Салаларының бірі ауыл шаруашылығы



Pdf көрінісі
бет93/240
Дата03.06.2022
өлшемі1,04 Mb.
#36248
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   240
Калий едкий – күйдіргіш калий.
Калия бромид – бромды калий.
Калия перманганат – калий перманганаты, 
антисептикалық зат.
Каломель – каломел, хлорлы сынап (дәрі).
Калорийность – калориялық, құнарлылық .
Калорийность кормов – азықтың құнарлылығы.
Калория – калория, жылу өлшемі.
Кальций хлористый – хлорлы кальций.
Кальцинированная сода кальцийленген сода, натрий 
карбонаты.
Кальцитонин 
(лат. calcіtonіum) – кальцитонин; 
құрамында йод болмайтын, қандағы кальцийдің 


115
сүйекке өтуіне ықпал етіп, оның қандағы деңгейін 
төмендететін, қалқанша бездің (К — жасушалары 
бөледі) нәруыздық гормоны.
Каменистая кость (os petrosum; лат. os — сүйек, 
petrosum — қатты, тастай) – тастай сүйек, қатты 
сүйек; бассүйектің самай сүйегі тастық бөлігін 
құрайтын сүйек (ішкі құлақ қаңқасы).
Камера – камера, бөлім.
Камера счетная Горяева – Горяевтің санау кемерасы 
(қан жасушаларын санау үшін пайдаланады).
Кампилобактериоз – кампилобактериоз (вибриоз); қой 
мен сырдың жұқпалы ауруы.
Камфора – камфора (дәрі).
Камфорное масло – камфора майы.
Камфорный спирт – камфора спирті.
Кандидамикоз 
– кандидамикоз; құстың 
саңырауқұлақтар қоздыратын жұқпалы ауруы.
Капилляры (vasa capіllarіa; лат. vas, vasіs — тамыр, 
capіllus – қыл) – капиллярлар, қылтамырлар; 
қабырғалары бірқабат жұқа эндотелиоциттерден 
тұратын ең жіңішке қан және лимфа тамырлары.
Кардиальные железы (glandula cardіace, лат. glandula 
– без; грек. cardіa – жүрек, жүрекке жақын) – 
кардиальді бездер; қарынның өңеш тесігі тұсына 
жақын жатқан безді аймағы кілегейлі қабығында 
орналасқан, секрет бөлетін бөлімдері тарамдалған, 
қысқа өзекті қарапайым түтікше бездер.
Кардиомиоциты (cardіamyocіtі; грек. mys – бұлшықет, 
kytos – жасуша, kardіa – жүрек) – жүрекет жасу-
шалары; жүректің бұлшықет қабығын (миокардты) 
құрайтын жасушалар.
Кариолемма (грек. karyon – ядро, lemma — қабықша) – 
кариолемма, ядро қабықшасы; цитоплазмадан бөліп 
тұратын жасуша ядросының сыртқы қабықшасы.
Кариология – кариология; жасуша ядросының құры-
лысы мен қызметін зерттейтін цитология бөлімі.


116


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет