Глоссарий абсолют



Pdf көрінісі
бет19/19
Дата27.05.2022
өлшемі492,82 Kb.
#35749
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Глоссарий

ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕР – қандайда бір негізгі идеялық 
принциптерді біріктіретін, философиялық ілімдер жинағы.
ФОРМА – Аристотель бойынша, өмір бастауы мен әрекетінің белсенді 
бастамасы.
ФРАНКФУРТ МЕКТЕБІ 20ғ. неміс философиясы менәлеуметтануында
30ж.ж. басында пайда болды, Франкфурте-на-Майнеде әлеуметтік зерттеу 
институты 
(1931, 
1934-39ж.ж. 
Женева 
менПарижде, 
1939-46ж.ж. 
АҚШта),көрнекті өкілдері: М. Хоркхаймер, Т. Адорно, Г. Маркузе, Э. Фромм, 
Хабермас.


ЭКЛЕКТИКА (гр. ekiego - таңдаймын) – әртүрлі, көбінесе қарама қайшы 
көзқарастардың, теориялық алғышарттардың, саяси бағдарлардың және т.б. 
тоғысуы. Мәселен, материализм мен идеализмді ұштастыру сипаты да бар. 
ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ - (лат. Exsistentia – тіршілік), 20ғ. Басында пайда 
болған қазіргі заман философиясындағы тіршілік философиясы. Идеялық 
бастауы – Кьеркегор ілімі, өмір философиясы, феноменология. Діни 
экзистенциализм (К. Ясперс, Г. Марсель, Н. А. Бердяев, Л. Шестов, М. Бубер)
және атеистік (М. Хайдеггер, Ж. П. Сартр, А. Камю) деп бөледі. Басты ұымы - 
экзистенция (адамның өмір сүруі); негізгі модустары адам тіршілігінің қамы, 
үрей, ар, шешім; адам экзистенцияны шекаралық жағдайда өз тіршілігінің 
тамыры ретінде жетілдіріеді (күрес, қайғы, өлім). Батыс мәдениеті мен 
әдебиетіне маңызды әсер қалдырды.
ЭКЗИСТЕНЦИЯ – экзистенционализмнің басты ұғымдарының бірі, жеке 
адам болмысының тәсілін түсіндіреді және өлім, қамқорлық, үрей, уайым 
сияқты ұғымдарды қолданады.
ЭТИКА - (гр.ethos – дағды, әдет-ғұрып), зерттеу обьектісі мораль болып 
табылатын философиялық пәндердің бірі. Терминді зерттеуді алғаш 
қолданған Аристотель. Этиканың басты категориялары қайырымдылық пен 
зұлымдық. ЭСТЕТИКА - (гр. аisthetikos – сезіну, сезімдік) – адамның 
дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары 
туралы,
әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен 
формалыр туралы ғылым. 18ғ. А. Баумгартен ерекше пән ретінде, «эстетика» 
терминін енгізді. ЭНТЕЛЕХИЯ – қозғаушы күш ретіндегі мақсаттылық, 
нысаналық, өзінідк мақсат, мүмкіндікті өмір шындығына айналдыратын 
негіз.
ЯН ЖӘНЕ ИНЬ - қытай философиясындағы екі бастама: - ян - жарық
белсенді, ер әрі рухани бастама; - инь - қараңғы, әлсіз, әйел, әрі заттық бастама. 
Ян и инь, қарама қарсылықтың, жарық пен қараңғылықтың, күн мен түннің, 
күн мен айдың, аспан мен жердің, жақсы мен жаманның және т.б. өзара 
әрекетін бейнелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет