Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі



Pdf көрінісі
бет41/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84
Байланысты:
aefc7ac18e9a228b86d72ab2b0bffea3

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
66
«Әмин» дұғасы
Намазда тұрғанда «Фатиха» сүресінен кейін «Әмин» 
деп дұға жасау – сүннет. Ханафи мәзһабы мен Мәлики 
мәзһабында
122
бұл дұға іштей айтылады. Өйткені, 
Құранда Алла тағала: «Раббыларыңа жалбарынып, 
жасырын түрде дұға етіңдер»
123
, – дей келе жасырын 
айтылған дұғалардың абзал екенін білдіріп тұр.
ًةَيْفُخَو اًعُّر َضَت ْمُكَّبَر اوُعْدا
«Әмин» дұға болғандықтан жасырын айтылғаны 
абзал. Оның үстіне, Пайғамбарымыздан жеткен бір-
неше хадисте «Әминді» іштей айтудың абзал екендігі
білдірілген. Атап айтсақ:
Хадисші Хаким ән-Нисабури Бұхари мен Мүслімнің 
хадис қабылдау өлшемдерін (критерий) қолдана отырып 
жинақтаған «Мүстәдрак» атты хадистер жинағында 
келтірілген риуаятта Уәйілдің Пайғамбарымызбен 
(с.а.у.) бірге намаз оқығандығы айтылады.
ملس و هيلع للها ىلص يبنلا عم ىلص هنأ :هيبأ نع ،لئاو نب ةمقلع نع 
ُضِفخَي نيما لاق ”نيلاضلا لا و مهيلع بوضغملا ريغ“ :لاق نيح 
و نيخيشلا طرش ىلع حيحص ثيدح اذه :ُمِكاَحلا ُهاَوَر .”ُهَتو َص اَهِب 
هاجرخي مل
122
Абдул Уәһһаб әл-Бағдади, Әт-Тәлқин – 1/107-бет. 
123
«Ағраф» сүресі, 55-аят. 


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
67
Уәйілдің айтуы бойынша: «Пайғамбарымызбен 
бірге намаз оқығанда Пайғамбарымыз «Ғайрил мағ-
дуби ғаләйһим уәләддалин» дегеннен кейін дауысын 
бәсеңдетіп «Әмин» деген»
124

Хаким аталмыш хадис жайында: «Бұл хадис – сахих. 
Оны Бұхари мен Мүслім кітаптарында келтірмегенімен 
олардың хадис қабылдау шарттарына сай», – дейді.
Бұдан басқа, Әбу Һұрайра (р.а) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:
ُماَمِ ْلإا َلاَق اَذِإ َمَّل َس َو ِهْيَلَع للها ىَّل َص 
ِللها ُلو ُسَر َلاَق َلاَق َةَرْيَرُه يِبَأ ْنَع 
َةَكِئ َلاَمْلا َّنِإَف َنيِمآ اوُلوُقَف } َنيِّلا َّضلا َلاَو ْمِهْيَلَع ِبو ُضْغَمْلا ِرْيَغ{ 
ِةَكِئ َلاَمْلا َنيِمْأَت ُهُنيِمْأَت َقَفاَو ْنَمَف َنيِمآ ُلوُقَي َماَمِ ْلإا َّنِإَو َنيِمآ ُلوُقَت 
ِهِبْنَذ ْنِم َمَّدَقَت اَم ُهَل َرِفُغ
«Имам «ғайрил мағдуби ғаләйһим уәләддаллин» деген 
кезде сендер де «Әмин» деңдер. Себебі, періштелер 
«Әмин» дейді, имам да «Әмин» дейді. «Әминді» айтқан 
кісінің бұл дұғасы періштелердің «Әмин» деп, айтқан 
сәтіне дәл келсе, оның өткен күнәлары кешіріледі»
125

Хадистің дәрежесі – сахих.
Ханафи ғалымдары бұл хадистегі имамның да «әмин» 
124
әл-Хаким ән-Нисабури Мүстәдрак – 2-том/253-бет, (42) 2913 
хадис;Тирмизи, Сыффатус салә, №248 хадис түсіндірмесі. Тирмизи 
бұны зайыф дегеннен гөрі хасанға жақын деген. Сондай-ақ, Мұхаддис 
әл-Хаким де бұл хадисті «Сахих» деген. (Зайлағи, Насбур Риуая – 1/370-
бет.) 
125
Нәсәи, әс-Сүнәнүл-күбра – 2/ 479-бет, №1001 хадис. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет