АНТРОПОМОРФИЗМ – адамда болатын қасиеттерді табиғат құбылысында
бар деп түсінетін алғашқы адамдардың ойлауы
.
АНТРОПОСОЦИОГЕНЕЗ–адам мен қоғамның қалыптасуы.
АПЕЙРОН – көне грек философиясының термині, «шексіздік»
деген
мағынаны білдіреді.
АПОЛОГЕТИКА-ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен
дін
ілімін
қорғау және ақтауға негізделген христиандық ілім.
АПОРИЯ – шешімі қиын немесе шешілмейтін мәселелерге байланысты
қолданылған ұғым. Ол, негізінен бақылау
және тәжірибе жасау аркылы
алынған қорытындылар мен сол қорытындыларды ойша талдап көрудің
арасында туатын қайшылықтарлы білдіреді.
АПОСТЕРИОРИ ЖӘНЕ АПРИОРИ – тәжірибеге қатысты,
олардың
ақиқаттылығы
туралы білім алатын тәсіл бойынша тұжырымдар немесе
пікірлердің түрлері арасындағы айырмашылық.
Априорлы білім - өмір
тәжірибесіне тәуелсіз, оған дейін танылатын ұғым. Апостериорлы –
тәжірибеден алынған білім.
АТАРАКСИЯ -
руханитыныштық
және
наразылықтың
болмауы күйі,
әлемнің барлық мәселелерінен бас тарту. (Эпикур).
Достарыңызбен бөлісу: