Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі



Pdf көрінісі
бет40/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84
Байланысты:
aefc7ac18e9a228b86d72ab2b0bffea3

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
64
оқыса, имамның қырағат етуі жеткілікті. Ал, оңа-
ша оқыған кезде қырағат етсін»
118
, – деп, жауап 
берген. Әрі қарай хадисті риуаят етуші кісі сөзін былай 
жалғастырады: «Сахаба Абдулла ибн Омар имамның 
артында тұрғанда қырағат етпейтін».
Жоғарыда келтірілген хадистердің барлығы имамға 
ұйыған кісі Фатиха мен қосымша сүрені оқымайтын-
дығына дәлел бола алады. 
Кей ғалымдар сахаба Әбу Һұрайра мен Айша 
(Оларға Алла разы болсын) анамыздан риуаят етілген: 
«Фатиха» сүресі оқылмаған намаз толық емес» деген 
хадиске сүйеніп, имамның артындағы жамағат та оқуы 
керек дегенді алға тартады. Алайда, аталмыш хадис оған 
дәлел бола алмайды. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) 
бұл өсиетін намазды оңаша оқитындарға қаратып айт-
қан болуы мүмкін. Бұлай деуіміздің себебі Сахаба Жә-
бірден (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз 
(с.а.у.):
و هيلع للها ىلص للها لوسر لاق لاق رباج نع ريبزلا يبأ نع رباج نع 
نسح هجام نبا هاور. ٌةَءاَرِق ُهَل ِماَمِ ْلإا ُةَءاَرِقَف ٌماَمإ ُهَل َناَك ْنَم :ملس
«Кім имамға ұйыған болса, имамның қырағат етуі 
оның да қырағаты болып есептеледі»
119
, – деген
120

118
әл-Муатта Имам Мәлік – 1/86-бет: 10-баб, 43-хадис 
119
Ибн Мажә, 376-бет/ 850-хадис; Зәуәиду Сүнән Дарақұтни, №563 хадис.
120
Имам Тахауи, Шарху Мағанил Әсәр, Имамның артында қирағат ету 
бабы. 4/89-бет.


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
65
Әнас ибн Сириннің риуаяты бойынша, Омар ибн 
Хаттаб:
ُةَءاَرِق َكيِفْكَت “ :باطخلا نب رمع لاق :لاق نيريس نب سنأ و 
فنصملا“ يف ةبيش يبأ نبا هاور .” ِماَمِ ْلإا
«Саған имамның оқуы жеткілікті», – деген. 
Бұнымен қатар, «Фатиха» оқымаған адамның 
намазы жоқ» деген хадиске Имам Ахмад ибн Ханбал: 
«Бұл хадис өз бетінше оңаша оқитындарға қатысты 
айтылған», – деп түсіндірме жасағанын қаперге салғы-
мыз келеді
121

Осы жерде ескерте кетелік, кешігіп келіп имамға 
ұйыған адам имам сәлем бергеннен кейін орнынан 
тұрып, «Фатиха» және зам (қосымша) сүрелерін оқиды. 
Өйткені, ол өз бетінше оқитындардың қатарынан сана-
лады.
121
Ибн Әби Шәйбә, «ман раххаса филь қираәтә халфәл имам», №9 хадис.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет