыз ететін инфраструктурасы, ресурстары болуы 
тиіс. Ӛйткені, жаңа нәтижелеріне бағытталған ӛзгерістер 
мазмұны білім беру ұйымын басқарушылардың қалыптасқан 
кӛзқарасын, 
ойлау 
әрекеттерін 
ӛзгертуді, 
жаңа 
құзыреттіліктерін дамытуды талап етеді. Сонымен қатар, 
педагогтардың ойлау мен іс–әрекеттік дағдыларын, 
мотивациялары мен ұстанымдарын, басқару стилі мен 
әдістері ӛзгертуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет