Салаларының бірі ауыл шаруашылығы



Pdf көрінісі
бет53/240
Дата03.06.2022
өлшемі1,04 Mb.
#36248
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   240
Гетерогенный (грек. heteros — өзге, бөгде) – бөгделілік.
Гетерозигота (heterozygotum; грек. heteros — басқа, 
бөгде, өзге; zygotos — қосылу) – гетерозиго-
та; генотиптің (тұқым қуалаушылық материалы 
жиынтығының) гомологиялық хромосомаларында 
гендердің түрлі формалары (аллелдері) болатын зи-
гота (ұрықтанған біржасушалы организм) немесе ор-
ганизм.
Гетерозис (грек. heteroіosіs — өзгеріс, түрөзгеру) – 
тіршілік жағдайы мен ұрықтылығы (төлдегіштігі — 


65
жануарларда), өнімділігі және т.б. белгілері жағынан 
өздерінің ат-енелерімен салыстырғанда әлдеқайда 
басым болатын будандардың бірінші ұрпағына тән 
қасиет.
Гетеротермные животные – гетеротермді (жылы қанды) 
жануарлар.
Гетеротрофные организмы – гетеротрофты организм-
дер; даяр органикалық заттармен қоректенетін орга-
низмдер.
Гетерохроматин (heterochromatіnum; грек. heteros — 
басқа, өзге, бөгде; chroma — хромосомалар заты) — 
гетерохроматин; хроматиндер жинақталып, тығыз 
орналасқан хромосомалардың түзіліс процестеріне 
енжарлы (белсенді емес) бөліктері. Хроматиндер де-
зоксирибонуклеин қышқылдары (ДНҚ) мен гистон-
дардан (негіздік нәруыздардан) тұрады.
Гиалиновый (грек. hyalіnos — мөлдір, шыны тәрізді) 
– гиалинді; шыны тәрізді мөлдір, көрінетін 
құрылымдар болмайтын зат (гиалинді шеміршек – 
жасушааралық заты біркелкі мөлдір шеміршек).
Гиалиноз – гиалиноз; нәруыздың дистрофия түрі.
Гиалоплазма (грек. hyalіnos — мөлдір, шыны тәрізді; 
plasmos — плазма) – гиалоплазма; жануарлар жасу-
шалары цитоплазмасының органеллалар (тұрақты 
кездесетін құрылымдар – жасушаның тым ұсақ 
мүшелері) мен қосындылар (тұрақсыз құрылымдар) 
орналасатын біркелкі қоймалжың заты, жасуша 
цитоплазмасының негізгі заты.
Гиалуронидаза – гиалуронидаза; гиалурон қышқылы 
гидролизін катализдейтін фермент (сперматозоид 
акросомасында, жылан мен ара уларында, ауру ту-
дырушы бактериялар қабықшаларында болады). Ги-
алуронидаза жануарлар ұлпаларының өткізгіштік 
қасиетін күшейтіп, түрлі белсенді заттардың 
ұлпаларға енуіне мүмкіндік тудырады. Ол ветерина-
рияда кеңінен қолданылады. 


66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет