Салаларының бірі ауыл шаруашылығы


Лигулез – лигулез; балықтың паразит ауруы. Лизаты



Pdf көрінісі
бет109/240
Дата03.06.2022
өлшемі1,04 Mb.
#36248
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   240
Лигулез – лигулез; балықтың паразит ауруы.
Лизаты (гистолизаты) – лизаттар (гистолизаттар); 
ұлпаларды ыдырату арқылы алынған дәрілер.
Лизис (грек. lysіs – еру, ыдырау) – лизис, еру. 
Лизис микробов – микробтардың еруі. 
Лизис эритроцитов – эритроциттердің еруі (гемолиз).
Лизогения – лизогения; бактериофагтың бактерия жа-
зушасында білінбей ұзақ мерзім сақталуы.
Лизосома (lysosomae; грек. lysіs – еру, ыдырау; soma — дене) 
–лизосома, еріткіш денешік; липопротеидті жарғақпен 
(мембранамен) шектелген, құрамында 60—қа жуық 


133
гидролитикалық ферменттер (протеиназа, нуклеаза, 
глюкозидаза, фосфатаза және т.б.) болатын, пішіні шар 
тәрізді жасуша цитоплазмасындағы органелла. 
Лизоцим – лизоцим; микробтарды ерітетін организмдегі 
қорғаныш зат.
Лизуха – жемір; минеральды заттар мен витаминдердің 
организмде жетіспеуінен малдың жеуге жарамсыз 
заттарды жалауы, шайнауы, жеуі.
Ликвидация – жою, құрту; 
Ликвидация инфекционной болезни – жұқпалы ауруды 
жою.
Ликвор – ликвор; жұлын—ми сұйығы.
Лимфа – лимфа; лимфоциттер мен лимфоплазмадан 
құралған түссіз сұйық ұлпа. 
Лимфаденит – лимфаденит; лимфа түйінінің қабынуы.
Лимфангиома – лимфангиома; лимфа тамырына ұқсас 
ісік.
Лимфангит – лимфангит; лимфа тамырының қабынуы.
Лимфатическая система – лимфа жүйесі; лимфа 
түйіндері мен лимфа тамырларының біртұтас жүйесі.
Лимфатические синусы – лимфа қойнаулары; лим-
фа түйіндеріндегі лимфа ағатын қойнаулар (шеткі, 
аралық және орталық қойнаулар).
Лимфатические сосуды – лимфа тамырлары (лимфа ка-
пиллярлары, әкелгіш және әкеткіш лимфа тамырла-
ры, ірі лимфа өзектері).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет