Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі



Pdf көрінісі
бет69/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   84
Байланысты:
aefc7ac18e9a228b86d72ab2b0bffea3

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
109
мылдарының бәрі жинақылыққа негізделген
217

Ханбали мәзхабында да дәл солай. Ибн Құдама «әл-
Муғни» атты еңбегінде әйелдің намазындағы ерекшелік 
жайында былай дейді: «Намаздағы ер кісілерге қатыс-
ты үкімдер негізінде, әйелдерге де қатысты. Бірақ, 
әйел баласы рүкүғта, сәждеде өзін жинақы ұстайды. 
Ал, отырыста малдас құрып (мүтәраббиға) немесе 
сол жағына қарай жамбастай отырады»
218
. 
Шафиғи мәзһабында әйелдің намаз қимылдарында 
төрт жерде өзгешелік бар:
1. Рүкүғта бір тізесін екінші тізесіне, бір аяғын 
екінші аяғына тигізе тақайды. Сәждеде де екі тізесі мен 
екі аяғының арасын ажыратпайды. Қарны санына тиіп 
тұрғаны жөн. 
2. Еркектер жария оқитын намазды жария, іштей 
оқитын намаздарды іштей оқиды. Әйелдер бөгде 
еркектердің жанында намаз оқитын болса, дауыстары 
естілмейтіндей бәсең оқиды.
3. Намаздарына кедергі келтіретін қандай да бір 
жағдай туғанда ер кісілер «субханналлаһ» десе, әйел 
адам оң қолының алақанымен сол қолының сыртынан 
шапалақ ұрады.
4. Намазда ерлердің ең аз әурет жері саналатын 
кіндік пен тізе арасы, ал, әйелдердің қолы мен бет-
217
У.Зухайли, Маусуғатул фиқһиль Исләми – 1/769-бет. 
218
Ибн Құдама, әл-Мұғни: әл-фарқ бәйнар ражули уәл мар’әти фис сала, 
1/599-бет.


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
110
жүзінен өзге жерлері бүркеулі болуы тиіс
219

«Әссунәнуль Кубра» атты хадис жинағының авторы 
Шафиғи мәзһабының белді мүшесі, хадисші әл-Байһақи 
әйелдің қимылы жайында былай дейді: 
«Әйелдің намаздағы қимылдарындағы өзгешілік 
жинақылыққа негізделген. Әйел кісі намазда 
жинақылыққа ең жақын қимылды орындауға 
бұйырылды»
220
– дейді .
Ендеше, әйел кісінің намаздағы қимылының жина-
қылыққа негізделетіндігі бүкіл мәзһаб ғалымдары
тарапынан мақұлданған екен.
Ханафи мәзһабы бойынша әйелдің намаз 
қимылындағы ерекшеліктер төмендегідей: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет