251
Фейлдса среда – Фейлдс ортасы; гемоглобинге әуес
бактерияларға арналған қоректік орта.
Фактор – фактор; болып жатқан жағдайдың себепкері.
Факторы передачи возбудителя инфекции – жұқпалы
ауру қоздырғышының берілу факторлары.
Факторы распространения – таралу
факторлары;
дәнекер ұлпасының өткізгіштік қасиетін күшейтетін
агенттер (Дюран—Рейнальс факторы).
Факторы роста микробов – микробтардың өсу факторлары.
Факультативный – факультативтік, шартты емес.
Факультет ветеринарный – ветеринарлық (мал
дәрігерлік) факультет.
Фаланги – бақай (тырнақ) сүйектерінің бунақтары
(тұяқты жануарлар бақайларында – тұсамыс, топай,
тұяқ бунақтары болады).
Фалька метод – Фальк әдісі; биогендік аминдерді (адре-
налин,
норадреналин, серотонин, катехоламин т.б.)
гистохимиялық жолмен анықтау әдісі.
Фальсификация продуктов — өнімдерді алдамсыра-
ту; тамақ өнімдерін бір—бірімен
ауыстыру, табиғи
өнімдерге қосу.
Фантом – фантом;
аналық мал денесінің жыныс
мүшелері орналасқан бөлігінің муляжы.
Фарадизация – фарадилеу; төменгі жиілікті айнымалы
электр тогымен емдеу.
Фарингит – фарингит;
жұтқыншақ кілегейлі
қабығының қабынуы.
Фарингоскопия – фарингоскопия; жұтқыншақ қуысын
көру.
Фармакогнозия (грек. pharmakognosіa; pharmakon —
дәрі, gnosіs — білім)
– фармокогнозия;
өсімдіктер
мен жануарлардан алынатын дәрілік шикізаттар ту-
ралы ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: