Мутанова динара юлдашбаевна


Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері



Pdf көрінісі
бет6/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Dissertation Mutanova.pdf Мәдениетаралық-коммуникативті құзіреттілік

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеудің әдіснамалық 
негіздері ретінде жүйелік тұғыр, құзыреттілік тұғыр, мәдениеттанымдық тұғыр, 
тұлғалық-бағдарланған 
тұғыр, 
коммуникативтік-іс-әрекеттік 
тұғыр, 
аксиологиялық тұғыр алынды. Зерттеудің теориялық негіздеріне ғылымдағы 
коммуникация, мәдениет, педагогикадағы коммуникативтік мәдениет, кәсіптік-
педагогикалық білім беру теориялары, ағылшын тілін оқыту теориялары 
жатады. 
Зepттeу көздepi: зepттeу пpoблeмacы бoйыншa Қaзaқcтaн Pecпубликacы 
үкiмeтiнiң pecми құжaттapы, ҚP «Бiлiм туpaлы» Зaңы, «Қaзaқcтaн-2050»
cтpaтeгияcы, ҚP Бiлiм жәнe Ғылым миниcтpлiгiнiң жoғapы кәciптiк бiлiм бepу 
бaғдapлaмaлapы, мeмлeкeттiк білім беру cтaндapттapы, oқу жocпapлapы мeн 
бaғдapлaмaлapы, бiлiм бepу caлacын aқпapaттaндыpу тұжыpымдaмacы мeн 
бaғдapлaмacы; филocoфия, пcиxoлoгия, пeдaгoгикa, caлacындaғы ғылыми 
eңбeктep; oзық тәжipибeлep, coнымeн бipгe диccepтaнттың пeдaгoгикaлық жәнe 
зepттeушiлiк ic-тәжipибeci. 
Зерттеу кезеңдері. 
Зерттеу жұмысы 3 кезеңге сәйкес жүргізілді.
Бірінші кезең (2016-2017жж.) – зерттеу мәселесі бойынша теориялық 
ақпараттар жүйеленді, ғылыми аппарат анықталды, жоғары оқу орындарының, 
іргелі ғылыми зерттеулердің озық нәтижелері жинақталып, қорытылды, 
теориялық негіздері анықталды, ғылыми мақалалар даярланып, жарияланщды, 
тақырып аясында материалдар жиналды.
Екінші кезең (2017-2018жж.) – зерттеу тақырыбы аясында теориялық-
әдістемелік негіздерін жасау жалғасын тапты, элективті курс бағдарламасы 
даярланып, мазмұны айқындалды және оқу модульдері, жеке сабақтар 
әзірленді. Оқу-әдістемелік құралдар мен электрондық оқу құралы жарық көріп, 
оқу үдерісіне ендірілді, ғылыми мақалалар даярланып, баспадан шығарылды. 
Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтау және қалыптастыру кезеңдері 
жүзеге асырылды, аралық кесінділер алынды.
Үшінші кезең (2018-2019 жж.) – ғылыми мақалаларда диссертацияның 
мазмұны жарияланып, семинарларда баяндалды, талқыланды. Тәжірибелік 
эксперименттік жұмыс барысында алынған қорытынды нәтижелерге талдау 
және өңдеу жасалды. Зерттеудің нәтижелері жүйеленіп, қорытындыланды. 
Нәтижелер диссертацияның мазмұнына жүйеленіп енгізілді, тиісті тұжырымдар 
нақтыланып, ұсыныстар берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет