Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
107
«Қурратуль ғайнайн» атты еңбегінде келтірілген Әбу
Усманның риуаятын ұсынуға болады. Ол былай дейді:
«Әзірет Омар «Құныт» дұғасында қолын көтеретін
(тәкбір алатын)»
215
Дұға ретінде «Аллаһумм иннә настағинукә»
дұғасы оқылады. Бұл дұғаны білмейтін кісі «Рәббәна
атина» дұғасын немесе «Аллаһуммағфирли» деп,
іштей үш рет айтса, Құныт дұғасының орнына
жүреді
216
.
215
Имам Бұхари, Қурратул ғайнайн – №95 хадис
216
Ибн Ғабидин, әл-Һадиятул Аләия – 95 бет.
Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
108
Әйелдердің намаз оқу ерекшеліктері
Әйел баласы мен ер кісілердің намаздарында
өзгешеліктер бар.
Атап айтсақ, әйелдер ер кісілер
сияқты азан шақырып, қамат түсірмейді. Бет-жүзі мен
білезігіне дейін қолы ашық, ал
қалған жерлері жабық
болады. Әйел адам үшін мешіттен гөрі үйінде намаз
оқығаны абзал т.б. осы сияқты әйелдердің намаздағы
қимылдары олардың жаратылысы мен табиғатына сай
діни үкімдермен үйлесім табатынын айта кету керек.
Әйелдердің киімі ашылып қалмасы үшін әрі
дене мүшелері
киім сыртынан сыртқа теуіп, көзге
оттай басылып, өзгелердің назарын аудармауы үшін
намаздағы іс-әрекеттерінің барынша жинақы болуы
басты назарға алынған. Мысалы,
тәкбірде қолды
құлақ тұсына дейін көтергенде жеңі сырғып төмен
түсетіндіктен білектерінің ашылып қалу қаупі бар.
Сондықтан, олар қолдарын көкірек тұсына көтереді.
Сонымен қатар, қолдарын көкіректеріне байлау арқылы
да омырауларын қосымша көлегейлеген болады.
Ендеше, ардақты Алла елшісінің (с.а.у.) «Менің намаз
оқығанымдай намаз оқыңдар» деген хадисін негізге
алып, әйелдер де дәл еркектер
тәрізді намаз оқулары
керек деп үстірт ұқпауымыз керек.
Исламдағы төрт мәзхаб ғалымдарының берген
пәтуасы бойынша әйел баласының намаздағы қимыл-
дары еркектер сияқты еркін емес, жинақы болуы керек.
Мәселен, Мәлики мәзһабында
әйелдің намаздағы қи-