350
2 модель: бір сыныпта әртүрлі оқу пәндерін тереңдетілген деңгейде
оқитын оқушыларды жинақтау
(топ құрамында кемінде 10 оқушы).
Қазіргі уақытта дарынды және жоғары мотивациялы балалармен жұмыс
жасаудың маңыздылығы мен қажеттілігі ешкімге күмән келтірмейді.
Дарынды балаларды анықтау мен дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар
жасау,
олардың
әлеуетті
мүмкіндіктерін
іске
асыру
Қазақстан
Республикасының басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Таңдау бойынша курстар, элективті курстар бейін алды даярлық және
бейіндік оқыту жүйесінде маңызды рөл атқарады және негізгі, жалпы орта білім
беру деңгейінде оқу процесінің вариативті жүйесінің ажырамас бөлігі болып
табылады. Мамандандырылған білім беру ұйымдары таңдау бойынша
курстарды, элективті курстарды оқушылар мен олардың ата – аналарының
таңдауына сәйкес анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: