10
Зерттеудің базасы: Қoжa Axмeт Яcaуи
aтындaғы Xaлықapaлық қaзaқ-
түpiк унивepcитeтiндe, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университетінде,
Қopқыт
Aтa
aтындaғы
Қызылopдa
мeмлeкeттiк
унивepcитeтiндe жүpгiзiлдi.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы:
- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің
коммуникативтік мәдениетін
дамытудың ғылыми-практикалық алғышарттары анықталды;
- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін
дамытудың теориялық-әдіснамалық
негіздері анықталды;
- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін
дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды;
- болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін
дамытудың
әдістемесі жасалып, оның тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік
жұмыс барысында тексерілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік
мәдениетін
дамытуға арналған оқу-әдістемелік кешен әзірленіп, оқыту үдерісіне ендірілді:
элективті курстың бағдарламасы:
«Ағылшын тіліндегі шешендік өнер»,
«Коммуникативті мәдениет»; оқу құралдары: «English for philology
specialists», «Креативті педагогика», «Let’s improve our communication in
English».
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарының
ағылшын тілі мұғалімін
кәсіби даярлау үдерісіне, кәсіби біліктілігін жетілдіру орталықтарында,
педагогикалық колледждерде,
жалпы орта білім беру, қосымша білім беру
ұйымдарында пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: