Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі 1 ДӘлел-дәйектерімен намаз оқУ Үлгісі


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі



Pdf көрінісі
бет77/84
Дата28.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35811
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   84
Байланысты:
aefc7ac18e9a228b86d72ab2b0bffea3

Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
121
ханафи ғалымы ибн Ъабидин «Раддул-мұхтарда» 
былай дейді: «Зікірлердің парыз намаздың артынан 
айтылатындығына байланысты жеткен хадистер 
олардың сүннет намазынан бұрын емес, керісінше соңғы 
сүннеттен кейін орындалатындығын білдіреді. Себебі, 
сүннет намаздар парыз намаздың ажырамас бір бөлігі 
һәм толықтырушысы. Сондықтан, парыз намаздың 
соңғы сүннетінен кейін орындалған зікір, дұғалар да 
парыз намазынан кейін орындалған болып саналады»
242
.
Сонымен қатар, ханафи ғалымдары ізгі амалдардың 
артынан айтылатын дұға-тілектерің қабыл болу 
мүмкіндігінің жоғары екенін ескере отырып, парыз 
намазды соңғы сүннетімен бірге орындағаннан кейін 
барып қана дұға-тілектің айтылғанын құп көрген. 
Себебі, парыз бен соңғы сүннет қоса атқарылғанда 
олардың маңызы арта түседі.
Байқағанымыздай, зікір мен дұғаны намаздың соңғы 
сүннетінен кейін айтуға қатысты ханафи мәзһабының 
қай жағынан алып қарасаң да иландыратын өз дәлелі
болғандықтан оған «бидғат», деп, немесе «сүннетке 
қатысты нақты дәлелі жоқ», деп, асығыс «пәтуа» беру, 
әсте, дұрыс емес. Төрт мәзһабтың бірін ұстанатындар, 
әдетте, бір-біріне әрдайым құрметпен қараған. Әр 
мәзһабтың өзіндік шариғи көзқарасы мен дәлелі 
болғандықтан, бір-біріне түсінікпен қараған.
242
Ибн Ъабидин Мұхаммед Амин ибн Омар, Хашияту ибн Ъабидин 
раддул-мұхтар ъала дуррул-мұхтар, 3-том, 424-бет. «Дарус-сақафати уат-
турас» баспасы, Сирия, Дамаск, 2000 ж. 


Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
122
Алайда, бүгінгі таңда «мәзһаб ұстанбаймын», деп, 
өздерін сәләфи деп атап жүргендер осындай ұсақ 
мәселелерді қайта-қайта қазбалап, жамағат арасына 
іріткі салып жүр. Олар өздерінің тиіп-қашып оқыған 
немесе жарым-жартылай естіген жартыкеш пайымын 
асыл дініміздің нақ өзі, өзегі деп, жансақ ұғады. 
Тар түсініктерін өзгелерге танып, басқаша түсінуге 
болмайтын Құранның анық аяты немесе Алла елшісінің 
нақты сүннеті, деп, біледі. Міне, сондықтан, олар 
өздерінен өзгеше ойлайтындардың бәрін бидғатшы 
көріп, оларға ту сыртын беретінін несіне жасырайық. 
Шын мәнінде, олар діннің қыр-сырына қатысты түрлі 
көзқарастың болатындығын қабылдамау арқылы 
өздерінің нағыз бидғатшыға айналғандарын өздері де 
сезбей қалады. 
Бүгінде мешіттерімізде имамның жетекшілігімен 
намаз соңында тәспі тартылып, жамағатпен бірге дұға 
жасалады. Мұндағы мақсат – намаздан кейінгі зікір-
дұғаларды әлі дұрыс біле бермейтін кейбір жандарға 
үйрету. Сондай-ақ, Алла елшісінің намаз соңындағы 
зікір, дұғаларға қатысты маңызды сүннетін орындауға 
аса мән бермей, елеусіз қалдыратындардың да қарасы 
көп екенін айта кету керек. Сондықтан, имам дауыстап 
тәспі тартуды өзі бастап, жамағаттың маңызды сүннетті 
орындауына ықпал етіп жүр.
Кейбіреулер жамағатпен зікір тартып, дұға етуді 
«бидғат» деп ойлауы мүмкін. Алайда, дінімізде бұған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет