мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамыту»дeп тaңдaуғa нeгіз
бoлды.
Зерттеудің мақсаты: болашақ
ағылшын
тілі
мұғалімдерінің
коммуникативтік мәдениетін дамытудың теориялық негіздеу, әдістемесін жасау
және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексеру.
Зерттеу нысаны:жоғары оқу орнындарында ағылшын тілі мұғалімдерін
даярлау.
Зерттеу пәні: болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік
мәдениетін дамыту үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы:егер, болашақ ағылшын тілі
мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамытудың құрылымдық-
мазмұндық моделі және әдістемесі жасалып, тәжірибеге ендірілсе, онда студенттердің коммуникативтік мәдениеті жоғары деңгейде дамиды, өйткені
ұсынылған модель мен әдістеме ғылымдағы коммуникация, мәдениет,
педагогикадағы коммуникативтік мәдениет, кәсіптік-педагогикалық білім беру
теорияларына, ағылшын тілін оқыту әдістемелеріне негізделген.
Зерттеу міндеттері: - болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін
дамытудың ғылыми-практикалық алғышарттарын анықтау;
- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін
дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау;
- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін
дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін
дамытудың әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік
жұмыс барысында тексеру.
9
Зерттеудің жетекші идеясы:болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің
коммуникативтік мәдениеті педагог мамандардың кілттік құзыреттіліктерінің
аясында шет тілінде оқыту әдістемесінің инновациялық әлеуеті арқылы
қалыптасады.